Серік Ералы

Рейтинг:

      Серік Ералы Рустамұлы 22 желтоқсан 2011 жылы Атырау қаласында туылған. 2014 жылы 3 жасында Атырау қаласының №6 балабақшасына қабылданып, жаңа ортаға тез бейімделді. Кейін Атырау қаласының «Baby City» мектеп-балабақшасына барды. 2018 жылы Ж.Қаражігітов атындағы №6 мектеп-гимназиясының табалдырығын аттап, қазіргі уақытта 2-сыныпта оқиды. Атасы Абуев Серік Атырау қаласының химзаводында қызметін атқарған, әжесі Бикашева Гулбада «Атырау Балық» кәсіпорынында инженер-технологы болып қызмет еткен. Нағашы атасы – Картимов Темиржан Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы, қазір тәуелсіз құрылыс сарапшысы қызметін атқаруда. Нағашы әжесі Суйнешева Раушан Атырау облысының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының дәрігер-лаборанты қызметін атқарған. Әкесі Абуев Рустам Серікұлы Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Штаб тобының бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі қызметін атқарады. Анасы Картимова Айгуль Теміржанқызы Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Зілзалалардың қауіп қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының азаматтық қорғау майоры, аға инженері лауазымында қызмет атқарып келеді. Сүйікті қарындасы Әсемай да Ж.Қаражігітов атындағы №6 мектеп-гимназиясында 1-сыныпта оқиды.
      Жетістігі: 1-сыныпта Бастауыш сынып оқушылары арасында өткен математика пәні олимпиадасында І дәрежелі Дипломмен марапатталды. 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап шинкиокушинкай каратэге қатысып келеді. Батыс аймақтық чемпионатында 6-7 жас аралық ерекшелігінде ІІІ орынға ие болды. Атырау облысының Төтенше жағдайлар Департаментімен «Құтқарушылар күніне» орай өткізілген «Құтқарушылар балалар көзімен» атты сурет конкурсында ІІ орынға ие болды. 
      Сүйікті ісі: Балық аулау, коньки тебу, жүзу.
      Арманы: Ғарышкер болу, шет елдерге саяхат жасап, жер шарының керемет деген жерлерін көру. Еліне, туған жеріне адал қызмет атқаратын азамат болу.

Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости