Қуанышқалиев Асет Қаленұлы 2007 жылдың 16 маусымында Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында дүниеге келді. Бүгінгі таңда Ақтау қаласында орналасқан №7 Н.А.Марабаев атындағы лицейінің үздік оқушысы.
«Отбасы шағын мемлекеттен тұрады. Менің де өз отаным, шағын мемлекетім бар. Әулетіміздің қазыналы қарты, бәйтерегіміз атам Кокшеев Қуанышқали мен нағыз парасат иесі ақ жаулықты әжем Абдиева Айман Танатқызы біздің қызығымызды көріп, марапатымызға марқаюда. Осы кісілердің арқасында мен мектебімнің мақтанышы болып жүрмін. Асқар тау әкем Кокшеев Кален Куанышкалиұлы мен аяулы ан
ам Хаятуллаева Марал Жумагалиқызының тұңғышымын. Анам мен әкемнен, атам мен әжемнен алған тәрбиемді қарындасым Гүлім мен інім Ұланға үлгі етемін. Бауырларыма әрқашан қамқор аға болып, ақылымды айтып жүремін»,– дейді Асет отбасы жайлы өз жазбасында.
Жетістіктері: Асет – ІІІ республикалық «Алатау шыңы» балалар мен жастар байқауында «Аспапта орындаушылық өнері, Домбыра» номинациясы бойынша жоғары деңгейде өнер көрсетіп, І дәрежелі лауреат атанып, дипломмен марапатталды. 2018 жылы I республикалық «Өнерім – еліме» атты фестивалінде ІІ дәрежелі лауреат атанса, «Ұлы Дала Ұрпағымыз» тақырыбындағы балалар мен жастар арасындағы республикалық байқауда «Аспапта орындаушылық өнері» номинациясы бойынша жоғары деңгейде көрсеткен өнері үшін I дәрежелі жеңімпаз деген абыройлы жетістікке қол жеткізді. 2013 жылы «Программамассовый спорт» атауындағы «Мега-Данс» би-спорт клубында ұйымдастырылған жарыста V орын жүлдегері болып, 2015 жылы Тәуелсіздік күніне арналған ашық сайыста І орынға табан тіреді. Білімін жетілдіре жүріп, 2018 оқу жылы барысында Ақтау қалалық менталды арифметика олимпиадасында ІІ орын, республикалық менталды арифметика жарысында ІІІ орын иегері атанды. Сонымен қатар, 2018 жылы Египет қаласында өткен VII-VIII халықаралық олимпиадалық бағыттағы сайыста ІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, елге үлкен абыроймен оралды.
Сүйікті ісі: Домбыра ойнау және шеберлігін одан әрі арттыру, футбол ойнау, интеллектуалдық өрлеуге жол ашатын ойындар арқылы таным көкжиегін кеңейту.
Арманы: Ата-анасы, отбасының үмітін ақтау, еліміздің атын әлем сахнасында қалықтату, қазақтың ұлттық өнерін әлемге таныту.