Қалмаханұлы Сұлтан

Рейтинг:


«ОЛИМП ШЫҢЫ – БАҒЫНДЫРАР БЕЛЕСІМ»

      «Мен елімнің ертеңімін. Менің бүгінгі  кемел білімім мен спорттағы жетістіктерім  – ертең ел игілігіне айналатын күш болуы керек. Келешек келбетінде «Елім маған не береді деп емес, мен еліме не беремін?»  деп еңбек ету – барша замандастарымның борышы деп білемін. Мемлекетіміздің әлемдік алып державалармен тең дәрежеде дамуы үшін, бүгіннен  бастап жақсы білім алу, игеру  – Отан алдындағы перзенттік парызым.  Себебі, мен болашақта Қазақстанның экономикалық мәдени, тарихи өсу жолында аянбай қызмет ететін азаматтардың бірімін. Білім жолымен қатар, салауатты өмір салтын насихаттап, спортпен де айналысамын. Кәсіби маман, білікті жаттықтырушы-тренерім Түстикбаев Серік Шымырбайұлының еңбекқорлығы мен біліктілігі нәтижесінде додалы жарыстарда шыңдалып жүрмін. Бокс – менің жақын серігіме айналып кеткен. Осы спорттың биік шыңы – Олим шыңында Ұлы Қазақ Елінің көк байрағын желбіретсем, перзенттік парызымның орындалғаны болар еді. Мен үшін одан асқан мәртебе жоқ», – дейді зерделі жас Қалмаханұлы Сұлтан. Талантты спортшы Сұлтан 2007 жылы 29 шілдеде Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында дүниеге келген. Жаңатас қаласындағы М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы 1-сыныбының табалдырығын аттаған үлгілі шәкірт  – бұл күнде мектеп мақтанышына айналып отыр. Алғашқы ұстазы Төлетаева Назира Сарсенқызы мен қазіргі сынып жетекшісі Тургинова Баян Рауанқызы Сұлтанның жаңашыл көзқарасын қалыптастырып, білімге деген қызығушылығын арттырды. Зейінді жас Қалмаханұлы Сұлтан сүйікті ұстаздарының ерен еңбегі мен тәлімді тәрбиесі үшін шәкірттік алғысын білдіреді. Отбасы қағидасына айналып кеткен ұлы ақын Абайдың «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек» деген сөзімен бала тәрбиесінде үлкен жауапкершілік танытып отырған  әжесі Ибашова Айнакүл, әділдіктің жаршысы, білікті заңгер, әкесі Қалмахан Бейсенбекұлы мен аяулы анасы Ақерке Мырзабайқызы – шаңырағын шаттыққа бөлеп жүрген ұл-қыздарының жарқын болашағына сеніммен қарайды. Сұлтанның  бауырлары: ағасы Мұхамбет Ағабекұлы, інілері Ерасыл, Диас пен Мирас жас спортшының әр жеңісіне шаттанып, қолдау білдіруде ауызбіршілік танытып келеді. Тектіліктің тереңнен тамыр алатыны белгілі. Өрелі өрен Сұлтанның   бүгінгі күні қол созған жетістіктері де өнегелі отбасында алған тәрбиенің бір тармағы емес пе?!
      Жетістігі: 1-6-сыныпқа дейінгі «Үздік оқығаны үшін» берілген Мақтау қағаздары;   Сарысу ауданының 90 жылдығы, Нұр-Сұлтан қаласының 20 жылдығына арналған бокстен жасөспірімдер арасында өткен Сарысу аудандық біріншілігінде ІІ дәрежелі Диплом жүлдегері;  Бокстен ҚСРО және Азия жеңімпазы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Сарысу ауданының құрметті азаматы Серік Өмірбековтің жүлдесіне арналған   жасөспірімдер арасындағы ІІІ Республикалық турнирде ІІ орын  алғаны үшін Диплом; Талас ауданы Талапшы ауылы. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығына орай Соғыс және Еңбек ардагері ағайынды Құлекеевтерді еске алуға арналған ХІХ ашық облыстық турнирінде бокстен  ІІ орын алғаны үшін Диплом  иегері;  22 қыркүйек – ҚР халықтарының тілдері мерекесі күніне  орай «Тіл мәртебесін ұмытпайық» тақырыбындағы топтық сайыста, өз білімін көрсеткені үшін ІІІ дәрежелі Диплом жүлдегері;  «Қазақстан Ұстаздары»  қоғамымен ұйымдастырылған Республикалық қашықтық олимпиадасында «Әдебиет» пәні бойынша І дәрежелі Дипломы, «Математика» пәні бойынша ІІ дәрежелі диплом иегері атанады.
      Сүйікті ісі:  Қазақстанның тарихы туралы кітаптарды оқығанды ұнатады. Бокспен үздіксіз айналысу.
      Арманы:  Бокстың хас шеберлері  Г.Головкин, С.Сапиев, Қ.Ислам ағалары сияқты чемпион атанып,  Қазақстанның көк туын  шетел аспанында желбірету. 





Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости