«Адамгершілік асыл қасиет – ізгіліктің бастауы. Көркем мінезді болсаң, сәттілік есіктері өзінен-өзі ашыла түспек. Біліміңді ізденіспен ұштастыра түс» деген даналардың ақылына сусындап жүрген Сағымбек Арман Әмірұлы – Малайзия мемлекетінің Джохор Бару штатында 2008 жылы 18 желтоқсанында өмір есігін ашады. Отбасының қолдауымен тұлғалық жолын қалыптастыруға ұмтылып жүрген текті әулеттің шамшырағы Арман Әмірұлы – Нұр-Сұлтан қаласындағы №31 мектеп-гимназияның белсенді шәкірті.
Кез келген жас өнегелі тәрбиені отбасынан, үлгілі жақын жандарынан алады. «Жігіттің жақсысы нағашыдан» дегендей, өр рухты, қайсар мінезді нағашы атасы Козыбаков Ерімбек Ордабекұлы мен құшағы саялы, мейірбан жүзді нағашы әжесі Нишанбаева Анипа Шарбекқызы – жиен немерелеріне бар жақсысын ұсынып, қолдаудан жалықпайтын ақниетті асыл жандар. Арман – бүгінде ата-әжесінің қолғанаты, көз қуанышы. «Үй алдында төбең болса, еріттеулі тұрған атпен тең, Ауылыңда қарияң болса, жазулы тұрған хатпен тең» дейді қазақ даналығы. Кемел ақыл иесі, парасатты атасы Туртугулов Малик Сагимбекұлы мен жаны жайсаң, көңілі дарқан, мейірбан әжесі Туртугулова Сауле Абиқызы – балалары мен немерелерінің тілеуін тілеп жүрген зейнет жасындағы ұлағатты жандар. Кемел ойлы, жоғары ұстанымдағы әкесі Туртугулов Амир Маликұлы – ҚР Сыртқы министрлігінде кеңесші. Жаны жайсаң, мінезі көркем аяулы анасы Ерімбекқызы Динара – бала күтімі жөніндегі демалыста. Көпбалалы отбасында Әмір балалары Арман, Аружан, ҚасымЖомарт, НазарАли, Армина-ІнжуМаржан бір-біріне сүйеу болып, бақыттың бал дәмін татып күн кешуде. Ағайындылар өзара өте тату, бір-біріне көмек беруге әрдайым дайын тұрады. Арман – балдырған шағынан озық технологиялардың құрылымына қызығып, өз ойымен конструктор құрастыруға, логикалық тапсырмаларды шешуге талаптанып жүрген жас дарын. Өнерлі өрен мектепте өтілетін барлық мәдени іс-шараларға қатысып, өзін шығармашылық қырынан да көрсетіп жүр. 2016 жылы Арман «Menar» мектебінің менталды арифметика курсы бойынша Вильнус қаласында өткен халықаралық олимпиадада 6-7 жас аралығында І орын иегері атанып, мерейі үстем болды.
Жастық жалынымен жеңіс тұғырларында есімі жиі аталып жүрген зерек ұлан бос уақытында футбол, суда жүзу секілді спорт түрлерімен айналысқанды ұнатады. Әсіресе, футболды қатты жақсы көреді. Шымыр дене мен ептілікті арттыратын, серпіліс беретін спортқа қызығушылығы басым. Жас сайыпқыран – балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің футбол үйірмесінің тұрақты қатысушысы.
Зеректігі мен білімге ынтасы ерекше Арман Әмірұлы өнерге жақын. Ағылшынның ұлы драматургі Уильям Шекспир жетістікке жетудің үш ережесін атап көрсеткен екен: «Жетістікке жетудің үш ережесі: өзгелерден артық білу, өзгелерден көп еңбектену, өзгелер күткеннен азға үміт ету». сыны жақсы түсінген зерделі жас ізденуден жалықпайды. Музыканың нәзік иірімдерін жүрегімен қабылдайтын сезімтал өрен гитарада ойнап, сазсырнайды құйқылжыта тартады. Ізденімпаз шәкірт саяхаттағанды жақсы көреді. Сонымен бірге кітап оқуды дағдыға айналдырғаны көңілге қуаныш ұялатады. Өзгеге ұқсамайтын бала болмысымен ерекшеленіп тұратын ойлы жастың арманы – бірнеше тілді меңгеріп, болашақта елдің гүлденуі мен дамуына сүбелі үлес қосатын экономика саласының маманы болу.
Сағымбек Арман Әмірұлы – ел келешегін өрістетер даңқты тұлға болуға лайық жас буын өкілі.
Арманның ай дидарлы көркем қарындасы Сағымбек Аружан Әмірқызы 2011 жылы 18 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында дүниеге келген. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» дейді дана халқымыз. Осы қағиданы өмірлік ұстанымы еткен Сағымбек Аружан жаңа заманның озық ілім-білімін бойына сіңіруді мақсат етеді. Алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған кезден бастап, үлгілі тәртібімен ортасына сыйлы оқушы, ұстаздарының сүйікті шәкірті бола білді.
«Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» дегендей, өнерлі Аружан Қазақ Ұлттық Өнер университетінің фортепиано класында оқып жүр. «VІІ Халықаралық Көпсалалы Конкурс-Фестиваль» аясында балалар, жасөспірімдер және ересектер шығармашылығына арналған «Феерия» өнер байқауында 5-7 жас аралығында фортепианодан жеке өнер көрсетуден озық шығып, ІІ дәрежелі диплом иегері атанды. 2019 жылы сәуір айында Франция мемлекеті Париж қаласында өткен «ХІХ Concours International de Piano» конкурсында «Фортепианода ойнау» аталымында ІІІ орын жеңімпазы атанды.
Талантты шәкірт Сағымбек Аружан – халықаралық конкурстың жеңімпазы. Жұлдызы жарқыраған 2019 жылы 3-6 қаңтар аралығында VІІ Халықаралық Өнер және Спорт ассоциация «LUCKY PEOPLE» конкурс-фестивалінде «Фортепиано.Соло» номинациясында лауреат атанып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2019 жылы 30-31 мамыр айында І халықаралық «Viva-music» фестиваль-конкурсында ІІ дәрежелі диплом иегері атанды. Дарынды музыкант Аружан әуен ырғағына ілесіп, нақышын келтіре билеуді жаны сүйеді. Биші ару 2018 жылы 6-13 жас аралығындағы ІV халықаралық би өнері бағытындағы чемпионатқа қатысып, «Современные танцы» номинациясында І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Өнерлі жас Сағымбек Аружан – халықаралық конкурстың жеңімпазы. 2019 жылы 30-31 мамырда І халықаралық «Viva-music» фестиваль-конкурсында ІІ дәрежелі диплом иегері атанды. Өнерлі ару сұлулыққа аса мән береді, айналасындағы заттардың үндестікте болғанын қалайды. Бойындағы шығармашылық қабілеті көркем сурет салу арқылы әдемі көрініс табады.
Аружан Әмірқызы болашақта танымал, жұлдызды музыкант атанып, еліміздің атын әлемдік ареналарда асқақтатуды армандайды. Жер шарын аралап, шығармашылық кешін өткізіп, жақындарының өзімен мақтанғанын қалайды.
Ынтымағы мен берекесі жарасқан жанұяның дарынды қос перзентіне «Білім мен өнер айдынында жүзген қанаттарың талмасын, шығар асуларың биік, асқаралы болсын!» деген тілек жолдаймыз.