Агибаева Диана

Рейтинг:

      Тау бұлағындай мөлдір, ақ жүректі, білім мен өнер нәрін бойына қатар сіңіріп жүрген Диана Агибаева 2001 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. Ол – отбасының кенжесі. Жоқтан бар жасап, қолынан өнердің барлығы келетін анасы Фарида Агибаева мен ақылшы, сырлас үлкен әпкесі Лаура Агибаева – оның әрбір жетістігіне марқайып, жарыс алдында қолдау көрсетіп отыратын жақын жанашырлары.
     Музыкалық дарыны ерте байқалып, бар болғаны 3 жасынан бастап фортепиано аспабын меңгеріп, үлкен жетістіктерге қадам басқан Диананың алды жарық, арманы асқар биікте. Алғашқы сыныпта «Голубой парус» жеке меншік мектебінде оқыды. Онда үздіктер қатарына орын алып, білімнің шымылдығын түрді. Сол жылдары бимен кәсіби түрде айналысып, үлкен табысқа жетті. Музыкалық ырғаққа икемделген заманауи би әлемінің сырына қанығып, икемін, қабілетін шыңдады.
      Өзі өнер көрсететін топпен бірге республикалық, халықаралық жарыстарда бақ сынап, топ жарды.
   2009 жылы қалалық «Пианистер» байқауында 3-орынды жеңіп алған талантты бүлдіршіннің жетістігі еселенген үстіне еселене түсті. 2010 жылы «Ақбота» интеллектуалдық марафонында, «Кенгуру–2011» халықаралық байқауында ІІ орынды иеленіп, қанжығасы майланды.
      Бастауыш сыныпты үздік нәтижемен аяқтап, 5-сыныптан бастап КММ-ға ауысқан Диананың өмірінде жаңа белестерге жол ашылады.
      Хор қызынан сұлулығы кем емес, қазақтың қаракөз қызы 2012 жылы «Кенгуру – математика для всех», 2013 жылы «Golden Penguin» IV орын, 2014 жылы «Человек и природа» байқауларында ІІІ орынды иеленіп, «Золотое руно» халықаралық жарысында І орынды қанжығасына байлады.
     Білімнің асау айғырын ауыздықтаған жеткіншек 9-сыныптан ке-йін қоғамдық-гуманитарлық бағытқа бет бұрып, тіл меңгеруді қолға алды. Өнерлі ару бүгінде қазақ, орыс, ағылшын, француз тілдерін игеріп, ендігі кезекті испан, чехия, түрік тілдерін меңгеруге берген. Болашақта 20 жасына дейін 8 тілді білуге күш жұмсаймын деген ниеті де бар. Полиглот оқушы 2016 жылы Алматы қаласының әкімі Б.Байбектің қатысуымен өткен онлайн-сабаққа қатысқан. Жоғары сыныпқа өткенде, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, мектепішілік білім министрі міндетіне кірісті.
    2017 жылы «Юный Аль-Фараби» халықаралық конкурсында ІІ орын, «Концепт «добра» в языковой картине мира» тақырыбындағы жоба арқылы Кіші ғылым академиясында ІІІ орын алды. 2017 жылы Чехия Республикасында өткен халықаралық мультитәртіптік олимпиадаға қатысты.
     «Білімсіздің күні ғаріп» деп түсінетін қазақтың ерке, дара қызы Диана Агибаева қазіргі кезде жоғары оқу орындарына түсу үшін, тұрақты түрде сынақ емтихандарына дайындалып, білімін пысықтауға кіріскен. Ұстаздары оның үкілі үмітті ақтап, «Алтын белгі» аларына сенеді.
      Диананың сапалы білімі арқылы мықты маман атанып, «еліміздің дамуына өз үлесімді қоссам» деген үлкен арманы бар.

Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости