ҰЛЫЛАРДЫҢ КІНДІК ҚАНЫ ТАМҒАН ҚАСИЕТТІ МЕКЕН
«Өнер қуып ой түзе, жұмыс қылып бой түзе» көркем сөздің ұғынатын жастар алдына қойған армандарын мақсаттарына айналдырып, білім дейтін жүйрік боз жорғаны тебініп, додаларда жеңіспен оралып келеді. Ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқып, көпшіліктің назарын өзіне еріксіз бұратын күміс көмей, ақынжанды, өнердің таусылмас азығын кішкентайынан жанына серік еткен Гүлім Жармұханбетқызы 2007 жылы наурыздың 20 жұлдызында Алматы облысы Ескелді ауданы Алдабергенов ауылында дүниеге келді.
Үш жасында ауылдағы тәрбие орталығында тәрбие алып, қоғамдық іс-шараларға белсене араласып, жақсы менен жаманды айыра білді. Қолына қылқаламын алып сурет салумен қатар, өмірі өлеңмен өрілген ақынжанды қыз. Көп адам жүрексіне бермейтін өнердің есігін ашып, жазу саласында, шығармашылық салада еңбек сіңіріп, өз қолтаңбасын қалдыруды көздеген талантты қыз Гүлім «Қарлығаш» балабақшасынан үлгілі тәрбиенің мөлдір бұлағына қанып өсті. Көңілі қалаған пендесіне бақ пен өнерді үйіп-төгіп бере салатын табиғаттың жомарттығы бар емес пе?! Бұл жағынан келгенде Гүлімнің жолы болды десек те болады. Балабақшада жүргенде-ақ өткізілген қоғамдық іс-шараларға жиі қатысып, тәрбиешілердің ерекше қошеметіне ие болған дарынды жас, мектеп табалдырығын аттауы мұң екен, жүрегі жалын, жанары от, қабілетті де талантты Гүлімді биіктен биікке көтере берді. 2013 жылы М.Байысов атындағы мектептің табалдырығын аттаған бүлдіршін, бүгінде аталған білім ордасының беделді шәкірті.
Аламанда топ жарар тұлпарды аяқ алысынан танитын білікті де білімді ұстаздар Гүлімнің қадамын нық етіп, қаламын ұштап, талантына шабыт беріп білім теңізінде бағыт-бағдар беріп келеді. Қаламының желі бар жас өрен әкесі Тастанов Жармұханбетден адалдық пен имандылықты үйреніп, ізгі істерін үлгі етіп келе жатырса, бесікті тербеткен қолымен «Айналайын» деп шашынан сипағанда аналық лебізі жүректі елжіретіп жіберетін анасы Оспанова Күмісжаннан еңбекқорлықты, мейірімділікті бойына сіңіріп келеді. «Тәрбие отбасынан басталады» демекші, көпті көрген ата-анасы Гүлімнің тәрбиесіне баса назар аударады. Білімді болумен қатар, иманжүзді қыз болуға тәрбиелеп, еңбексүйгіштікке баулып келеді. Міне, осындай тәрбие көрген өрен өнерге де етене жақын. Бір сыныптың бетке ұстар оқушысы ғана емес, бір әулеттің шамшырағы бола білген Гүлімнің Асхат, Нұрым есімді ағалары мен Назым жеңгесі бар.
Сабақтан қолы босаса тоқыма тоқудың қыр-сырын үйреніп, үй тұрмысына қажетті заттарды қолдан жасауды меңгеріп келеді. Қолөнердің тұрмыста пайдалы екеніне көзі жеткен Гүлім өзін қызықтырған осы істен еш жалыққан емес. Өнер мен білімді қатар алып жүрген шәкірт спортта да құр алақан емес. Үстел теннисіне 5 сыныптан бері қатысып келеді. Ауыл, аудан көлеміндегі өткізілген спорттық жарыстардан алған жүлделері де баршылық. Заман талабына сай үші тілді еркін меңгерген, еркін сөйлеп, ойын ашық жеткізе алады.
Гүлім өзінің өскен ауылының тарихын зерттеп, зерделеп келе жатырған өскелең ұрпақтың бірі. «Ауылым – отаным, мақтанышым!» тақырыбында ғылыми-зерттеу жобасын жасап, рухани дүниесін кеңітіп келеді. Ескелді би, Балпық би, Бақтыбай секілді текті де тұғырлы адамдар шыққан киелі де қасиетті ауыл тарихын зерттеуде. Табиғаты тамылжып тұрған, тасын түртсең тарихы сөйлейтін, 20 батырдың кіндік қаны тамып, табаны тиген, әлі талай тарихты құпиялап жатырған ауылда дүниеге келгеніне мақтан тұтады.
Жұдырықтай жүрегінде бұлқынып жатырған нәзік жүрегінің үні, жазба болып қағаз бетіне түсіп, оқырман жүрегіне жетіп жатырған өнерлі ұлан. Көмейінде күміс сөздер күмбірлеп, қаламы қағаз бетіне алтын әріптер түсіретін Гүлім бүгінде сыныптастарының алды, дарынды оқушы. Ұлы арманның кілті білім мен еңбекте жатқанын түйсігімен ұғынып, түсінген оқушы мектепішілік пәндер мен білім сайыстарына үзбей қатысып келеді. Білек сыбанып барған сайыстарынан жүлдесіз қайтып көрген емес. Сыныбын алға сүйреген үздік оқушы десек артық айтқандығымыз емес.
Бала арманының орындалатынан кәміл сенетін шәкірт, білімін дамытуды және еңбек пен тәрбиені қатар алып жүру керектігін жақсы түсінеді. Жас болса да бас болып, атқарған ісінен адалдық пен ізеттілік көрініп, жүрген қылығында қазақ қызына тән әдептілік бұғып жатқан сымбатты Гүлімнің болашақ бағы бес елі.
Жетістіктері:
• 1 «А», 3 «А», 4 «А», 7 «А» сыныптарын өте жақсы оқығаны және үлгілі тәртібі үшін Мақтау қағаздары;
• Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Ақ бота» республикалық интеллектуалдық марафонынан III орын алғаны үшін Диплом және Сертификат;
• 2019 жылы Байысов атындағы орта мектепте 2018-219 оқу жылында «Үстел теннисі» секциясының жұмысына тиянақты түрде қатысқаны және үлгілі тәртібі үшін Грамота;
• Байысов атындағы орта мектебінде 8-Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай 5 «А» сынып қыздары арасында өткен «Көктем аруы - 2018» байқауында «Көрермен көзайымы» номинациясы бойынша Мадақтама;
Сүйікті ісі: кітап оқу, сурет салу, тіл үйрену.
Арманы: Екі мәрте Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергенов атасы іргетасын қалаған ауылды көркейтіп, болашақта ауыз сумен қамту, газдандыру, көгалдандыру саласында еңбек етіп, қызмет қылу.