Адилбеккызы Гаухар

Рейтинг:
     Бала жас шыбық секілді. Қалай бағыттасаң, солай қисаяды. Қазақстанның болашағы саналатын бүгінгі ұрпақ та даналар мен ардақты ұстаздар бағыттаған түзу жолда есейіп келеді. Жасампаз елдің ертеңін бірге қалайтын өрендер қазірден бастап, ел дамуына үлес қосуда. Қалай дейсіз бе? Олар үздік сабақ үлгерімі, білімінің жоғары көрсеткіші, мектеп жасындағы оқушыларға арналған интеллектуалдық жарыстарда деңгейін көрсету арқылы Отанға тамшыдай болса да жақсылық етеді. Ал, келешекте алған білімін небір салалардың өркен жаюы үшін жұмсайды. Сондықтан, баланы бақытқа бөлеу – мектеп пен отбасындағы тәрбиеден бастау алатыны анық.
     Алтын ұя мектебінде біліктілігі өте жоғары, керемет мамандардан білім алып жүрген Гаухар Адилбекқызы – Отанының нағыз патриоты болуға дайын өрен.
     Гаухар 2007 жылы 20 шілдеде дүниеге келген. Алғаш мектеп табалдырығын 2014 жылы аттады. Қазіргі таңда №148 гимназия білім орталығында 5-сынып оқушысы. Гаухар – бір отбасының кенжетайы әрі ерке гүлі.
Білімді үйрену үшін, еңбекке құмартқан Гаухар қыздың асқар таудай әкесі Құмар Адилбек – жеке кәсіпкерлік саласында беделді, іскер тұлға. Аяулы анасы Шадет Гүлзипа болса, отбасын айрандай ұйытып, берекесін келтіруден шаршамайтын, жүрегі мейірім мен даналыққа толы ана.
     Гаухар Адилбекқызының арқа сүйер үлкен ағасы Дінмухамет 2011 жылы Алматы мемлекеттік Жаңа технологиялар колледжін бітірген. Ол әке ізін жалғап жүрсе, жеңгесі Қызырбекқызы Жанбота – Қ.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық Техникалық университетінің түлегі. Екінші ағасы Мухаметғалым да әулеттің жеке ісімен айналысады. 
2015 жылы О.Таңсықбаев атындағы Өнер колледжін аяқтаған. Спорттың ауыр атлетика түрімен айналысып, жеңіс тұғырына көтеріліп, түрлі марапаттарды иеленген. Ортаншы ағасы Қажымұқан еркін күреспен айналысады. Көптеген республикалық, халықаралық турнирлерде ерекше көзге түскені үшін, жаттықтырушысына айтар алғысы шексіз. Еркін күрестен Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер. Ең кіші ағасы Ермұхан бокс спортына әуес.
     Көпбалалы отбасының қызғалдағы Гаухар балабақша кезеңінен ерекше қасиеттерімен қатарластарынан ерекшеленіп, өнер жолына бет бұрды.
     Бастауыш сыныпта ағылшын тілінен өткен Ұлттық Интернет Олимпиадасының жеңімпазы, І орын иегері.
    2015 жылы Алматы қаласында өткен VIII республикалық «Менің Отаным Қазақстан» балалар мен жасөспірімдер арасындағы ән-би байқауының «Би» номинациясы бойынша Бас жүлдегері атанған.
    Сондай-ақ, республикалық «Ғұмырдария» ән-би телефестивалінің лауреаты, 2016 жылғы «Алатау жұлдызы» республикалық балалар байқауының «Күй» номинациясы бойынша дипломант болды.
     Гаухар сонымен қатар, «Асыл мұра» халықтық дәстүрлі ән және аспапта орындаушылардың VII республикалық ән-би балалар мен жасөспірімдер арасындағы байқаудың «Би» номинациясы бойынша бас жүлдегері.
   «Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған «Математика» пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиадаға қатысып, жоғары көрсеткіштерді иеленгені үшін І дәрежелі дипломмен мараптталды.
     Республикалық, қалалық, ән-би фестиваліне атсалысып, жүлделі орынға ие болғаны үшін, «Ақнұр» би тобының бишісі ретінде, оқу жылындағы үлгілі тәртібі және үздік сабақ үлгерімі үшін бірнеше рет грамотамен марапатталды.
     Міне, елінің басына қонған бағы, егемендікті теңдессіз байлық санайтын Гаухар Адилбекқызының оқушылық кезеңде жеткен жетістіктері осындай. «Талаптыға нұр жауар» тәмсілін ұстанатын, болашақтың іргесін қалайтын ұланның шығар шыңы шарықтай бермек. Бастысы – арман алдамайтынына сену керек.

Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости