«ВИРТУОЗ-ПИАНИСТ БОЛУ – БАСТЫ АРМАНЫМ»
«Адамгершілік – асыл қасиет» деген ұстанымдағы өрелі өрен Уалиулла Шамиль БҚО облысы, Орал қаласында 2010 жылы 8 сәуірде дүниеге келген мәрт мінезімен, Ол – ардақты әкесі Ерболат пен аяулы анасы Алмагүлдің үкілі үміті, отбасының тұңғыш перзенті. Шамилдің ізінен ерген інісі Рамиль және Найира, Ерке есімді сүйікті қарындастары бар. №31 «Балдәурен» балабақшасында тәрбиеленіп, жақсы қасиеттерін жетілдіре түсті. Білімпаз шәкірт Уалиулла Шамиль қазіргі кезде №43 Жалпы о
рта білім беру мектебінің 3-сыныбында білім алуда. Інісі екеуі бір мектепте оқиды. Екеуі де оқу-білімге ынталы, зерек, екеуі де спортпен айналысады.
Жетістігі: 4 жасынан менталды арифметика бойынша Халықаралық UCMAS зияткерлік дамыту академиясының студенті, деңгейі – Higher A. 6 жасынан «Zanshin» клубында каратэ-до Шотокан спортымен айналысады. Менталды арифметика бойынша Халықаралық UCMAS зияткерлік дамыту орталығын 2017 жылы «Elementary А» деңгейі бойынша үздік бітіргені үшін Сертификат иегері; менталды арифметика бағдарламасы бойынша қалалық олимпиаданың Дипломымен марапатталды. «ДАРЫН» Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйымдастырған «Білім жолы» зияткерлік марафонының Сертификат иегері. 2017 жылы – Zanshin клубының каратэ-до спорты бойынша өткізген Ашық турнирінде кумите бағдарламасында ІІ орын жүлдегері. 2017-2018 ж.ж. Халықаралық «Пони» қашықтық олимпиадасының Диплом иегері. 2018-2019 жылдары мектептегі үздік жетістіктері үшін Мақтау қағазымен және Жоғары зияткерлік дағдысы мен шығармашылық табыстары үшін Мадақтамасымен, Бастауыш сынып оқушылары арасында өткен «Математика» пәнінен қашықтық Республикалық олимпиадада І орын Дипломымен марапатталды. 2018-2019 жылдары UCMAS менталды арифметиканың Халықаралық бағдарламасы бойынша қысқы турнирге қатысқаны үшін Сертификат және осы турнирде ІІІ орын Дипломын иемденді.2018 жылы Жапон дәстүрлі жекпе-жек өнері каратэ-до бойынша семинарының Диплом иегері.2019 жылы Visual Competition «Intermediate А» деңгейіндегі UCMAS Kazakhstan менталды арифметика бойынша Еуразиялық Зияткерлік Олимпиада жүлдегері, ІІІ орын иегері; «Бізбен бірге жеңіске жет» атты қалалық турнирінде ІІ орын Дипломын; «Алтын қор» Халықаралық энциклопедиясының редакциялық кенесінің шешімімен «Жас данышпандар» номинациясы бойынша І дәрежелі Диплом иегері. Zanshin клубының каратэ-до спорты бойынша өткізген ашық турнирінде кумите бағдарламасының ІІІ орын иегері.2020 жылы «SAMURYQ» өнер-білім орталығы ұйымдастырған қашықтық Республикалық пәндік олимпиаданың «Орыс тілі» және Математика пәндері бойынша І дәрежелі Диплом иегері.
Сүйікті ісі: Туризм, балық аулау, пианинода ойнау, сурет салу, лего құрастыру.
Арманы: Өнер әлемінде танымал тұлға, жарық жұлдыз, виртуоз-пианист атану.