Болат Жанали мен Болат Кәусар

Рейтинг:

«КЕМЕЛ БІЛІММЕН КЕЛЕШЕККЕ»

      Қоршаған тылсым дүниені тану, білімге талпыну – әрбір адамзат баласының алдына қойған мақсаты. Ұғына білген жан үшін оқу-білім – жанған шырақ. Заманауи уақытқа  сай бір қадам алға жылжып отыру – заман талабы. Отбасында алған тәлімді тәрбиесімен  саналы азамат болып қалыптасу жолында еңбектеніп жүрген Болат Жанали мен Кәусар да егемен елдің білімді жастарына тән кемел біліммен болашаққа қадам басып барады. Болат Жанали мен қарындасы Кәусар –  Алматы қаласындағы №157 КММ үздік шәкірттері. Оқу-білімсіз өнер де жоқ. Оқу мен білім – әрбір жастың  жарқын өмірінің кепілі. Оқуға ден қойған озат шәкірттер мектеп қабырғасында білім ала жүріп, дарыны мен зеректігін додалы байқауларда көрсете білді. Бар білімнің бастауы – бастауыш, себебі  алғашқы білім негізі бастауышта қаланады. Жаналидің сынып жетекшісі Сағынбек Айназым Талғатқызы, Кәусардың сынып жетекшісі Тұрлықожаева Салтанат Таңжарыққызы да дарынды шәкірттерінің білімге деген құштарлығын арттырып, сапалы білім алу жолында тәрбиелеп келеді. Бастауыш сыныбының  озат шәкірті жетістіктерінің  бастамасына негіз салып, сан алуан марапатқа ие болды. 
      БОЛАТ ЖАНАЛИ ЖЕТІСТІГІ: «Үздік оқығаны үшін» Мақтау қағаздары (2015-2018 жылдар аралығы);  «Білім – ел қазынасы, халқымыздың білімділігі – ел байлығы» атты конкурста «Қылқалам шебері» номинациясы; ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының «Ақ бота» интеллектуалдық марафонының  І дәрежелі  жеңімпазы; Математика пәнінен 3-сыныптар арасында мектепішілік олимпиадада І орын иегері; «Жаңартылған білім беру мазмұны – ұстаз келбетінің жаңарту айнасы» атты конкурста «Жақсыдан үйрен» номинациясы иегері; «жырлайды жүрек» М.Мақатаев атындағы ХІІ Халықаралық ән-жыр байқауының «Көркем сөз» номинациясы бойынша І дәрежелі Диплом жеңімпазы атанған.
      БОЛАТ КӘУСАР ЖЕТІСТІГІ:  Дарынды шәкірт Кәусар білікті ұстазы Құнафина Сәулет Жанарбекқызының жетекшілігімен зияткерлік-шығармашылық байқауларда шыңдалып жүр. Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен «Майя және оның достары» атты жас таланттар байқауының І дәрежелі Диплом жеңімпазы; Осы байқаудың   «Үздік қазақша ребустар» байқауының ІІ дәрежелі Диплом жүлдегері; «TALAPTYLAR.KZ» үздіксіз даму орталығының қолдауымен ұйымдастырылған Республикалық байқауда «Сиқырлы суреттер» байқауында «Үздік» деп танылып, арнайы Диплом иегері;  Республикалық «Жас суретші» атты шығармашылық байқауында «Үздік» деп танылып, ІІІ орын Диплом марапаты; «Жаңартылған білім беру мазмұны – ұстаз келбетінің жаңару айнасы» атты бастауыш сыныптар онкүндігінде «Жақсыдан үйрен» байқауында үздік қолөнер жұмысы үшін Мадақтама иесі атанды. 
      Сүйікті ісі: Кітап оқу, достарымен табиғат аясында серуендеу. Отбасымен бірге демалу.
      Арманы: Тәуелсіз Қазақ Елінің ғылымы мен экономикасына өз үлесін қосып, білікті кәсіби маман атану.





 
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости