КӨРКЕМ ГИМАСТИКАНЫҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫ
Қоршаған ортаға деген түсінігі мол, айналасындағы адамдармен, қатарластарымен, достарымен, сыныптастарымен еркін араласып кете беретін ашық мінезді сұлу да сымбатты қыз
Адамова Жансая 2011 жылдың 14 наурызында Павлодар қаласында дүниеге келді. Алтын қанжар қын түбінде жатпайтыны секілді, кішкентайынан бойындағы ерекше қабілетін таныта білген талантты қыз Павлодар қаласындағы №28 балабақшасында тәрбиеленді. Сымбаттылық пен сұлулыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеп алға ұмтылдыратын спорт түрін таңдап, бүгінде ата-анасының ғана емес, мектеп абыройын асырып, мерейін үстем етіп жүрген Жансая қаладағы №19 жалпы білім беретін орта мектебіндегі үздік оқушылардың бірі. Тек алға ұмтылуды көздеген қыздың әкесі Адамов Асылбек Қазақстан электролиз зауытында оператор-бағдарламашы болып қызмет етсе, жүзінде сұлулықтың табы бар, әрдайым күліп жүретін алтын жүректі анасы Адамова Жамал – ұстаз деген ұлағатты есімді еншілеген №1 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Дарынының арқасында көркем гимнастиканың көрікті қызы, талантты спортшыға айналған Жансаяның бір әулеттің ішін бақытқа бөлеп жүрген Азиза есімді әпкесі бар. Жас болса да талай белесті бағындырып, ата-ана мен мектеп мейрейін өсіріп келе жатқан Жансая – болашақ қазақ спортының жарық жұлдызы.
Жетістіктері:
- Көркем гимнастика мектебінде өткізілген «Новогодняя сказка» сайысынан жүлделі I орын;
- 2017 жылы Көркем гимнастикадан Алматы қаласында өткізілген «Жаса Отаным» атты II Республикалық Ашық чемпионаттан I орын;
- 2018 жылы ҚР Тәуелсіздік күніне арналған Көркем гимнастика бойынша мерекелік турнирден I орын;
- 2018 жылы Көркем гимнастикадан Асель Мустафинаның жүлдесі үшін өткізілген турнирден II орын;
- 2018 жылы Көркем гимнастика бойынша «Надежды Казахстана» атты Павлодар облысының чемпионатында 2011 ж.т. қыздар арасында I орын;
- 2019 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған Көркем гимнастикадан 2011 ж.т. қыздар арасында өткізілген Павлодар облысының Ашық чемпионатынан II орын;
- «Школа художественной гимнастики Асель Мустафиной» Ашық Чемпионатынан «Жеке жаттығу» бағдарламасы бойнша I орын;
- 2019 жылы Көркем гимнастика бойынша Павлодар облысының Ашық Чемпионатында 2011 ж.т. қыздар арасында II орын;
- 2019 жылы Көркем гимнастикадан «МЕНСУЛУ» Ашық чемпионатынан I орын;
- 2019 жылы Көркем гимнастикадан Асель Мустафинаның жүлдесі үшін өткізілген Халықаралық турнирден III орын;
- 2019 жылы Алматы қаласында «Кербез» Көркем гимнастика мектебінің ұйымдастыруымен өткізілген «KERBEZ CUP» сайысынан I орын;
- 2019 жылы Көркем гимнастикадан Анна Алябьеваның жүлдесі үшін өткізілген «Cinderella Cup 2019» турнирінен I орын алған жеңімпаз.
Сүйікті ісі: Спортпен шұғылдану, сурет салу.
Арманы: Ел мойындаған спортшы, шәкірт тәрбиелеген жаттықтырушы болу.