Амирханова Шырын

Рейтинг:

БИ ӨНЕРІНІҢ ШЕБЕРІ
 
      Достарының арасында сыйлы, барлығымен тіл табыса білетін ашық мінезді Шырын Мұратханқызы 2006 жылдың 21 қыркүйегінде дүниеге келді. Балдан да тәтті балалығын қаладағы №35 «Шұғыла» балабақшасында өткізген өрен бүгінде №34 А.Тайманов атындағы мектеп-гимназиясының 7 «Б» сынып оқушысы. Би өнерінің шолпан жұлдызы атанған Шұғыла Сапарғалиқызының ізін қуып, би билеу қабілетін шыңдап келе жатқан Шырын көптің көзайымына айналған талантты шәкірт. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші, бүгінде талайды таң қалдырып, би өнерінің арқасында жиі сахна төріне көтеріліп жүрген Шырын – өнегелі отбасының қызы. Шаңырақтың береке-бірлігін кіргізіп отырған әжесі Қажмуратова Мастураның орны Шырын үшін ерекше. Кішкентайынан әжесінің бауырында болып, өнегелі тәрбиесін көріп өсті. Қамқор әкесі Қажмуратов Муратхан сақтандыру компаниясында қызмет етсе, мейірбан анасы Қажмуратова Арайлым – есепші мамандығын меңгерген білікті де білімді қызметкер. Тұңғыш болып шаңырақтың ішін сәби күлкісіне толтырған Шырынның Даниал, Данияр есімді бауырлары бар. Мектепішілік пән сайыстары мен интеллектуалдық жарыстарға белсене қатысатын, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары Шырын – сыныптың алдыңғы қатарлы оқушыларының бірі. Қабілетті өрен 5 жасынан бастап би үйірмесіне қатысып, көркемдік жетекшісі Сүндетова Гүлсімайдың үйретуімен өнер сайыстарына қатысып, жүлделі орындардан көрініп келеді. Сонымен қатар қолына қылқаламын алып сурет салғанда табиғатқа жан бітіретін өнері бар Шырын – ойы ұшқыр, өз ойын ашық жеткізе алатын қыз. «Болашақта ол ата-анасы мен ұстаздарының үкілеген үмітін ақтап, үлкен жетістіктерге жетеді деген сенімдемін» деп үміт артып отырған сынып жетекшісі Гүлнұр Мадиярқызының сенімінен шығатын талабы күшті еңбекқор әрі ізденімпаз оқушы.       Жетістігі: 2015 жылы Хореография өнері бойынша «Танцевальный калейдоскоп» қалалық Ашық фестивалінен «Детский танец» номинациясы бойынша I орын; Республикалық «Күншуақ» фестиваль-байқауынан «Хореография» номинациясы бойынша I орын; Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Хореография өнері бойынша өткізілген «Нұрлы жол» қалалық Ашық фестивалінен «Детский танец» номинациясы бойынша II орын; 2015 жылы «Ақ көгершін» IX Халықаралық фестиваль-байқауынан Диплом; Хореография өнері бойынша «Танцевальный калейдоскоп» қалалық Ашық фестивалінен «Казахский танец» номинациясы бойынша I орын иемденді. 2017 жылы «GLORA» I Халықаралық фестиваль-байқауынан «Хореграфия», «Народный танец» номинациялары бойынша I дәрежелі Диплом; 2017 жылы Ақтөбе қаласында өткізілген «Алатау шыңы» Республикалық балалар мен жастар шығармашылық байқауынан «Хореография өнері» номинациясы бойынша Бас Жүлде алып, мерейі үстем болды. Халықаралық «Движение» фестиваль-байқауынан I орын; «Әке – отбасы тірегі» атты фото-галерея сайысынан II орын; 2020 жылы Орал қаласында өткізілген облыстық «Бұраң бел» атты байқаудан «Хореография» халық биі (11-13 жас) номинациясы бойынша «Шұғыла» би ансамблі құрамында I орын алып, марапаттар санын еселей түсті.
      Сүйікті ісі: Сурет салу, ән айтып, би билеу, кітап оқу, музыка тыңдау. 
Арманы: Оқуын ойдағыдай бітіріп, жоғары білімді, білікті дәрігер болу.

Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости