Бердаман Айганша

Рейтинг:

ТАНЫМ КӨКЖИЕГІ КЕҢ АРУ

      Тәңірдің адам баласына берер сыйы мол ғой, шіркін! Сол сыйға молынан ие болған Аманкелдіқызы Айғанша – 2007 жылы 24 қаңтарда Жаңаөзен қаласында өмір есігін ашқан. 
       Қаршадайынан өнерге қызығушылығының жоғарылығын байқатқан дарынды жеткіншек небәрі 9 айлығында тілі шығып, бұғанасы қатпай бейнелеу өнеріне әуестенді. Зеректігімен түрлі заттарды құрастыруға өз еркімен бейімделді. Үш жасында аққулы Ақтау қаласына отбасымен бірге қоныс аударғалы, тіршілікке енді қадам басқан бала қаздай әртүрлі курстарға қатыса бастады. «Развикайка» курсына жазылып білім теңізіне бойлады. 
       Бастапқыда №1 көзі нашар көретін балаларға арналған мамандандырылған балабақшада екі жыл тәрбиеленіп, кейін №23 орта мектептің гимназиялық сыныбына оқуға түсті. 
      Алтын ұя мектебінде адамзаттың басты қазынасы білімнің кәусар бұлағына сусындап, ұстаздарының зейінді шәкірті атанды. Өміріне шырақ жағатын оқуда жарыстарда топ жарып, логикалық ойлау жүйесін дамытуға ден қойды. 
     Он саусағынан өнері тамған балғын мұнымен шектеліп қалған жоқ. Түрлі фигураларды қолдан өзі жасап шығарып, сазбалшықтан түрлі элементтерді құрастыруды иегеріп алған. 
       Бұл күндері оның отбасы Айғаншаның жетістіктері және дара болмысымен мақтанады. 

Білімқұмар Айғаншаның марапаттары: 
• Пәндік олимпиадалардың тұрақты қатысушысы;
• Жыл сайын оқу жылының қорытындысы бойынша мектеп басшылығының атынан «Өте жақсы оқығаны және үздік үлгірімі» деген мақтау қағаздарымен марапатталып келеді;
• Дүниетану пәні бойынша өткен интеллектуалдық сайыстың ІІІ орын иегері;
• Ағылшын тілі пәнінен мектепішілік пәндік олимпиаданың ІІ орын жеңімпазы; 
• Қазақ тілі пәнінен зияткерлік сайыстың ІІ орын иегері; 
• Үш жыл қатарынан халықаралық «Пони», «Медвежонок» конкурстарына және республикалық ауқымдағы «Ақбота» марафонына қатысқандығы туралы сертификаттары бар;
• 2017 жылы«Тiлiм менiң – тiрлiгiмнiң айғағы» атты конкурста дарынымен дараланып, қатарынан оқ бойы озық шығып, ІІ орынды еншіледі;
• Сабақтан тыс ментальды арифметика мен ағылшын тілі, бейнелеу өнері курстарынан дәріс алады. 

Ақмаңдайлы арудың отбасы:
Ұрпағының болашағы үшін тер төгіп, жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрген Айғаншаның әкесі Айтқұлов Аманкелді – ортасына беделді азамат. Мұнай саласының майталман маманы, техника ғылымдарының докторы. Ол үнемі қызының тәрбиесі мен оқуына жіті көңіл бөліп, әкелік қамқорлығын танытуда. Қос жанарынан күн күлімдейтін анасы Жолдасова Алмагүл – инженер-технолог. Ол, Айғаншаның сенімді, салиқалы тұлға боларына сенеді. Ата-анасының көзінің нұры, үмітінің желеуі айдай сұлу арудың ақылшы үш әпкесі және бір ағасы бар. Бауырларының ортасында бақыт ескегін есіп жүрген Айғанша Аманкелдіқызының жолында тек игі жақсылар мен жайсаңдар кездессін!

Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Мурат- 22 мая 2020 14:21
дай списать пж матем

Последние новости