Аликул Кемел

Рейтинг:
   
      «Жетістіктің тоқсан пайызы – тер, он пайызы – шабыт» деген ұстанымдағы жалынды, жігерлі, қабілетті өрен. Ақмола облысы, Степногорск қаласының перзенті. 2011 жылдың 23 желтоқсанында өмір есігін ашқан.
      Отбасының саялы бәйтерегі, ұлағатты атасы Исмайлов Аликул Бапаұлы  – балалар көз дәрігері болса, мейірбан, ақ пейілді әжесі Бегимбаева Закида Рахаддиновна – эпидемиолог-дәрігер. Ақ халатты абзал жандардың қатарында әкесі, ағасы, әпкесі де бар. Қамқор ағасы – Исмаилов  Ершат Аликулұлы – Степногорск қалалық емханасында   терапевт-дәрігер, ал әпкесі   Исмаилова Гулбах Аликулқызы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Достық» емдеу орталығының терапевт-дәрігері. Адамгершілігі мол ардақты әкесі Исмаилов Бердак Аликулұлы – Степногорскідегі көпсалалы ауруханада   кардиолог-дәрігер қызметін абыроймен атқарып жүрген азамат. Көркем мінезді, нұр шұғылалы анасы Жолдыбаева Фариза Бердибекқызы  №1 «Айгөлек»  балабақшасының логопед-мұғалімі қызметінде. Анасы тағы бір перзентін асыға күтуде. Талапты, дарынды балақай алдымен Степногорск қаласындағы №1 «Айгөлек»   балабақшасына барып, таным көкжиегін кеңейтті. Өресі биік өрелі ұл, білімпаз шәкірт бүгінде Степногорск қаласының білім бөлімінің «№9 орта мектебі» мемлекеттік мекемесінде 2 «А» сыныбында білім баспалдығымен біртіндеп көтерілуде. Салауатты өмір салтын ұстанатын көпшіл ұлан мектептен тыс өтетін барлық қоғамдық іс-шараларға белсене қатысып, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Өнерге бір табан жақын Кемел – спорттық жарыстардың да жеңімпазы. Домбыра үйірмесіне үзбей қатысып, өнерін шыңдап жүреді. 
      Жетістігі: 2017 жылы 8-Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған іс-шараға өз үлесін қосқаны үшін және 30 метрге жүгіруден 6.6 секунд нәтижемен І орынға ие болып, Мадақтама иегері атанды. 2017-2018 оқу жылы Білімқұмар балаларға арналған «Ертегілер әлемінде» тақырыбы бойынша Республикалық «Үркер» зияткерлік марафонының қатысушысы сертификат иегері; 2018 жылы Кіші доп лақтырудан 11 метр нәтиже көрсеткені үшін ІІІ орын және Мадақтама; осы жылы 30 метрге жүгіруден 6.1 секунд нәтижемен І орын үшін Мадақтамамен марапатталды. 2019 жылы «Бала шабыты» Халықаралық конкурстық жобасының «Unigue Stars» дарынды балалар мен жасөспірімдер байқауында 7-16 жас аралығында «Орындау өнері» номинациясы бойынша домбырада өнер көрсеткені үшін І орын жүлдегері және диплом иегері.
      Сүйікті ісі:  Домбыра тарту, шахмат ойнау, достарымен серуендеу, өзін-өзі дамыту.
      Арманы: Кемел келешегінде аспан әлеміне қатысты зерттеу жұмыстарын жүргізу. Дәрігерлер династиясын жалғастырып, ақ халатты абзал жандардың қатарын толықтыру. Қандай іс атқарса да, халқына пайдалы болып, еліміздің мақтан тұтар азаматына айналу.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Альфия- 24 февраля 2021 17:45
Өркенің өссін, Кемелжан

Гулбах- 24 февраля 2021 17:47
Малодец так держать 

Айнур- 24 февраля 2021 17:49
Кемелжан,өнерің өсе берсін!

Бердак- 24 февраля 2021 18:44
Балапаным қадамың алға басаберсін. Денің сау, көз алдымызда ойнап күліп жүребер. Сені жақсы көреміз. Жаным сол.

Фариза- 24 февраля 2021 19:40
Ақылдым менің. Тіл-көзден сақтай көр

Асылбек- 10 марта 2021 14:56
Кемел жарайсын Талабына нур жаусын

Баян- 10 марта 2021 15:48
Талабына Нур жаусын балам

Последние новости