Муканов Ерасыл

Рейтинг:

 
     Талант – халық қазынасы. Оны өсіру қиын да, өшіру оңай. Сол секілді  халық арасында тумысынан дара, ақылы зерек жасөспірімдерді өсіру – елдікті ту, білімді күш еткен болар елдің міндеті. Бүгінде жастайынан танылып, жарыстардың алдын бермей, бәйге алып жүрген жүйріктей небір білімді жеткіншектер мектеп қабырғасынан өздерін үздік көрсетуде. Солардың қатарында Муканов Ерасыл Бөкенбайұлының орны ерекше.
     Өмірге құштар, өнерге іңкәр, жүрегі дархан, көңілі көркем жас кім-кімнің де сүйсінуі мен қызығушылығын тудыратыны ақиқат. Талабы таудай, арманы биік жас тарихы терең, маңғаз таулары аспанмен астасқан Батыс Қазақстан облысындағы зәулім ғимараттары көк тіреген Орал қаласында 2005 жылы 1 қаңтарда өмір есігін ашты.
    «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» деп қазақтың бас ақыны данышпан Абай Құнанбайұлы айтқандай, білуге құмар зерделі өрен ынтымағы жарасқан өнегелі отбасында тәлімді тәрбие алуда. Бес тармақты жұлдыздай жарасымды жанұяда тату-тәтті күн кешіп жүрген Ерасыл – отбасының үкілеген үміті, көзқуанышы мен ертеңге деген сенімі. 
    Отбасы – шағын мемлекет. Осы шағын мемлекеттің басшысы, озық ойлы, асқар таудай биік әкесі, алып қорғаны Нигметов Бөкенбай мен жүзінен нұр тамған аяулы, мейірімі мол анасы Нигметова Светлана – өзгелерге үлгі боларлық жарасымды жұп.  
     Ерасыл – отбасының кенжесі алдында үлгі тұтар жанашыр әпкелері бар. Жақсы көретін әпкелері Алмагүл мен Айдана – өз алдына отбасын құрған бақытты жандардың қатарында. Әпкелері Ерасылдың әрбір жетістігіне қуанып, оған қолдау көрсетуге дайын тұрады.
    Отбасында жан жылуына бөленген Ерасылдың бал балалығының қызықты шақтары Батыс Қазақстан облысы, Байтерек ауданы, Күшім ауылындағы балабақшада жалғасын тапты. Балабақша қабырғасында жүріп әдеп әліппесін меңгеріп, оң мен солын танып, жақсы жақтарын ұштады. Білім алар кез келгенде бір айтқанды қағып алатын тілалғыш, құймақұлақ, зерек балақай Байтерек ауданы, Күшім ауылындағы мектепке тарыдай боп кіріп, білім баспалдағымен жоғары өрлей бастады.
     «Білім – таусылмайтын байлық» деген ұстанымдағы өрелі өрен қазіргі кезде аталған білім ордасының 9-сыныбында білім баспалдағымен жоғары өрлеуде.
     Өнерге деген құрметі ерекше Ерасыл 3 жасынан бастап ән айтуға құмар, өнерге, руханият әлеміне біртабан жақын.
     Өтірікке жаны қас, тура сөйлеп, шындықты айтатын мақсатшыл Ерасыл – досқа адал, сырға берік, сөзге тұрақты, бауырмал, көпшіл. Осы қасиеттері үшін достарының, жақындарының, ұстаздарының алдында жүзі жарқын, мерейі үстем болып, жұлдыздай жарқырап жүреді. 
     Өскенде бір ғана мамандық бойынша білім алып  қоймай, түрлі салалардан хабардар әрі өнерлі  болуды қалайтын Ерасыл Бөкенбайұлының  арманы бөлек, талғамы басқа.  
     «Өнерліге өріс кең» деген қазақ даналығы. Қоғамның барлық саласын ұршықша иіріп әкететін талантты жастың үлкенді сыйлап, кішіге құрмет көрсететін қасиеті – бұл күнде көпке  үлгі.
    «Менің мақсатым – Алматы қаласындағы Т.Қ.Жүргенов атындағы  өнер колледжіне түсіп, актерлік шеберлік бойынша білім алу. Келешекте өнер жұлдызы атанып, танымалдыққа жетіп, ата-анамның ақ үмітін ақтасам екен! Ұлы Қазақ елінің гүлденуі мен дамуына өз үлесімді қоссам – азаматтық борышымның өтелгені емес пе?!» – дейді Ерасыл ойға шомып...
      Арманшыл, мақсатшыл баланың өзгелерге ой тастар бұл пікірі – оның ұлтын сүйген ұлан, елжанды, ұлтжанды ұрпақ  екенін айқын көрсетіп тұрғандай.
      Белсенділігімен, өмірге өзгеше көзқарасымен ерекшеленген Муканов Ерасыл Бөкенбайұлы үнемі алға ұмтылысымен өз қатарластарынан оқшауланады. Айбынды Алаш жұртының тағы бір дарынды жасы Мәңгілік Қазақ Елінің дара жолында өз соқпағымен жүріп келеді. 
      Өнер көгінде жұлдыздай жарқырап, жетістіктерге жете бер, жас талап!

Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости