Ибрай Аяна

Рейтинг:

«ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТІП, АДАМДАРҒА ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАҒЫМ КЕЛЕДІ»
 
      Бірнеше халықтың ұлттық, заманауи билерін меңгерген, республикалық және халықаралық өнер сайыстарының жеңімпазы, талантты биші Аяна Асланбекқызы 2012 жылдың 14 қазанында Атырау қаласында дүниеге келді. Өнерге деген қабілеті кішкентай кезінен бүр жарып, «Арай» балабақшасында жүргенде тәрбиешілерінің қолдауына ие болып, түрлі іс-шараларда өнерін көрсете білді. №38 мектеп-лицейінің табалдырығын аттағаннан кейін бойындағы ұшқынды жалынға ұластырып, ұстаздарының көзайымына айнала білді. Құт дарыған шаңырақта сіңілісі Жасмин екеуі ардақты әкесі Жолмағамбетов Асланбек пен аяулы анасы Жұбанәлиева Ақмаралдың мейірім-махаббатқа толы құшағына оранып өсіп келеді.
      Сабақтан тыс уақыттары анасына үй шаруасына да көмектесіп, оқушының жан-жақтылығын дамытатын қосымша сабақтар мен үйірмелерге де қатысады, анасымен бірге ағылшын тілі курсына, кітапханаға барады. «Жібек жолы» би ансамбліне қатысады. Мінезі ашық, жаны жомарт, мейрімді Аяна өнер жолын, би шығармашылығын шыңдап,  үнемі дайындық, ізденіс үстінде жүреді. Тек алға ұмтылуды көздеп, әрдайым жақсы ойларды ойлап, игі істерді атқаруға дайын тұратын арманшыл, ізденімпаз Аянаның армандары орындалар күн де алыс емес. 
      Жетістігі: 2018 жылы өткізілген «Математическая регата» Республикалық пән олимпиадасынан II орын, Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген көркем гимнастикадан «Каспий жұлдыздары» атты облыстық чемпионаттан және e-edu.kz Республикалық «Инновациялық білім» орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «ПОЛИГЛОТИК» Республикалық олимпиадасынан II орын алған жүлдегер. Халықаралық «ПОНИ» байқауының жүлдегері. Ұстазы Бекберова Куляш апайына шәкірттік алғысы шексіз. Аянаның бойындағы білімге құштарлық, ізденгіштік, айналасына үмітпен қарау сияқты ізгі қасиеттерінің жетілуіне ұстазының қосып жатқан үлесі зор. 2019 жылы Республикалық «ATYRAU MUSIC FESTIVAL» байқауына қатысып өзгелерден озық шыққаны үшін I орын, Ресейдің Астрахань қаласында қазіргі заманауи өнер бойынша  «ЖАР-ПТИЦА» IV  Бүкілресейлік фестиваль-байқауынан «Жібек жолы» би және сән орталығының құрамында «Әжемнің сыйлығы» атты қазақ биімен  және «Эстрадалық би» жанры бойынша америкалық би «Чарлстон» композициясы бойынша I дәрежелі Диплом иегері. 2019 жылы балалар мен жасөспірімдер, ересектер шығармашылығы «Таңғы шұғыла» Халықаралық көпсалалы фестиваль-байқауынан «Жібек жолы» би және сән орталығының құрамында «Американский танец» композициясымен I дәрежелі Диплом иемденді. 2020 жылы Атырау қаласында өткізілген «Премия нового Формата – 2020-2021» Халықаралық фестиваль-байқауында «Әжемнің сыйлығы» атты қазақ биімен Гран-При иегері атанып, мерейі үстем болып, жақындарына үлкен қуаныш сыйлады. «Народный и народно-стилизованный танец» байқауында Гран-При иемденді.
      Сүйікті ісі: Сурет салу, қолөнермен айналысып іс тігу, суда жүзу, би билеу
      Арманы: Жоғары білім алу, сәулетші болу. Өз ісінің майталман шебері атану.

Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Марал- 17 августа 2020 00:30
супер! талабына нур жаусын кызым

Айгул- 17 августа 2020 09:36
Алла тил козден сактап,биик жетистиктерден корине берсин.Ата- анасы аман болып,Аяна кызымыздын онери орге жузип,куанта берсин. 
Мен куанамын ,артымыздан онерли,Жасминага улги болар синлимиздин осип келе жатканына. Атасы Ыбрай кокемиз бен ажеси Жулкизза женгемиздин аруактары риза болып, желеп жебеп жатсын 

Последние новости