Өнер әлемінде жұлдыздай жарқыраймын
Отбасым: «Өмірде тек еңбектену арқылы ғана жетістікке жетуге болады» деп үнемі айтып отырады. 2010 жылы 8 қазан күні Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында дүниеге келген мен қос бәйтерегімнің парасатқа толы тәрбиесімен бой түзеп келемін. Әрдайым өнеріммен, озат біліміммен үлкендердің ақ батасын алуға тырысамын. А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназияның оқушысымын. Өнер – менің өмірімнің айнасы. Балауса кезімнен өнерден бөлек, тіл үйренуге деген құлшынысым ерекше.
4 жасымнан бастап «Нұрболашақ» қосымша оқу орталығында ағылшын тілі курсына бардым. 5 жасымнан «Академия талантов» оқу орталығында би және сән көрсету өнері үйірмелеріне қатысамын. Қала бойынша фотосессияларда өнеріммен танылып жүрмін.
7 жасымнан №2 Саз мектебінде домра және фортепиано аспаптары бойынша дәріс аламын. Мектепте «Шұғыла» би ансамблінің кіші тобының мүшесімін. «Үркер» өнер және білімді дамыту орталығында «Теле және радио журналистика» бөлімінде Орал қаласының танымал журналистері Мұнайдар Балмолда мен Абайқызы Гүлжаннан кәсіби шеберлікті үйреніп жүрмін. «Оқушылар сарайындағы» бассейінінде жүзу спортымен де айналысамын. Алдағы күнгі мақсатым – білім ордасын «Алтын белгіге» бітіру. Жоғары оқу орнын қызыл дипломмен аяқтап, өнер әлемінде «жұлдыздай жарқыраймын» деген асқақ арманым бар», – дейді Ақ Жайықтың толқындарына еркелеп, болашаққа асқақ арманмен ұмтылған Артурова Ару Артурқызы өз жазбасында.
Ақмаңдайлы Арудың жетістіктері: – 2016 жылы «Денсаулықпен достасу – табиғатпен сырласу» марафонында «Жүйрік» номинациясымен марапатталды;
– Ұлы Жеңістің 71 жылдығына арналған «Көңілді мәре» спорттық сайысына «Сұңқар» тобымен бірге қатысып, «Жүйріктер» аталымының, «Юные таланты» мектепішілік конкурсында «Домра» номинациясының, 2017 жылы 8 шілдеде «Школа моделей» мектебінде резидент екендігін анықтайтын куәліктің иегері;
– «Әлем – бала көзімен» қолөнер шығармашылығы байқауында жүлделі ІІ орын;
– 2017-2018 оқу жылдары аралығында «Академия талантов» және «Школа эстрады» студиясының өміріне белсенділік танытқаны үшін грамота;
– 2017 жылы «Школа моделей» оқу курсынан өткендігін растайтын сертификат;
–2017 оқу жылында «Интеллектуалдық ойын» сайысынан ІІІ орын;
– 2017 жылы «Көктем аруы» байқауында ІІ орын;
– «Қадыр оқулары» байқауына белсенді қатысқаны үшін грамота алса, Мұзаффар Әлімбаевтың 95 жылдығына арналған «Балғын жыр, балауса жүрек» атты мәнерлеп оқу сайысынан ІІІ орын алды;
– «Үркер» шығармашылық дамыту орталығы ұйымдастырған «Менің елім – Мәңгілік ел» республикалық рухани-патриоттық байқауында «Аспапта ойнау» бөлімі бойынша Бас жүлде;
– 2018 жылы республикалық «Дарабоз» өнер мен білім байқауында «Аспапта ойнау» жанры бойынша ІІІ дәрежелі диплом;
– Білімқұмар балаларға арналған республикалық «Үркер» IQ марафонынан сертификат және халықаралық «Пони» байқауынан сертификат;
– 2018 жылы «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйымдастырған «Білім жолы» зияткерлік марафонында сертификат алып, «Intel-logik» алғыс хат еншіледі;
– 2018 жылы «Келді алақай, Жаңа жыл!» республикалық эссе, шығармашылық жұмыстар сайысынан ІІІ дәрежелі диплом, «Ана тілім – ардағым» мәнерлеп оқу жарысынан алғыс хат;
- 2018 жылы «Қазақстан болашағы» республикалық жинағына шыққаны үшін алғыс хат, «Таңғы шұғыла» фестиваль-конкурсынан ІІ орын, «Батыс жұлдыздары» байқауынан диплом, «Жас музыкант» фестиваль-конкурсынан «Домра аспабы» номинациясында ІІ орын жеңімпазы атанған.
- 2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша «Жылдың өнерлі жұлдызы» атағымен марапатталды.
- «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және желілік қауымдастық бойынша ұйымдастырылған «Играй гармонь, звени струна» байқауында үздік өнер көрсеткені үшін I орын грамота иегері;
- Республикалық «Ел ертеңі – білімді жастар» тақырыбында эссе жазудан өткен байқауға қатысқан Ару I дәрежелі диплом иегері атанды.
- 52- «Жас музыкант» фестиваль-конкурсының қалалық байқауында «домра» аспабы номинациясы бойынша II орын иеленгені үшін диплом алды.
Рухани ізгілікке шақыратын өнер саласының болашақ жұлдызы Арудың отбасы: Азаматтық тұлғасы биік болған әкесі Тулеугалиев Артур Ерғалиұлы – «Қазақстан Теміржолы» Ұлттық компаниясы Акционерлік қоғамының «Орал пайдалану вагон депосында» қызмет атқарған. Өкінішке орай, 2010 жылы тамыз айында дүниеден өтті. Мейірім жүзді анасы Ильясова Эльмира Мұратқызы – педагог-психолог. Адам жанының айнасы десек те болады. Адамгершілігі мол, парасатты, текті әулеттің ұрпағы Арудың күн келбеті әлі де талай биіктерде жарқырайды.
Қарақат мектеп студиясына жетіген, вокал үйірмесіне қатысады.2020ж 20қыркүйекте Алматы қаласында"Мен де жұлдыз боламын"атты республикалық байқауда 1орын иеленіп, Турцияға жолдама ұтып алды. Алла қаласа шілде айында жоспарланып отыр.