Асқар Ақынсара мен Әскер Ұлдана

Рейтинг:


ӨНЕРДІҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗДАРЫ
 
      Асқар Ақынсара Мейрамбекқызы мен Әскер Ұлдана Мейрамбекқызы шаңырағына кие дарыған әулеттің көкте жайнаған қос жұлдызы. Ақынсара 2013 жылдың 27 наурызында, ал Ұлдана 2007 жылдың 29 қаңтарында Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласындағы Назаровтар отбасында дүниеге келді. Ақынсара есімінің қойылу себебі, үлкен әжесінің туылған күнінде дүниеге келгендіктен, сол кісі сияқты парасатты, елге сыйлы азаматша болып өссін деген қазақи ырыммен қойылған. Сұлулық пен сымбаттылықты тал бойына сыйдырған Ақынсара мен қолына қылқаламын алғанда суретке тіл бітіретін, дәстүрлі әнді орындауда өзіндік әсем үні бар күміс көмей өнерлі Ұлдана екеуі бүгінде Түркістан қаласындағы №8 мектепте білім алып келеді.
      Зерделілік пен зейінділікті ашып, білімін тереңдете толықтыру мақсатында сабақтан тыс түрлі қосымша сабақтар мен үйірмелерге барып жүрген қос талант иесі интеллектуалдық сайыстар мен пән олимпиадаларында топ жарып келеді. Екеуі де өз қатарластары алдында беделді, қоғамдық жұмыстарда белсенді, «Көктем», «Күз Аруы» секілді сайыстардың жеңімпаздары. Мектепішілік пән олимпиадалары мен сұлулық сайыстары, шығармашылық байқаулардан жеңіс қоржындары бос қайтып көрген емес. Сонымен қатар өзін-өзі дамыту үшін интернет арқылы қашықтықтан өткізілетін интеллектуалдық сайыстарға жиі қатысып тұрады. Оқуда озат, сыныпта белсенді дарынды шәкірт Ақынсараның өз жанынан шығарған өлеңдері де, мұғалімдер жағынан жақсы баға алып жүр. Бұл да болса ақынжанды Ақынсараның жүрегінен жарып шықан отты жырларының тыңдарман жүрегіне жеткендігі. Табиғаттың бұлжымас сұлу қалпын қағаз бетіне түсіре білген, екі ішекті домбыраға ерекше күй бере білген, дәстүрлі әншілік қабілеті бар Ұлдана мәнерлеп оқи білетін күміс көмей, шәкірт.
      Сабақтан тыс уақыттары біріге қимылдап, анасына көмектескенде үй ішін жайнатып жіберетін ағайынды сұлулардың өрісін кеңейтіп, ақыл-кеңесін үнемі айтып отыратын алтыннан да ардақты ата-анасы бар. Қос шынар алып бәйтеректері әкесі Назаров Мейрамбек Асқарұлы мен анасы Ғибадат Жапбарқұл Құдайбергенқызы абыройын асырып, мерейін өсіріп келе жатқан талапты жастар. Шығармашылық байқауларда тыңдарманын тәнті етіп, әр салада қалам қабілеттерін көрсетіп келе жатырған Ақынсара мен Ұлдананың Назым, Әсем есімді бауырлары бар. Ақынсараны білімге, өнерге баулып, 3 жасында әріп танытқан әпкесі Әсем болатын. Бірге күліп, қатар жүріп, жетістіктерге де бірге жетіп жүрген, жүрегін жалын, кеудесін дарын иектеген қос ұлан білім саласымен қатар өнерде де жарқырап тұрар қос жұлдыз. 
      Ақынсараның жетістіктері: 
      - Математика пәні бойынша өткізілген "Кенгуру - математика барлығы үшін" халықаралық зияткерлік сайысынан І орын;
      - Тәуелсіздіктің 27 жылдығына орай ұйымдастырылған "Мен өнерлімін" байқауынан І орын;
      - Ұлттық "Бала дауысы - 2019" балалар ән байқауының Лауреаты;
      - Республикалық "Ұлы дала ұрпақтары" байқауынан "Вокал" жанры бойынша өнер көрсеткені үшін Бас жүлде;
      - Халықаралық "Art baiterek  Almaty" байқауынан ІІ орын;
      Сүйікті ісі: домбыра тарту, кітап оқу
      Арманы: дәрігер болу

      Ұлдананың жетістіктері:
      - 2017 жылы «Жас ғалым - жастар» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Самұрық» математикалық зияткерлік сайысынан II орын; 
       - 2016-2017 оқу жылдары Бастауыш сынып оқушылары арасында өткен қазақ тілі олимпиадасындағы үздік білімі үшін I дәрежелі диплом; 
       - 2018 жылы Түркістан облысының 2-11 сынып оқушылары арасында өткен «Алтын қыран – ерекше дарын иесі» зияткерлік олимпиадасынан III орын;
       - 2019 жылы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында жастарды отансүйгіштікке, ұлттық рухта тәрбиелеу, адамның ішкі жан-дүниесін, рухани байлығын, терменің айтылу ерекшелігін халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «БАБАЛАР РУХЫ ҮН ҚАТТЫ» атты ән-терме орындаушылар байқауынан II орын;
       - «SUN OF TALENTS» Бірінші халықаралық балалар мен жасөспірімдердің фестивалінен «Вокал», «Дәстүрлі ән» аталымы бойынша Гран-При (Халық әні «Абай көк», Жетекшісі О.Ә. Алдашүкірова);
       - 22-Наурыз Ұлыстың Ұлы күніне арналған «Наурыз – бірлік» атты қалалық әнші, термеші, күйшілер байқауынан II орын; 
       - Нәзір Төреқұлов атындағы музейде өткен қала оқушылары арасындағы «Қанекей, тілім сөйлеші!» атты жыр-термешілер сайысында үздік өнер көрсетіп, белсенділік танытқаны үшін Алғыс хат; 
       - Ұлттық "Бала дауысы-2019" балалар ән байқауының Лауреаты;
       - «Нұр Әлем Жұлдыз» атты I Халықаралық көпжанрлы балалар, жасөспірімдер мен ересектер арасында өткен фестиваль-байқауынан Гран-При;
       - 2019 жылы Бүлдіршіндер мен мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған Республикалық «Ұлы дала ұрпақтары» өнер мен білім байқауында «Вокал» жанры бойынша Бас Жүлде;
       Сүйікті ісі: кітап оқу, тігін тігу, спорт ойындарын ойнау
       Арманы: модель болу
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости