«Ұлы армандарымның бірі - әлемнің әсем де көрікті жерлеріне саяхат жасау»
«Сен осы оқу жылын зор табыспен аяқтап отырсың. Өзіңнің бойыңдағы өнер, білім, спорт салаларындағы ерекше қабілетіңмен танылып, сыныбыңның, мектебіңнің, ауданыңның мақтанышына айналдың. Ел болашағы –білімді ұрпақ қолында екені ақиқат. Сен осы жолда күш-жігеріңді салып, аянбай еңбектендің. Алда сенің осы жолда талабыңа нұр жауып, талантың ұшталып, жаңа табыстар биігінен көрінуіңе тілектеспін. Әрбір алға басқан қадамың сәтті болғай!» - деп жазылған мектеп директорының ырзалығы мен алғысы жазылған хатты еншілеген Нұрсейіт Айбекұлы 2011 жылдың 21 қазанында Атырау облысы, Құрманғазы ауданында дүниеге келді.
Ала допты аяғына салып алып, жүйітки жөнелгенде, қарсылас қақпасына қауіп төндіріп, тепкен добы қақпада тулап жататын жас футболшы, қазақ жігітіне тән асыл қасиеттерді бойына сіңірген Нұрсейіт тәртіпті де, озат оқушылардың бірі. Бақытқа толы балалық шағын ауыл төріндегі мектептің шағын орталығында өткізген ұлан, өткізілген қай іс-шараларда да өзінің ерекше қабілетін көрсете білді. Бала болса да игі істердің бастаушысы бола білген, жас болса да жүрегіндегі жалын кернеген шәкірт бүгінде «Ақкөл» жалпы орта мектебінде білім алып келеді.
![]()
Өзгелер секілді емес, қолөнерге, ермексазға деген қызығушылығын әуесқойлықтан кәсіпқой шеберге айналдыруды мақсат етіп, үнемі жаттығып, ізденіп жүретін, бойында бір ерекше қабілет байқалып тұратын жас дарынды қазақ қолөнерінің шебері, алтын қолды асылдардың сынығы десек те болады. Өзгелердің ырқына бағынбай қиыс кетіп жататын былғары доп, аяғына келгенде алдына түсіріп алып дөңгелей жөнелтетін футболды да жақсы көретін талантты жас алға қадам басып, биік белестерге ұмтылып келеді.
Нұрсейіт үшін қашан да ақыл-кеңесін беріп, адами құндылықтарды бойына сіңірген атасы Қуанғалиев Ғайнеденнің орны ерекше. Өнегелі тәрбиесі өз алдына, «Айналайын» - деп маңдайынан сүйген әжесі Ибрагимова Айғанымның да сөздері үлкен қуат, бойға дәру. Жүрегіне адалдық пен адамгершіліктің дәнін сеуіп, қайсарлық пен қайраттылыққа, төзімділік пен табандылыққа тәрбиелеп келе жатқан асқар тау әкесі Қуанғалиев Айбек жеке кәсіпкерлікпен айналысса, бала жүрегінде әр дүрсіл мен лүпілдің иесі, мейірім махаббаттың көзі ардақты анасы Тұрдалиева Тұңғышгүл «Қазақстан Темір жолы» саласында еңбек етіп келеді. Дін немесе тіл, ұлт талғамайтын ерекше өнердің соңына түсіп, қазақ елінің мерейін өсіруді мұрат еткен Нұрсейіт көп тілді білгенді, сөйлегенді ұнатады. Отбасында өзімен бірге Нұрғали деген інісі өсіп келеді.
Өзіне тапсырылған істі аяғына дейін жеткізбей қоймайтын табанды да, тиянақты, жауапкершілігі мол Нұрсейіт сыныптағы белсенді оқушылардың бірі. Спортта ғана емес сыныпішілік, мектепішілік өткізілген қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, ер бала күшін қажет ететін жұмыстарда жанындағыларды жұмылдырып алып кететін ұйымдастырушылық қабілеті бар. Мектеп бағдарламасын меңгеруде де алдыңғы саптағы озат оқушылардың құрамында. Сыныпта өткізілген барлық сайыстарға қатысып, мерекелік өткізілген іс-шаларларда ән айтып, би билейтін өнеріде бар. Мектеп бағдарламаларын еркін меңгеріп, мұғалім тапсырмасын екі етпей орындап, ата-анасына үнемі алғыс арқалап келеді. Ең сүйіп оқитын пәндері математика және астрономия. Тылсым сырын ішіне бүгіп, ашылуын күтіп жатырған аспан әлемін бақылап, денелерін зерттегенді ұнатады. Мектеп ішіндегі кітапханаға жиі барып, аспан әлемі туралы мағлұматтарды біліп, зерттеп ізденумен қатар, компьютерді еркін жұмыс істей алатынының арқасында ғаламтор арқылы да көптеген мәліметтер жинап, білім деңгейін көтеріп отырады.
![]()
Қандай істе де жан-жақтылығы басым Нұрсейіт ізденуден, білім деңгейін көтеруден, спортқа деген ұмтылысын арттырып отырудан әсте жалыққан емес. Үлкен армандарының бірі табиғаты тамылжыған, әлемнің әсем де көрікті жерлерін аралаумен қатар, қолөнер саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырып, сурет өнерінде де ел бағалайтын туындыларды дүниеге әкелгісі келеді.
Талабы күшті талантты оқушының жеңіске жетер күні де алыс емес.
Жетістіктері:
- «Ақкөл» жалпы орта мектебінің жанындағы шағын орталығының ортаңғы тобында өткен іс-шараларға белсене қатысқаны үшін – «Алғыс хат»;
- 2016 жылы балабақшаішілік «Ырысы мол, Алтын күз!» - атты мерекелік ертеңгілікке қатысып, белсенділік танытқаны үшін –« Алғыс хат»;
- 2016 жылғы 30 мамыр - 4 маусым аралығында 4 маусым - Қазақстан республикасының мемлекеттік Рәміздері күніне арналған «Қазақ жеріне тараған алтын шапақ арайлы» - атты апталықта «Біздің ортақ үйіміз - Қазақстан» атты сурет байқауында белсенділік танытқаны үшін –« Алғыс хат»;
- 2017 жылы «Балдәурен» ортаңғы тобындағы ер балалар арасында өткізілген «Жігіт сұлтаны» сайысында өзінің жан-жақты шеберлігін көрсеткені үшін – «Мадақтама»;
- 2018-2019 оқу жылдары бастауыш сынып оқушылары арасында өткен математика олимпиадасынан « I дәрежелі диплом»;
- «Ақкөл» жалпы орта мектебінің мектепалды даярлық «А» тобында Отан қорғаушылар және Жеңіс күні қарсаңында өткізілгшен «Өнер – Отанымен бақытты» - атты ертеңілікте «Жігіт сұлтаны» сайысынан диплом;
- 2019 жылы республикалық «Мен – математика жұлдызымын» - атты байқауынан III орын.
Сүйікті ісі: қолөнер, ермексазбен жұмыс жасау, сурет салу.
Арманы: әлемнің көрікті жерлеріне саяхаттау.