Еламан Елнұр мен Гүлден

Рейтинг:

«ҚАЗАҚ СПОРТЫНЫҢ ҚОС ЖҰЛДЫЗЫ»
 
      Мектепішілік, қалалық спорттық сайыстарда жеңіс тұғырынан көрініп жүрген қос спортшы Елнұр мен Гүлден – болашағынан үлкен үміт күттіретін дарынды жастар. Қазақстанның жүрегі Нұр-Сұлтан қаласында балалық шағын өткізіп, №66 балабақшасында тәрбиеленді. Балабақша қабырғасында жүріп-ақ тәрбиешілерін тәнті еткен қос бүлдіршін, болашақ Қазақ Елінің туын көкке көтеріп, әнұранын асқақтата шырқатар талантты спортшылар Елнұр мен Гүлден – қаладағы №42 орта мектебінің оқушылары. Жүрегінде үміт оты тұтанған қос жұлдыздың қамқор әкесі Мукашев Нұрлан үлкен жауапкершілікті мойнына артса, мейірімді анасы Асель – жібек мінезді жан. Аталары Мукашев Еламан, Бекмуханбетов Мұсылманбек пен әжелері Бекмухамбетова Күлпараш, Мукашева Ырыстының ақыл кеңестері мен тәлім-тәрбиесін көріп келеді. Елнұр мен Гүлденнің 3 жастағы сүйкімді де, қылығы тәтті Малика есімді сіңілісі бар. Білім мен спортты қатар алып жүрген ағайынды оқушылар, сыныпта да алдыңғы қатарлы озат оқушылардың сапында. Білікті бапкер Рахимжанов Дархан ағайының арқасында Елнұр Көк белдікті беліне тағынса, Гүлден – Қызғылт сары белбеудің иегері. Қабілетті әрі ізденімпаз, алғыр да талантты Елнұр мен Гүлденнің алдына қойған мақсаттары биік, армандары асқақ, алар асулары алда. 
      Елнұрдың жетістігі: Бастауыш сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған «Мұқағали оқулары» мектепішілік «Көркем жазу» байқауының  Алғыс хат иегері. Киокушинкай каратэден «Qazaq batyry» туринирінен ІІ орын алды. «Балаларды қорғау күніне» арналған киокушинкайдан І дәрежелі Дипломмен марапатталды. Шинкиошинкай каратэден өткен Ашық турнирде І дәрежелі Диплом, «Hissatsu cup – 2019» Қарағанды облысының Ашық турнирінен ІІ орын иемденді. «Балалар күніне» орай қалалық Ашық шайқас өнерінің алыпсоқ чемпионатындажүлделі ІІ орын, 10-11 жас аралығында жасөспірімдер арасында Шинкиошинкай каратэден өткен турнирден ІІ орын, Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына орай кекушинкай каратэден қалалық Ашық жарысынан І орын алды.
      Сүйікті ісі: Кітап оқу, спортпен айналысу, қолөнер бұйымдарын жасау.
      Арманы: Жетістіктерге жетіп, Олимп шыңдарын бағындырып, Чемпион атану. Жаттықтырушысы Рахымжанов Дарханның жетекшілігімен Қара белбеу иегері атану.
      Гүлденнің жетістігі: «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектепалды даярлық сыныбында ұйымдастырылған «Бала тілі – бал» атты интеллектуалдық сайыстың Бас Жүлде иегері. 2019 жылы «Балапан қонақта» атты мектепішілік суреттер көрмесінің Алғыс хаты, мектепішілік «Көркем жазу» атты байқауынан I дәрежелі Диплом иемденіп, мерейі үстем болды. Шинкиошинкай спорты бойынша біліктілігі жоғарылағаны жөнінде Сертификат, 2019 жылы ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілген «KOKSHETAU OPEN» Ашық турнирінен IІ орын, «Мен сауаттылықты таңдаймын» тақырыбындағы сурет байқауында өзінің ұшқыр идеясы үшін Мадақтама, «Русский медвежонок – языкознание для всех» Халықаралық байқауынан екі мәрте Сертификат иемденіп, мерейі үстем, мәртебесі биік болды.
      Сүйікті ісі: Көркем әдебиет оқу, сурет салу, спортпен шұғылдану, музыка тыңдау.
      Арманы: Жоғары білімді білікті маман, танымал тұлғаға айналу. Жаттықтырушысы Рахымжанов Дарханның жетекшілігімен Қара белбеу иегері атану. 
 
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости