Кабеф Ерасыл

Рейтинг:

«БОЛАШАҚ КӘСІПКЕР»
 
      Ерасыл Ерқанатұлы 2010 жылдың 6 қарашасында Павлодар облысы, Екібастұз қаласында дүниеге келді. Тотами төрінде талай тарланды жамбасқа алып, жеңісті қолдан жұлып алып жүрген Ерасылдың есімінің өзі ерекше құрметке ие. Елін қорғап, жерін жау тұлрпарының тұяғын тигізбеген, атақты батыр Қабанбайдың шын есімімен аттас қойылған жас, батыр есіміне лайықты іс атқарып келеді. Ер жігітке тән сабырлылығы мен табандылығы басым Ерасыл Нұр-Сұлтан қаласындағы №75 балабақшасында тәрбиеленді. Бала бойындағы ерекше қабілет пен қайтпас қайсарлықты, жеңіске, спортқа деген құлшынысын байқаған ата-анасы «Арлан» спорт клубына әкеліп тапсырады. Міне, нәтижесі жаман емес, үлкен додаларда топ жарып келеді. Достары арасында сыйлы, қолындағысын достарымен бөлісетін жаны жомарт оқушы Ерасыл Нұр-Сұлтан қаласындағы №77 орта мектепте білім алып, 2-сыныптан бастап Павлодар қаласындағы №19 орта мектепте оқиды.
      Кішкентайынан өте алғыр, шапшаң, жаңа ортаға тез бейімделіп, тіл табысумен ерекшеленіп өскен баланың әкесі Дюсенаев Ерқанат – мемлекеттік қызметкер, дзюдо, самбо, қазақша күрестен спорт шеберіне үміткер, Республикалық турнирлердің ІІ дүркін Чемпионы, Халықаралық турнирдің Қола жүлдегері. Мейірімі мол анасы Дюсенаева Мадина – береке-бірлігі ұйыған әулеттің ішін ырысқа толтырып отырған аяулы Ана. Ізінен ерген інілері Ерсұлтан таеквондо үйірмесіне қатысады, Елназар – бір жасар бүлдіршін.
      Мектеп пен спорт дейтін сиқырлы әлемнің табалдырығын қатар аттаған бүлдіршін боз кілемге табаны тиген сәттен бастап-ақ бойында ерекше бір таланты бар екенін байқатты. Алғаш Нұр-Сұлтан қаласындағы «Арлан» спорт клубына қабылданса, қазіргі кезде «Mustafa Pavlodar» спорт клубында жаттықтырушы Аблязов Ержанның командасының құрамында. Секцияға қабылданған бірнеше баланың ішінен «Мен мұндалап» көзге түскен жігерлі жасты жаттықтырушылар бірден тартып алып, білгенін үйретіп, бірнеше әдіс-тәсілдерді үйретті. «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы» деген, бозкілемде шиыршық ата қимылдап, қарсыласынан басым түсіп, жеңіс сатысына көтеріле білді. Жаттығу залында уақытының көп бөлігін өткізген жас спортта жақсы нәтижелер көрсетіп, қатарластары мен сыныптастарының алдында беделі артты. Таеквондо спорт түрінен жарыстарда жүлделі орындар алып, Жасыл белбеу иегері атанды. Бабы мен бағы қатар шауып ел мерейін үстем етіп, жүрген талантты спортшы Ерасыл Ерқанатұлының арманы – жеңіс шыңы Олимпиада төрінде тәуелсіз Қазақ Елінің көк байрағын желбірету.
      Сүйікті ісі: Кітап оқу, спортпен шұғылдану, білімін дамыту.
      Арманы: Болашақта жеке кәсіпкер болу, жақындарына қуаныш сыйлау.

Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости