Халелкызы Нурдана

Рейтинг:

      Әлемдегі небір шедеврлер, ғажайып дүниелер адам санасының қиялынан, бір үзік тәтті ой-өрісінен туған. Армандау адамға алға адымдауға шабыт берсе, нақты мақсат жетістікке жетер жолда серік һәм тұсбағары болмақ.
       Балалық кезеңнен әрбір дүниеге қызығушылығы зор болған Халелқызы Нұрдана – қатарының алды ғана емес, елінің ертеңі.
       2007 жылы 10 қазанда мұнайлы өлке Атырау облысының Жылыой ауданы құрамына енетін Құлсары шаһарында дүниеге келген Нұрдана – игі ойдың жаршысы.
     Бір қызығы, Нұрдананың тілі шығып, ең алғашқы айтқаны «Ей, Алла» деген сөз болыпты. Ақ арманын ардақтап, аспанға қарап, бұлттарды бір нәрсенің бейнесіне ұқсата, ойша әспеттеуге бейім жеткіншек сурет салу мен қолөнер шығармашылық жұмыстарына өте жақын. Атақты суретші немесе мықты кәсіби дизайнер болуды көздейтін, арман ететін арудың болмысы әдемілікке бейім. Жаны нәзік болғандықтан ба, түрлі әшекей-бұйымдарды құрастыруға, бірнеше заттарды үйлестіру жұмыстарына келгенде шебер-ақ. Тіпті, тәжірибелі суретші-дизайнерлерден кем түспейді.
     Қозғалыс пен ептілікті қажет ететін спорт әлемінен де құр алақан емес. Ойлау қабілеті айрықша оқушы түрлі-түсті қағаздардан, ермексаздан таңданарлық небір заттардың мүсінін құрастырудан да алдына жан салмайды.
   «Шын талантқа шаршы алаңда кедергі жоқ» дегендей, талабы мен талантын ұштаудан кенде емес жасөспірім – мектепішілік жарыстардың жүлдегері. Мерекелік шараларда би билеп, дарынымен дараланып жүр.
        Бірінші сыныпқа қабылдап, сауатын ашқан алғашқы ұстазы Гүлбану Сламбекқызы мен шағын орталықтағы апайы Гүлмира Адилбайқызын Нұрдана үлгі тұтады. Жас білімпаздың салған суреттерін ұстаздары да жоғары бағалап, арқасынан қағып, қолдау білдіріп келеді.
      Жаңа Қаратон кентінде тұратын Қазақстанның болашағы – №23 орта мектептің мақтанышы. Мектептің оқу бағдарламасын игере жүріп, 2016 жылы «Қазақстан ұстаздары» қоғамы ұйымдастырған республикалық олимпиадалық сында «Познание мира» пәні бойынша І дәрежелі диплом, математикадан ІІ орын, орыс әдебиетінен қатысқандығын растайтын сертификат иегері атанған Нұрдананың алар асулары мен шығар шыңдары әлі алда. Жыл сайын «Өте жақсы оқығандығы үшін» мәтініндегі мақтау қағаздарымен марапатталудан да шәкірттік тұғыры биікте.
       «Қазыналы қарты бай үйдің үмітімін. Атам мен әжем – зейнет жасына жетіп, ұрпағының жетістігіне марқайып, ел ішінде данагөй қарияға, аузы дуалы ардақтыларға айналып отырған кісілер. Атам Құттыбай 87 жастағы ақсақал болса, әжем Злиха – 78 жастағы кейуана. Өр намысты көкбөрінің ұрпағы әкем Уралбаев Халел – «ҚазМұнайГаз» мекемесінде «Прорванефть» қызметкері. Үлкендерге сәлемі дайын, иманы берік, ақ жүзді анам Дюсенова Нұргүл – үй шаруашылығындағы аяулы ана, ибалы келін, сүйікті жар. Өзімнен кейін бал тілді, байқампаз Ұлжан және Айзере есімді сіңілілерім бар. Оларға қамқорлық таныту, үлкендерге құрмет көрсету – адамдық парызым», – дейді текті әулеттің өрісі Нұрдана.
       Егемен елді көркейтіп, Қазақстанның гүлденуіне үлес қосуды армандайтын ақмаңдайлының әр таңы арайлы, келешегі кемел болары сөзсіз. Себебі, ол – білімі мен ақылы, бағы мен бабы келіскен ұлы даланың ұланы!


       Все шедевры, удивительные произведения возникают в человеческом сознании из одной только мимолётной мысли. Если мечта ведёт человека вперёд, конкретная цель ведёт его к будущим победам.
         С детства очень любознательная Нурдана Халелкызы – не только лидер, такие как она – будущее страны.
         Нурдана родилась 10 октября 2007 года в городе Кульсары, входящего в состав Жылыойского района Атырауской области.
      Интересно то, что первыми словами Нурданы были «Ей, Алла». Она любит рисовать и занимается рукоделием, мечтает, глядя на облака в небе и видит в них очертания различных предметов. Она хочет стать известным художником или дизайнером, её романтичная натура близка ко всему прекрасному. Она любит заниматься изготовлением различных украшений, которые не уступают по красоте изделиям опытных художников-дизайнеров. Также, способная школьница создаёт из цветной бумаги и пластилина удивительные фигуры.
          Нурдана имеет спортивные способности, требующие активного движения, ловкости и выносливости. Как говорится, «для настоящего таланта ничто не помеха», она призер школьных детско-юношеских спортивных соревнований, танцует на праздничных мероприятиях.
     Первая учительница Гульбану Сламбеккызы и преподаватель учебного центра Гульмира Адилбайкызы гордятся своей ученицей. Учителя высоко оценивают произведения маленькой художницы и во всём поддерживают её.
        Жительница посёлка Жана Каратон – гордость средней школы №23. Осваивая учебную программу школы, в 2016 году на республиканском олимпийском турнире, организованном обществом «Қазақстан ұстаздары» по предмету «Познание мира» она получила диплом 1-й степени, 2-е место по математике, сертификат об участии в конкурсе по русской литературе, но главные её вершины – ещё впереди. Каждый год она награждается грамотами «За отличную учебу».
   «Мои дедушка и бабушка – пенсионеры, радуются достижениям своих внуков. Дедушка Куттыбай – 87-летний аксакал, бабушка Злиха – 78-летняя долгожительница. Отец, Уралбаев Халел, – сотрудник «Прорванефть» в учреждении «КазМунайГаз», мама, Дюсенова Нургуль, скромная невестка, любящая жена, прекрасная мать. После меня растут мои сладкие сестрёнки Улжан и Айзере. Я считаю своим долгом уважать старших, заботиться о младших», – говорит Нурдана.
         Бесспорно, что будущее Нурданы, мечтающей внести свой вклад в процветание Казахстана, станет прекрасным и перспективным.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости