Әлкей Нұртайұлы 2008 жылы 3 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында дүниеге келді. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №63 «Әсем-Ай» МКҚК балабақшасы тәрбиеленушісі болған балдырған Әлкей – бұл күндері аталған шаһардың №72 мектеп-лицейінің 5-сынып оқушысы. Оқуда озат, сыныпта белсенді шәкірттердің бірі. Отбасының қамқоршысы, арқа сүйер тірегі, әкесі Сейпиев Нұртай Борашұлы мен асыл анасы Мергалиева Бибігүл Төлегенқызы – балаларының қуанышына бөленген жарасымды жұп. Әкесі – жеке кәсіпкер, анасы – банк саласының қызметкері. Бауырмал әпкесі Сейпиева Әмина Нұртайқызы – Назарбаев Зияткерлік мектебінің үздік шәкірті. Оқуда озат.
Жетістіктері: Мектепішілік «Математикалық логика және ой дамыту» олимпиадасында ІІІ орын дипломы; Республикалық профессор Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты VІІ қалалық олимпиадасында мақтау қағазы иегері; Республикалық «Балдәурен-Қапшағай» оқу-сауықтыру орталығының ұйымдастыруымен өткен ХІХ республикалық ауызша командалық олимпиадасында Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» Кіші Ғылым Академиясының І орын мадақтамасы және Бас Жүлде иегері; «Жаңажылдық ойыншық» атты мектепішілік сайыстың І орын мадақтамасы; «Ақ бота» республикалық интеллектуалдық марафонының сертификат иегері; ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай футбол федерациясының ұйымдастыруымен өткен футбол жарысында үздік ойын көрсеткені үшін І орын мадақтамасы;
Сүйікті ісі: Спортпен шұғылданады, футбол ойнайды. Шахмат пен дойбы ойнағанды ұнатады. Салауатты өмір салтына ерекше көңіл бөледі. Әдеби кітаптар оқығанды ұнатады.
Арманы: «Алынбайтын асу жоқ!» ұстанымын басшылыққа ала отырып, терең білім иесі болу; кәсіби футболшы атанып, еліміздің атын асқақтату.