«АРМАНЫ – ОЛИМП ШЫҢДАРЫН БАҒЫНДЫРУ»
Қалалық, облыстық, республикалық жарыстарда топ жарып жүрген талантты спортшы
Кукенов Бейбарыс Сакенұлы 2005 жылдың 4 қаңтарында Көкшетау қаласында дүниеге келді. Парасатты атасы Көкен есімін «балуан, сұлтан» болсын деп ырымдап қойған. Қазақ спортының жарық жұлдызына айналуды мақсат еткен Бейбарыс «Аленушка» балабақшасында тәрбиеленді. Тотами төрінде қарсыласына тегеурінді күрес салып, қайраттылығы мен қайсарлығының арқасында
барған жарыстан жүлдесіз қайтпаған өрен, жүзіндегі мейірім күн нұрынан да жылы анасы Аяпбергенова Анардың өнегелі тәрбиесін көріп, білім тұңғиығына бойлап келеді. Оқушының алға ұмтылуына, өзіндік мақсат қойып, соған жету жолында еңбектенуге қайрайтын спортты жанына серік еткен дарынды бала түрлі жарыстарға қатысуда. Жаны жомарт, досына берген сертіне адал, жауапкершілігі мол Бейбарыс еңбекқорлығы мен каратэ-додағы ерекше қабілетінің арқасында әлі талай белестерді бағындырары анық.
Жетістігі: Рухани күштер мен каратэ спортының техникасын біріктіріп үлкен жетістікке жеткені үшін 1 КЮ деңгейіне өткені жөнінде Сертификат иегері. Кекушинкай каратэ-додан жасөспірімдер арасында өткізілген «Храброе сердце» қалалық жабық турнирінен I орын жүлдегері.
2012 жылы Кекушинкай каратэ-до спортынан Астана қаласының көктемгі I Ашық біріншілігінде балалар мен жасөспірімдер арасында «Кумите» бағдарламасы бойынша II дәрежелі Диплом иегері. ҚР-ның Кекушинкай каратэ-до чемпионатында 8-9 жас аралығында +30 кг дейін салмақ дәрежесінде жүлделі III орын алған. ҚР-ның Тәуелсіздік күніне орай және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында сәндік-қолданбалы өнер бойынша оқушы жастар арасындағы «Менің елім» атты қашықтықтан өткен байқау бойынша II дәрежелі Диплом иемденіп, жеңістің даңғыл жолына шықты.
Сүйікті ісі: Спортпен айналысу, табиғат аясында демалу.
Арманы: Ұлы Қазақ Елінің көк туын көкке көтеріп, Әлем чемпионы болу.