Ерғали Ернұр

Рейтинг:
      

      Ерғали Ернұр – өнерлі, білімді, талапшыл. 2009 жылдың 9 маусымында өмір есігін ашты. Алғашқы таным баспалдағын 2-
Шыңжаңдағы «Қарлығаш» балабақшасында басталса, қазіргі таңда №83 мектеп-гимназиясының 4 «в» сыныбын аяқтаған оқу үздігі. «Отан отбасынан басталады» демекші, берекелі, бақытты отбасында әкесі, анасы және өзінен кейінгі екі інісі бар. Қазыналы қарттары атасы мен әжесі Қытай елінде тұрады. Білім мен өнерге құштар ару 5 жасынан би үйірмесіне қатысты. Би өнерінің 6-дәрежесін алса,  фортепианоның 3-дәрежесіне ие болды. Жан-жақты талант иесі әнге де қатты құмар, телеарналарға  шығып, көптеген жарыстарға қатысып келеді.  Бейжің қаласында алтын сыйлық иегері атанған өнерпаз қазіргі таңда «ҚАРАҚАТ СТУДИЯСЫ» мектебінде дәстүрлі ән және актёр шеберлігі үйірмесіне барады.      
           Жетістіктері: 2015 жылы 6 жасында Қытай Халық Республикасының Бейжің қаласында өткізілген «КӨҢІЛДІ МЕКТЕП АУЛАСЫ» жарысында I-орын алтын сыйлық иесі; Шыңжаңда өткізілген «БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ, БАҚЫТТЫ ШЫҢЖАҢ» жарысында I орын; 2016 жылы Астана қаласы Оқушылар сарайында өткен «SILK WAY» би жарысына I дәрежелі; 2017 жылы «ДАРЫН» интеллектуалдық марафоны математикадан СЕРТИФИКАТ; Астана қаласы  ЖАСТАР САРАЙЫНДА өткізілген Халықаралық конкурсында I орын;   Халықаралық балалар мен жасөспірімдерге арналған «АҚ БОТА» би өнер байқауында I орын; 2018 жылы Астана қаласы бойынша «СИҚЫРЛЫ КӨКТЕМ»  Республикалық интернет байқауынан II дәрежелі орын; 2018 жылы Астана қаласы бойынша өткізілген Махамбет сарайындағы «ӘЛЕМ ӨНЕРІ» эстрадалық би I орын; 2018 жылы «ШАБЫТ ЖҰЛДЫЗЫ» телевизиялық жобасына қатысқаны үшін сертификат; Республикалық «ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК» атты Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқудан және өлеңіне жазылған әндерден жасөспірімдер мен балалар арасындағы ән жыр байқауының «Көркем сөз» номинациясы бойынша I дәрежелі; «Эстрадалық вокалдан» II дәрежелі орын және екі сыйлық алды; 2019 жылы Нұр–Сұлтан қаласы оқушылар сарайында өткен «MEGA FEST» би жарысынан  I орын; Логикалық Математикадан өткізілген «ЗЕРДЕЛІ ТҰЛҒА – 2019» олимпиадасының қысқы кезеңінің қорытындысы бойынша III-орын;  Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында 2-6 сәуір күндері Халықаралық балалар әдебиеті күніне арналған «КІТАП – САРҚЫЛМАС ҚАЗЫНА, ҒАЖАЙЫП ӘЛЕМ!» атты қимылында алғыс хат иегері.

      Сүйікті ісі: халық әндерін айту, кітап оқу.
      Арманы: Болашақта ұстаз болу. 
      ТДК42 каналында  жүргізуші болып мақала оқыып шықты , журналға шықты
      Ресбубликалық "Қош келдің жаңа жыл 2021 " баллармен жасөспірімдерлер арасындағы өнер байқауында бас жүлде алды.
      XIII ресбубликалық "Менің отаным - Қазақстан " көркем сөз байқауы бойынша бас жүлде алды.
      XIII Халықаралық" Жырлайды жүрек " Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл мерей тойына арналған байқаудың "Көркем сөз " жанры бойынша Бас жүлде иегері болды .5-В сынып оқушысы Ернұр Ерғали қызы.

      5-В сынып оқушысы Ернұр Ерғали қызы .Әдепті , әдемі қыздарымыздың  бірі. Сыныбымыздағы үздік оқушылардың қатарынан . Қоғамдық , әлеуметтік іс- шараларға белсенді қатысады . Сабақтан сырт уақытында кітап оқуды жақсы көреді . тіпті балалар кітапханасының тұрақты , белсенді оқырманы . 2021 жылы балалар мен жасөспірімдердің оқуын қолдау жылы деп аясында ұсынылған  "кел балалар оқылық " you tube каналының жүргізушісі болып белгіленді . Таң шолпан бағдарламасында балаларға  кітап оқу жайында сұхпат берді . Кітап оқу адамды кемілдендіретін рухани қазына.

      2016 жылдан бастап Қарақат Мектеп Студиясында актерлік шеберлігінде және фортепиянада 4 жыл  білім алған  білім алған . Көп деген байқа:лаийн білім алып жатыр . Қыркүйектен бергі жетістіктері : А.Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған "Пайда ойлама , ар ойла "республикалық  байқауының 1 орын иегері және Абай төсбелгісімен марапатталып , "Адалдық - ардың ісі " мақаласы кітапқа басып шығарылды .
      Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар рухани жаңғыру " атты  ресбубликалық байқауының  1  дәрежелі  жеңімпазы болды , және "ҚР 100 үздік дарынды оқушы" төсбелгісімен марапатталды, мақаласы жинаққа басылып шықты. "Жүзден жүйрік" республикалық журналының  алтын белгі медалін берді.

Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости