Ахметова Альбина

Рейтинг:

       Ахметова Альбина 2005 жылы 21 ақпанда асқар шыңы көк аспанмен ұштасқан, Алатау бөктеріндегі ару қала Алматы қаласында өмірге келеді. Өнерлі ару Альбина нағашыларының тағылымды тәрбиесінде болып, олардың өнегелі болмысынан сусындап бой түзеді. Ардақты әжесі Аршимбаева Советхан Ибинжанқызы Альбинаның өнерге жақын екендігін бір жасынан асқан кезінде-ақ байқайды. Әнұранды әуенімен ыңылдап айтып келе жатқан балапан Альбинаның әнді сүю ерекшелігін байқап, қуанып қалады. Нағашы көкесі Мирдос бүлдіршін Альбинаны сурет салу ісіне баулыды. Көкесі де суретті жақсы салатын. Екеуі бірігіп, түрлі тақырыптарда сурет салып, әртүрлі қиындылардан кескіндеме, сан алуан пішіндер жасап, шығармашылық қабілетін жетілдірді. Әкесі Ахметов Алмас Алиұлы мен аяулы анасы Ахметова Мерей Еркінқызы – отбасында қызғалдақтай құлпырған төрт арудың өсіп, бой түзеуінде өнегелі тәрбиесін көрсетіп отырған жарасымды жұп. Ең кіші сіңлісі Айлуна – бір жарым жастағы қылығы тәтті бүлдіршін. Есімін де Альбинаның өзі қояды. Талантты ару Альбина кішкентай кезінен өнерге жақын болды. Алматы қаласы, Түрксіб ауданындағы №118 қазақ балабақшасында «әнші балапан», «өнерлі ару», «биші ару» атанып, дарынды қабілеті мен көшбасшылық болмысын көрсетті. Тәлімді тәрбиешілері Жүзбаева Айгүл, Тусупбекова Толқын апайлары өнерлі бүлдіршіннің жан-жақты қабілетін аша білді. «Ақ көгершін», Балапан» ән-байқауларының лауреаты. Халықаралық өнер ән-фестивальдерінің лауреаты, жарқын жұлдызы. Талантты ару №83 мектеп-гимназиясының табалдырығын аттап, білімін дамыту үстінде. Мінезі ашық, достарына қамқор, сыныпта белсенді жас шәкірт сынып жетекшісі Аязбаева Аманғайша Нұрғалиқызымен бірге сыныпішілік тәртіп пен сабақ жүйесінде ауқымды істерді атқарып отырады. Қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады, ұйымдастырушылық қабілеті ерекше. 5-сыныптан бастап №6 оқушылар шығармашылық үйінде білікті ұстаз Кудерина Тұрсынай Метербайқызының сынақ-байқауынан сәтті өтіп, өнер әлеміне жол салды. Жетекші ұстазы өнерлі жастардың дарындылық қабілетін ашып, талантты шәкірттері додалы жарыстарда үлкен табыстың биігінен көрініп жүр.
    Жетістігі: Мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарындағы бірінші қалалық музыкалық конкурс-фестивалі «Балапан» байқауында Бас Жүлде иегері; Республикалық «Изобразительное искусство» конкурс-фестивалінде І дәрежелі диплом иегері; «Жалын» кешені ұйымдастырған Денсаулық сақтау кешенінің спорттық және мәдени өміріне белсенді қатысқаны үшін мадақтама иесі; Балалар сурет конкурсының «Навстречу Мечте» байқауының мадақтамасы; «Велоспорт» категориясының І орын дипломы; ІV қалалық «Ақ көгершін» балалар шығармашылық конкурсында «Хореография» номинациясында І дәрежелі диплом жеңімпазы; Қалалық «Виват Өрнек» балалар шығармашылығы байқауының дипломанты; «Абай оқуы-2017» байқауында «Көңілім әнді ұғады» номинациясында ІІ орын мадақтамасы; Халықаралық «НИЕ 21-Ви Век»-2016 фестивалінде «Оригинален Костюм» мадақтамасы мен ІІ дәрежелі диплом иегері; Халықаралық «Речни Ноти» конкурсының І орын мадақтамасы; «Шаттық» жас дарындар халықаралық фестивалінің лауреаты атағы дипломымен «Сенім» вокал тобы марапатталған; «PALANGA-2019» халықаралық конкурсының І дәрежелі дипломы жеңімпазы; ІХ халықаралық «Путь к звездам» эстрадалық фестивалінде І дәрежелі дипломы мен лауреат атағы; Халықаралық Болгария ән-фестиваліне қатысып, ІІ дәрежелі диплом жеңімпазы атанады.
       Ахметова Альбина – 14 жасында Болгария, Португалия, Чехия, Өзбекстан, Қырғызстан, Литва елдерінің ән-фестивалінде Ұлы Дала қазақ елінің байрағын әуелетіп, ел мәртебесін асқақтатқан талантты ару, өнерлі жас.
       Сүйікті ісі: Ән салып, би билегенді ұнатады. Сурет салу қабілеті ерекше. Ермексаздан мультфильм мен ертегі кейіпкерлерінің бейнесін жасауға машықтанған.
       Арманы: Әлем сахнасында Жасампаз қазақ елінің атын дәріптеп, мәртебесін көтеру. Ән әлемінің жарық жұлдызы, қазақ өнері, эстрада жанрының шамшырағы атану – басты межесі.

Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Батима Кабдолданова- 16 марта 2020 17:44
Альбина талант. Яркая творческая звездочка. "Дорогу осилит идущий " Джим Рон. 

Советхан- 16 марта 2020 17:57
 Талабына нұр  жаусын,халқыңның бұлбұл қызы болып өсе бер

Индира- 16 марта 2020 21:21
Тек биіктен көрін, шындала бер! Алар биіктерің зор екендігіңе кәміл сенеміз✊Алга!!!

Индира- 16 марта 2020 21:25
Биіктен көріне бер, шыңдала бер! Болашағыңа кәміл сенеміз! Алға! Қанатың талмасын!✊дауысың да, өзің де керемет!!!

Айгуль- 16 марта 2020 21:41
Жарайсын Альбина!!!
Биiктерден корiне бер, "Сенiмнiн" жаркын жулдызы!!! Тек Алга, саган Женiс тiлеймiн😘👏👏👏🌹🌹🌹

Kusbekova Indira- 16 марта 2020 21:44
Альбина молодец!💐👏💐

Салтанат- 16 марта 2020 21:47
Альбина,  өнерін биіктен көріне берсін! Қазақ елінің алтын қызы бол!

Гульжан- 16 марта 2020 22:52
Супер молодец Альбиночка 

Последние новости