Насиев Танат

Рейтинг:

    Елек өзеніне Қарғалы өзені құйып, аңғары ұлғаятын жерде орналасқан Ақтөбе шаһарының ұланы, қаршадайынан бұлқынған талабымен көрініп, өзімен қатарлас жеткіншектердің арасында биікке ұмтылған Танат Саматұлы Насиевтің жөні бөлек.
      Төбесі көрінгенде Ақтөбенің қия алмай күнде көзін қадап өткен аймақтың дарынды өрені Танат 2006 жылы 30 наурызда дүниеге келді. Ақтөбе теңізі, Қарғалы, Сазды су қоймалары, айнала белдеулей егілген орман-тоғайлары, әлденеше саябақтары бар қала жас сәбидің жақсы жетілуіне, дені-қарны сау ерте қадам жасауына қолайлы орта болғаны даусыз. Осындай өлкеде өскен жеткіншек алты жасты арта қалдырып, қаланың атақты №9 мектеп-гимназиясына баруға талап қылды. Мектепке қабылданар сәтте Танат өмірдегі алғашқы емтиханынан сәтті өтті.
      Арманына ізденістің жібін жалғап, келешегіне зор сеніммен қарайтын ол 1-6-сыныптарды мақтау қағазымен аяқтады. Көптеген интеллектуалдық, спорттық, мерекелік шаралар мен жарыстарға қатысып, түрлі дәрежедегі марапаттарды иеленді. Осы жетістігінің нәтижесінде көпшіліктің, ұстаздарының шешімімен «Сынып Президенті» лауазымына тағайындалды. Яғни, Танат өзін адал, әділетті, көпшіл оқушы ретінде таныта білді.
       5-сыныпта «Дарина» оқыту орталығында ағылшын тілінен бір жыл дәріс алып, үш сертификат еншіледі. Соның ішінде ерекше мақтанып та, мақтап айтуға лайықтысы – Кембридж оқу орнының сертификатымен марапатталуы десек, әсте қателеспейміз.
      Айтпақшы, «Талпынған жетер мұратқа» дегендей Танат сынақ емтиханын сәтті тапсырып, 7-сыныптан бастап дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейіне оқуға түсті.
       Бес жасынан бастап, футбол спортымен тұрақты түрде шұғылданатын Танат облыстық балалар мен жасөспірімдер мектебінінің құрамасында футболдан олимпиадалық резерв қатарында өнер көрсетеді. Футболдан Қазақстанның және Ресейдің көптеген қалаларына жарысқа барған. Аталған дүбірлі аяқ доп жарыстарынан жүлдесіз, орынсыз оралған кезі жоқ. Үнемі грамоталар мен медальдарды олжалап қайтады. Оның жарыстарда алған грамоталары мен медальдары үлкен коллекция құрайды. Сонымен бірге, жауынгерлік өнермен айналысады.
     «Танат – өте мейірімді, мінезі ашық, көңілді, ақылды, сыпайы, тәрбиелі бала. Отбасының тұңғышы – өзінен кейінгі бауырларына үлгі тұтарлық аға. Інілеріне ұдайы қол ұшын созып, қамқорлық көрсетеді. «Танат» деген есімді әжесі қойды. Батасын да аямай беріп еді. Соның шапағаты тиген болар», – дейді үлгілі баланың анасы.
     Бір қайран қалдырарлығы, Танаттың есте сақтау қабілеті айрықша сүйсіндіреді. Танат төрт жасынан кеңестік және шетелдік футболшылардың атын,тіпті, футбол командаларын жаттықтыратын тренерлердің, басшыларының есімдерін жатқа біледі. Білімпаз өренге ойын барысы ғана емес, командалардың құрылу тарихы да қызық. Әрбір футбол чемпионаты болған сайын жасыл алаң жүйріктерінің ойынын бағалап, пікірін білдіріп отырады.
      Жас футболистің арманы – атақты футбол командаларының біріне тренер болу. Ізгі ойдан туған ізгі арманы орындалып, қазақтың атын футболдан әлемге паш етудегі ниеті оң болсын! Дана халықтың Танаттай рухты ұлдары қашанда биікке шығуға әбден лайық!


     «Когда человек здоров, тело его совершенно. Если у тебя крепкое здоровье, береги его, если же слаб здоровьем – укрепляй», – сказал великий мыслитель Аль-Фараби. Для формирования личности, молодёжь должна вести здоровый образ жизни, особенно это касается подрастающего поколения. Ведь молодежь – это будущее Казахстана.
     Среди молодых людей, стремящихся к своей мечте, желающих достичь высот, и которые уже достигли определённых результатов, есть и личность, подобная яркой звезде на небосклоне – это Насиев Танат Саматулы.
      Танат родился 30 марта 2006 года в прекрасном городе Актюбинск, который находится на слиянии рек Елек и Каргалы.
     Уже в шесть лет, имея неординарные способности, он успешно сдал специальные вступительные экзамены и был зачислен в школу-гимназию №9. Первые шесть классов он окончил с отличием, с вручением похвальных грамот. Принимал участие во многих интеллектуальных, спортивных, праздничных мероприятиях и соревнованиях, был удостоен множества наград разных степеней. В результате этих достижений, решением большинства педагогов, получил звание «Президент класса». Благодаря своей неиссякаемой активности и огромных усилий, Танат показал себя как честный, справедливый, ответственный и общительный ученик.
      Совмещая учебу с интересом к познаниям, Танат в 5-м классе в течение года занимался английским языком в учебном центре «Дарина» и получил три сертификата. В том числе, заслуживающее особых похвал – сертификат Кембриджского учебного заведения.
      Успешно сдав экзамены благодаря своим неординарным способностям, Танат с 7-го класса обучается в школе-лицее «Білім-Инновация» для одаренных детей.
      С самого детства увлекающийся спортом и уже с пяти лет постоянно занимающийся футболом, наше юное дарование выступает в составе сборной областной детско-юношеской школы олимпийского резерва по футболу. Принимал активное участие в футбольных соревнованиях в различных городах Казахстана и России, откуда постоянно возвращался с грамотами и медалями. Вместе с тем, занимается боевыми видами искусства, где проявляет быстроту, упорство и ловкость.
    «Танат – спокойный по характеру, добрый, открытый, умный и веселый, вежливый и воспитанный мальчик. Старший в семье, он – пример для подражания своим младшим братьям. Ему очень нравится заботиться о них. Имя Танат дала ему бабушка», – говорит мама незаурядного мальчика.
     Благодаря своему интересу и прекрасной памяти, Танат уже с четырех лет знает наизусть имена советских и зарубежных футболистов, тренеров и руководителей футбольных команд. Любознательному подростку нтересна не только игра, но и история создания команд и составы их игроков. Во время каждого чемпионата по футболу, он внимателен к игре, сопереживает, оценивает игру футболистов и выражает свое мнение.
     Мечта молодого футболиста – стать тренером одной из известных футбольных команд. Пожелаем Танату исполнения его мечты, верим, что он внёсёт свой несомненный вклад в развитие казахстанского футбола и прославит свою страну в мире спорта! Такие молодые, целеустремлённые личности, как Танат, заслуживают высоких вершин!

Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости