Бисенов Бейбарыс

Рейтинг:

«ЕЛ МАҚТАҒАН АБЫРОЙЛЫ АЗАМАТ БОЛУ – ПАРЫЗЫМ»
 
      «Сегіз қырлы, бір сырлы жігіт» болуды қалайтын талапшыл ұл Бейбарыс Бисенұлы Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында өнегелі отбасында 2006 жылы 10 маусымда өмір есігін ашқан. Отбасының тірегі мен қорғаны, сөзіне ісі сай әкесі Қабылов Бисен Изтурганұлы жүргізуші болып жұмыс жасайды.  Күн шуағындай мейірімді, ақылына ажары сай анасы Рзаева Раиса Жеткізгенқызы – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі, білікті маман, ұлағатты ұстаз. «Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу» деген ұстанымдағы ата-анасы Бейбарыстың білімді, білікті азамат болып қалыптасуына барлық жағдайды жасап, перзентінің бойына асыл қасиеттерді дарытып келеді.  Отбасының тұңғышы, әпкесі Бисенова Назерке Бисенқызы – ағылшын тілінен аудармашы. Сүйкімді қарындасы: Лағыл-Бегім №29 Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектептің 6 «Г» сынып оқушысы, інісі Бекнұр – 2 «Б» сынып оқушысы. Алғыр, жігерлі балдырған Бейбарыс Ақтау қаласындағы №44 балабақшаға барып, дүнетанымын кеңейтті. Ұл бала үшін спорттың орны айрықша. Дене бітімінің сымбаты мен салауатты өмір салтын ұстанудың  маңызын түсінетін кез-келген ер бала спорт клубының есігін ашады. Бейбарыс Бисенұлы да спортқа біртабан жақын. 1-6 сыныпта №16 С.Мұқашев атындағы орта мектепте білім алып, 7 сыныптан бастап №29 Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектептің 8 «В» сыныбында оқиды. Ұлағатты ұлан өзіндік көзқарасы, пікірі, жаңашыл ойы арқылы ерекшеленеді. Білім мен спорттық додаларда, өнер сайыстарында  оза шауып, жан-жақты қырымен де дараланып жүр. Каратэ-до Кёкушинкай спорты бойынша түрлі жарыстардан жүлделі орындар алып жүрген жас дарынның білікті бапкері Бижан Асылбек Маркабайұлы –  ҚР спорт шебері, Қара белбеу, ІІІ Дан иегері, жоғары санатты жаттықтырушы, педагог зерттеуші. Шәкіртінің үлкен жетістіктерге жететіне сенімді.
      Жетістігі: Каратэ-до Кёкушинкайдан: 01.12.2014 жылы «ҚР-ның Тұңғыш Президенті» күніне арналған облыстық Ашық біріншілігінде II дәрежелі Диплом, 09.05.2015 жылы Қалалық ашық турнирде I дәрежелі Диплом иегері атанған. 21.02.2016 жылы облыс біріншілігінде Каратэ-до Кёкушинкай Федерациясы атынан II дәрежелі Диплом, 10.05.2016 жылы Халықаралық ашық турнирде III дәрежелі диплом және 18.12.2016 жылы «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» арналған Каратэ-додан облыс чемпионатында III дәрежелі Диплом иемденіп, мерейі үстем болды.
Руханият әлеміне жақын өнерпаз Бейбарыс Бисенұлы 30.10.2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында «Розы Казахстана» атты Халықаралық шығармашылық жобаға қатысып,  Болгарияда өтетін фестивальға жолдама жеңіп алды. 2018 жылы өнерлі өрен Алғыс хат «Шадвал» би ансамблі жетекшілерінен Алғыс хат алып, жетістік биігінен көрінді. Жетекшілері Мустафаев Алик Магомедович пен Зиятова Зейнаб Фахраддиновнаға айтар алғысы шексіз.
      Сүйікті  ісі:  Ғылыми-фантастикалық фильмдерді, тележобаларды көру, спортпен шұғылдану, саяхатқа шығу, би өнерімен айналысу.
      Арманы: Өмірдің бір кірпіші болып қаланып, халқына қалаулы, еліне елеулі азамат атану.  Жоғары білімді дәрігер-стомотолог болып, көпшіліктің алғысын алу.




Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости