Даниялов Нұрбек

Рейтинг:

«ЗАМАНЫМА САЙ ЗАҢҒАР ТҰЛҒА БОЛАМЫН»
 
      Есеп шығарудың өзіндік жолын тауып, компьютердің тілін толық түсініп, еркін меңгеріп, көшбасшылық қабілеті бойында найзағайдай жарқылдап тұрған қабілетті жас Даниялов Нұрбек Нұрланұлы 2012 жылдың 1 маусымында байлығы мол, берекелі өңір Алматы қаласында дүниеге келді. Биік болмысты, парасатты әкесі Бекшоинов Нұрлан Даниялұлы адалдықты ұстанып, адамгершілікке баулып келеді. Алтын жүректі анасы Утегенова Сауле Кадырханқызы баласының тілеуін тілеп, шаңырақтың берекесін кіргізіп отырған аяулы ана. Отбасының тәлімді тәрбиесі №113 балабақшада, орыс тобында жалғасын тапты. Балабақша қабырғасында Мәнерлеп оқудан қазақ тілінде өткен сайысқа қатысып, жүлделі ІІІ орынды иемденді. Білімге құмар, жаңаны үйренуге жақын алғыр балақай 6 жасында «Жаңа Ғасыр» №175 гимназияның шәкірті атанды. Қазақ мектебінде оқып жүріп, біраз қиындықтар туындағаны рас. Нұрбектің қазақ тілін толық меңгеріп кетуіне өз септігін тигізген ұстазы Сарколова Жанар Салымбаевна. Алғыр, зерделі шәкірт Нұрбек – сыныпішілік, мектепішілік өткізілген сайыстар мен пән олимпиадалардың жеңімпазы, 2 «А» сыныбының оқушысы. Мінезі ашық, елгезек, досқа адал оқушы – сынып мақтанышы. Сабақтан тыс уақыттары үй шаруасына да көмектесіп, ата-анасының көз қуанышына айналып үлгерді. Өнерге жақын өрелі өрен Сәкен Майғазиевтің мектебінде вокалдан сабақ алып жүр. Заман талабына сай ағылшын тілін үйреніп, математика үйірмесіне де тұрақты түрде қатысуда. Жан-жақты жетіліп келе жатқан ұлағатты ұлан өз бетінше ізденіп, білімін жетілдіріп отыруды мақсат еткен шәкірттердің қатарында. Ана тілін жетік меңгеріп, енді өзге тілдерді меңгеруді жоспарлаған. Руханиятқа жақын өнер өз өнерімен дараланып жүрген қабілетті жас.
      Жетістігі: Нұрбек Нұрланұлы – 1-сыныпты «өте жақсы» оқығаны үшін Мақтау қағазымен марапатталған білімпаз шәкірт, оқу үздігі. Балабақша қабырғасында «Елін сүйген, Елі сүйген Елбасы» атты Мәнерлеп оқу сайысының Грамота иегері. Республикалық «Өнерпаз болсаң...!» атты телебайқауға ән-би, аспапта ойнау номинациялары бойынша қатысып, үздік өнер көрсеткені үшін І орын жеңімпазы атанып, Диплом иемденеді.  2018-2019 оқу жылында «Дарабоз»  өнер мен білім байқауының «Эстрадалық вокал» жанры бойынша ІІ орын алып, Диплом иегері атанды. 2019 жылы «Елім деп соғар жүрегім» ІІІ Республикалық байқауының І орын жеңімпазы. 2020 жылы «Нұрлы болашақ» Республикалық қашықтық олимпиадасынан   Математика пәні бойынша І орын алып, І дәрежелі Дипломмен марапатталады. Сонымен қатар «Аналар мәңгі жасасын!»  Х Республикалық байқауына қатысып, өнерімен көпшілікті тәнті еткен өнерпаз жүлделі ІІІ оын үшін Диплом иемденіп, мерейі үстем болды.
      Сүйікті ісі: Ғаламтор арқылы қажетті ақпараттарды зерделеу, ән айту, музыка тыңдау, отбасымен бірге болу, табиғат аясында тынығу.
      Арманы: Жоғары білім алу, қазақтай халықтың мақтанышына айналу, ел дамуына өз үлесін қосу, танымал тұлға болу.

Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости