Аскар Ибрахимаман

Рейтинг:

      Аскар Ибрахимаман Максатұлы – көзінде от, сөзінде нәр, бойында мызғымас рухы бар намысшыл ұл. 2012 жылы тамыз айының 20 жұлдызында Алматы облысы, Қапшагай қаласында өмірге келді. Тәлім-тәрбиесі «Ақдидар» балабақшасында бастау алған Ибрахимаман, ОМГ мектебіне қабылданып, 1 «Ә» сыныбында оқып жүр. Сынып жетекшісі, тәжірибелі ұстаз Бейсенбекова Галия Мұратқызы Ибрахимаманның бойындағы талантын бірден байқап, әрі қарай дамытуға үлес қосып жатыр. Ибрахимаман Максатұлы – атасы Михибаев Аскар Баймухаметұлы мен әжесі Есельбаева Сайра Кадыровнаның сүйкімді немересі. Әкесі  Михибаев Максат Аскарұлы мен анасы Эмирханова Гульбану Бактыбайқызының сенім артқан перзенті. Әпкесі Баймуханбет Аяулым інілерін мақтан тұтады. Отбасының тұңғышы Ибрахимаман – Абдулмалик және Абдурахимның арқа сүйер ағасы. 
      Жетістігі: Спортшы болуды армандайтын балақай білімқұмар балаларға арналған, Республикалық «Үркер» зияткерлік марафонының және Халықаралық «ПОНИ (Пайымда! Ойлан! Нәтижеле! Игер!)» сайысының қатысушысы. «Сөз-мерген» көркемсөз оқу сайысында өлеңдерді жатқа мәнерлеп оқуда шеберлік танытып, белсене қатысып, көрсеткен білімі мен алғырлығы үшін І-орынға ие болды. «Мен болашақ Елбасы боламын!» атты жігіттер сайысына қатысып, Бас жүлдені иеленгені үшін марапатталды. Дзюдо күресінен «Балаларды қорғау» күніне арналған Қапшағай қаласында  2007-2008, 2009-2010, 2011-2012 ж.т. кіші жасөспірімдер және 2006-2007 ж.т. қыздар арасында өткен «АЮ-МАН» спорт клубының Біріншілігінде жүлделі І орын, «Jeet Kune Do» клубаралық Чемпионатында +20кг салмақ дәрежеде ІІ орынды иемденді.
      Сүйікті ісі: Спортпен шұғылдану, дзюдо және футбол ойнау.
      Арманы: Атақты дзюдошы болу.

Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости