Ермагамбетов Амир

Рейтинг:
    «Білім – ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек» деп ұлы ақын Абай Құнанбаев өзінің отыз екінші қара сөзінде айтқандай, алдымен, ақылмен азықтанып, білім бәсекесіне аттанған Ермағамбетов Әмір Қабдоллаұлы – тумысынан зерек, алғыр жеткіншек. 
     Әмір Қабдоллаұлы 2004 жылы 6 шілдеде Қазақстанның елордасы қазіргі Нұр-Сұлтан қаласында дүниеге келді. Сүйікті қаласының таңғы арайлы шапағымен ержеткен бала алғашқы танымдық қабілетін отбасында жетілдіріп, әдеп әліппесінің бетін парақтай отырып, талантты өрен 2011 жылы Қазақ Ұлттық Өнер университетінің «Фортепиано» (пианист) сыныбына оқуға түсті.
    Әмір – толық отбасында дүниеге келген, жанұяның көптен күткен екінші перзенті. Парасатты, биік ұстанымдағы абзал әкесі Ермағамбетов Қабдолла Тәшімұлы – жоғары білімді энергетик, өнерге біртабан жақын болды. Музыкалық қабілеті мен музыканы қабылдауы өте керемет болатын. Осындай асыл қасиеттері Әмірдің бойына дарығаны анық. Өкінішке орай, ардақты әкесі 2006 жылы өмірден озып, жарқын бейнесі естелік болып қалды. Ұлағаты мол атасы Ермағамбетов Тәшім – құрметті теміржолшы, көп жылдар басшылық қызмет атқарған абыройлы азамат еді. Алтыннан қымбат әжесі Ермағамбетова Несібелді Әлсенқызы – ұлағатты ұстаз, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Мейірбан, аяулы анасы Ермағамбетова Гүлнар Жетенқызы – 2003 жылға дейін Целиноград Балалар үйінде тәрбиеші қызметін абыроймен атқарған жан. Отбасының тұңғышы, арқа сүйер ағасы Ермағамбетов Саят Қабдоллаұлы – білікті маман, заңгер. Ағасы Саят пен сүйікті жеңгесі Адина – Әмірдің барлық бастамаларының қолдаушысы, ал сүйкімді жиен қарындасы Самира – Әмірдің әрбір жетістігіне қуанып, ағасын мақтан тұтатын сүйкімді балауса.
    Сапалы білім, ұлағатты тәрбиемен қалыптасқан жас буынның болашақ келбетінде өзіндік орны бар «нағыз» адам болып шығатыны хақ. Еңбек пен білім қосылған кезде ғана, жеңіс жолы алыстамайтыны рас. Әмірдің жасына қарап емес, мәдениеттілігі мен біліміне қарай бағалауымыз керек. Мінезі ашық, кеңпейіл жанның өзіндік ұстанымдары қалыптасқан деуге болады. Ол өзгелерге қамқор, көмегі қажет болған жандарға қол ұшын беруге даяр тұрады. Алдына нақты мақсат қойып, оған жету үшін күресе біледі. 
    Ішкі жан дүниесінде ерекше күш бар талапшыл шәкірттің жетістігі толастар емес. Ермағамбетов Әмір – VIII Халықаралық «Астана-Мерей» жас орындаушылар байқауының II сыйлығының лауреаты, «Салют талантов» халықаралық жобасы аясында балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының «Просторы вдохновения» ІІ Халықаралық фестиваль-конкурсының I дәрежелі сыйлығының лауреаты, комозитор С.В.Рахманиннің 145 жылдығына арналған халықаралық конкурстың ІІІ дәрежелі жүлдегері, «Астана-Мерей» ХIV халықаралық жас орындаушылар байқауының дипломанты, «Фортепианолық ансамбльдер» фестиваль-конкурсында қазақстандық композиторлардың шығармаларын үздік орындағаны үшін диплом иегері атанған дарынды өнерпаз.
    Білім деп аталатын асыл тас ешқашан тот баспастан жалтырай да, жарқырай да беретініне сенетін Әмір Қабдоллаұлы – «Дәптерлер» сайысында І дәрежелі Құрмет грамотасы, мектеп өміріне белсенді қатысқаны үшін алғыс хат, жаратылыстану пәні бойынша «Адам және табиғат» халықаралық ойын сайысының жеңімпазы, диплом иегері. «Музыкалық әдебиет» олимпиадасында І орын мадақтамасы, «Ақбота-2014» зияткерлік марафонына қатысқаны үшін сертификат, «Золотое Руно» зияткерлік сайысының сертификаты, «Жақсы оқығаны және үлгілі тәртібі үшін» алғыс хаты, «Час веселой математики» ойынына белсенді қатысқаны үшін сертификаты, «Зият» қазақ тілі пәні бойынша IV жалпықазақстандық қашықтық олимпиадасының сертификаты иегері атанған озық ойлы білімпаз шәкірттің алар асуы әлі алда.
     Білім мен өнер әлемінде талай шыңдардан асып, биік белестерді бағындыра бер, Әмір Қабдоллаұлы!



    Жизнь всегда дает шанс, и если уметь им воспользоваться, то можно достичь больших высот. Родиться и жить в столице страны как бы изначально дает преимущество, ведь принято считать, что в больших городах больше возможностей и перспектив. Без сомнения, в этом есть доля истины. Но если не работать над собой, не прилагать максимум усилий для расширения кругозора и повышения интеллекта, то это преимущество, данное при рождении, не принесет должного результата. 
    Однако, повествуемый нами герой – Ермагамбетов Амир Кабдоллаевич, родившийсяся в городе Астана 6 июля 2004 года, несмотря на свой юный возраст уже имеет множество побед и достижений, как по общеобразовательным предметам, так и в других сферах. В 2011 году Амир поступил в школу Казахского Национального Университета искусств по классу «Фортепиано».
    Появился одаренный мальчик в дружной и интеллигентной семье долгожданным вторым ребенком, где отец, Ермагамбетов Кабдолла Ташимович, по образованию – энергетик, был очень близок к искусству и обладал потрясающими музыкальными способностями, унаследованные Амиром. Мама, Ермагамбетова Гулнар Жетеновна работала в Целиноградском «Доме ребенка» воспитателем. Особым уважением и любовью в семье относятся к старшему поколению, это дедушка, Ермагамбетов Ташим – почетный железнодорожник, занимал руководящие должности,отличный семьянин, отец и дед, прививавший своим детям и внукам любовь к музыке с самого детства. Бабушка, Ермагамбетова Несибельды Альсеновна – педагог, учитель казахского языка. У Амира есть единственный старший брат, Ермагамбетов Саят Кабдоллаевич, выпускник КазГЮА по специальности «Юрист», также имеющий отличные способности к музыке и прививавший их Амиру с раннего детства. Супруга брата, Артыкбаева Адина Казбековна – адвокат по гражданским и уголовным делам, дочь, Ермагамбетова Самира Саятовна учится в школе-лицее №17 г.Астана, занимается профессиональными танцами, является лидером класса и тоже обладает музыкальными и ораторскими способностями. Первого июля 2019 года у них родился сын, Батыр, младший братик Самиры и Амира. Самира очень любит и гордится своим братом Амиром. 
    В связи с болезнью, 29 сентября 2006 года скоропостижно ушел из жизни папа Амира, и вся ответственность за семью легла на плечи старшего брата – Саята. Все свободное от работы время он посвятил образованию и развитию во всех направлениях своего младшего братика, который глубоко уважает и ценит его внимание и помощь. Амир старается оправдать доверие и надежды мамы и брата, прекрасно учится, активно участвует в конкурсах и олимпиадах как образовательных, так и творческих, заслуженно занимая призовые места. В копилке достижений талантливого и разностороннего мальчика можно отметить следующие награды:
• Обладатель почетной грамоты I-й степени,2«Б» класс, в школьном конкурсе «Дәптер – оқушы айнасы»;
• Благодарственное письмо за активное участие в жизни школы, 2«б» класс;
• Диплом победителя Международного игрового конкурса по естествознанию «Человек и природа»;
• Грамота за I-е место, в Олимпиаде по «Музыкальной литературе», 2018г;
• Сертификат участника за участие в интеллектуальном марафоне «Ақбота-2014»,3«Б» класс;
• Сертификат за участие в интеллектуальном конкурсе «Золотое руно», 3«Б» класс, 2014г.;
• Благодарственное письмо за хорошую учебу и образцовое поведение, 5«Б» класс;
• Сертификат с отличием за активное участие в игре «Час веселой математики», за 2015-2016 год;
• Сертификат за выступление на IV-й общеказахстанской дистанционной олимпиаде по казахскому 
языку «ЗИЯТ» 2017-2018 учебный год.
• Лауреат II-й премии VIII-го Международного конкурса юных исполнителей «Астана-Мерей» (2012г.);
• Лауреат I-й премии II-го Международного фестиваля-конкурса детского и юношеского творчества «Просторы вдохновения» в рамках Международного проекта «Салют талантов» (Астана 2013г.);
• Лауреат III-й премии Международного конкурса, посвященного 145-летию С.В. Рахманина (г. Павлодар, февраль 2018г.);
• Дипломант ХIV-го Международного конкурса юных исполнителей «Астана-Мерей» (декабрь 2018г.);
• Диплом за лучшее исполнение произведения казахстанского композитора «Фестиваль – конкурс 
фортепианных ансамблей»,2019г.
    Основным увлечением успешного и одаренного музыканта, обучающегося в лучшем ВУЗе страны, являются, конечно, занятия музыкой, танцами, актерским мастерством. Для общефизического развития, Амир свободное время отводит и спорту. Но основная цель и мечта талантливого музыканта – это быть любимцем публики, занять в сердцах зрителей свое, особое место. Можно быть уверенными в том, что имея столь небычные способности и упорную целеустремленность, Амир займет в будущем достойное высокое место в мире музыки и искусства.
    Родные и близкие Амира глубоко благодарны руководству, администрации и всему преподавательскому составу КазНУИ за большой труд, внимание и заботу к детям, за огромный вклад в образование, воспитание и развитие будущего поколения Казахстана.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости