Уалиулла Рамиль

Рейтинг:


«ЖАЛЫНЫМ МЕН ЖІГЕРІМДІ ЖАҚСЫЛЫҚҚА ЖҰМСАЙМЫН»

     Жақсылыққа құмар, дарынды да талантты Уалиулла Рамиль 2011 жылы 11 тамызда орал қаласында өнегелі отбасында дүниеге келді. №31 «Балдәурен» балабақшасында тәлімді тәрбие алып, кезде №43 Жалпы орта білім беру мектебінің табалдырығын аттайды. Рамиль – даралық ерекше  болмысымен    танылып жүрген білімпаз оқушы, білім мен зияткерлік байқауларда жеңіс тұғырынан көрініп келеді. Шотакан спортымен тұрақты түрде айналысады. Менталды арифметикамен, спортпен 5 жасынан бастап айналысып жүрген алғыр, ұғымтал, жігерлі Рамиль «Ақжайық» футбол клубында жаттығады.       
      Жетістігі: Менталды арифметика бойынша Халықаралық UCMAS зияткерлік дамыту академиясының студенті, деңгейі – Intermediate A.  «Zanshin» клубында каратэ-до Шотокан спортынан Көк белдік иегері, 4 кью. «Өнер» мектебінің көркем сурет үйірмесінің 1-сыныбында. 2019 жылы мектептегі үздік жетістіктері үшін Мақтау қағазымен және Жоғары зияткерлік дағдысы мен шығармашылық табыстары  үшін Мадақтамасымен марапатталған. «Алтын қор» Халықаралық энциклопедиясының редакциялық кенесінің шешімімен «Жас данышпандар» номинациясы бойынша І дәрежелі Диплом; Visual Competition қарастырылымы бойынша «Elementary B» деңгейінде UCMAS орталығының   менталды арифметика Халықаралық   бағдарламасына бағытталған қысқы турнирдің ІІІ дәрежелі Дипломы және Еуразиялық Зияткерлік Олимпиаданың ІІІ орын иегері. «Бізбен бірге жеңіске жет» атты қалалық турнирдің ІІІ орын Дипломымен марапатталды. 2019-2020 ж.ж. Халықаралық «Пони» қашықтық олимпиадасында «Әлемді ашады» байқауының Жүлдегері; «Путь знаний» зияткерлік  және шығармашылық  дамудың Халықаралық білім беру орталығының «Математика» пәнінен І Халықаралық қашықтық олимпиадасының І орын жеңімпазы. 2020 жылы NIO.KZ.Республикалық Ұлттық  интернет олимпиада сайты Бастауыш сынып математика пәнінен ұйымдастырған қашықтық олимпиадасына қатысқаны үшін Сертификат иемденген білімпаз шәкірт.
      Сүйікті ісі: Конструкторлар құрастыру, шахмат ойнау, білімін жетілдіру.
      Арманы: Болашақта жоғары білімді білікті маман, абыройлы азамат болу.


Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости