Бисенова Нурай

Рейтинг:

    Бисенова Нұрай – 2006 жылы 4 сәуірде дүниеге келген атыраулық өнерлі ару. Есенқызы Нұрай 2011 жылы №6 «Гүлдер» балабақшасының бүлдіршіні атанып, тәрбие ошағында танымдық қабілетін жетілдірді. Бүгінгі таңда Атырау қаласының үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандырылған №30 мектеп-гимназиясында оқиды. Сынып жетекшісі Айгүл Қеңесалиқызы Жаназарова. Нұрай биді өте жақсы көреді, жеті жасынан «Жұлдыз» халық ансамблінде бимен айналысады. Би жетекшісі, хореограф Сеитова Жаңылсын Сигуатқызы. Бисенова Нұрай – үлкен берекелі Құлжановтар отбасының үкілі үміті. Атасы Бисен және әжесі Людмила – қадірменді зейнеткерлер. Атасы бау-бақшамен және үй құстарын өсірумен айналысады, ал әжесі тігін тігеді. Әкесі Есен мен анасы Анаргүл – абыройлы қызмет иелері. інісі Муслим, сіңлісі Айша жүзуді жақсы көреді. Айша жүзуден жарыстарға қатысып жүр. Балалардың ең кішісі Ибрагим – қылығы тәтті екі жасар сәби. 

    Жетістігі: №6 «Гүлдер» балабақшасы, «Веселые старты» грамота иегері; Атырау қалалық әкімдігі Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, «Би думаны-2014» Халықаралық би күні диплом иесі, ІІІ орын; Атырау қалалық әкімдігінің Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңындағы «Би думаны-2015» Халықаралық би күні диплом иегері, ІІ орын; «Альтаир-Анталия» балалар лагері атынан грамота, ІІІ орын, Түркия; «ISMA» орталығы – Ментальды арифметика курсы. Сертификат 1-2-3 деңгейі, 2016 жыл; Атырау қалалық әкімдігі Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, ҚР Тәуелсіздігіне 25 жылдығы қарсаңында Халықаралық би күні «Би думаны-2016» дипломы; «Ақ көгершін» Х халықаралық фестиваль-конкурсы ІІ орын дипломы, Нұр-Сұлтан қаласы-2016; №30 мектеп-гимназия, «Алтын күз», ІІІ орын дипломы, 2016; №30 мектеп-гимназия мектеп өміріндегі қоғамдық жұмыстар үшін иеленген Алғыс хаты, 2016-2017 оқу жылы, Атырау қаласы; Мектепішілік Парад литературных героев «Образы нашей славянской мифологии» грамотасы, 2018 жыл; «Ритм творчества» халықаралық шығармашылық фестивалі «Заманауи билері үшін» І-ІІ орын, «Халық биі үшін» І орын және бүкіл «Жұлдыз» ансамблі Гран-При иегері атанады. Атырау-2019 марафоны мүшесі.

    Сүйікті ісі: Би билегенді ұнатады.Суда жүзуді де жақсы көреді. Ағылшын тілінің тереңдетілген курсына қатысады. Кондитерлік өнімдерді пісірумен айналысады. 

    Арманы: Келешекте «кәсіби хореограф», талантты биші болғысы келеді.


Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости