Инженер-құрылысшы, архитектор болу – дарынды ұл, текті перзент Умбетов Алтынбектің болашағына іргетас қалаудағы басты арманы. Жалынды жастық шағын сапалы құрылыс нысандарын тұрғызуға арнағысы келетін арманшыл бала келешекте Қазақстанның туризмін дамытатын елдегі ең ірі әрі жаңа, заманауи үлгідегі қонақ үй салу жоспарын басты мақсатына балайды. Осы арманы өр рухты баланы бүгінде мектеп қабырғасынан бастап жетістікке жетелеуде.
Мемлекетттің ертеңі Умбетов Алтынбек Ерікұлы – 2007 жылы 23 маусымда алып шаһар Алматыда туылған.
Балғын бөбек 3 жасынан бастап «Алматы Жұлдыздары» балабақшасында тәрбиеленіп, өмірге деген белсенділігін сол кезден-ақ көрсете бастады.
Бөбекжайда тәрбиешілердің сүйікті балдырғанына айналған Алтынбек №12 мектеп-гимназиясының табалдырығын аттады. Онда білімнің алғашқы баспалдағынан аттап, сауатын ашып, жазуды үйренді. 2014 жылы №90 мамандандырыған лицейге ауысып, 2-4-сынып аралығында аталмыш мектепде оқыды. Арада бірнеше жылдар өткенде, яғни, 2017 жылы №39 мамандандырылған мектеп-лицейге алмасты. Бірақ, қай орта білім беретін мекемеге барса да, жаңа ортаны, жаңа ұстаздары мен достарын, сыныптастарын жатырқамай, тез бейімделіп, тіл табысып кетті. Осы қасиеті оны ортасына сыйлы, оқуда озат, тәртіпті балғын болып өсуіне ықпал етіп келеді.
Әкесі Үмбетов Ерік Маймақұлы – жоғары білімді, «Қазақ теміржол және байланыс» университетін бітірген. «Қалқан» Қауіпсіздік кешенінің мамандандырылған орталығының құрамында жұмыс істейді. Өте мейірімді және жауапты кісі. 1969 жылы 2 қарашада туған. Алтынбектің физикалық дамуына әкесі көп көңіл бөледі. Спорт үйірмелеріне апарып, ұлына білгенін үйретіп отырады. Анасы Кемелбаева Қарлығаш Садыққызы – 1972 жылы 16 шілдеде дүниеге келген Батыс Қазақстан облысының тумасы.
Ардақты анасы – 1990 жылы Политехникалық техникумды іс жүргізу мамандығы бойынша бітіріп, одан кейін, Ақмола экономикалық-заң колледжінде «Салық және салық салу» мамандығында, Алматы халық шаруашылығы институтында «Қаржы және несие» кәсіби біліктілік алған, бірнеше дипломы бар маман иесі. Анасының мемлекеттік және коммерциялық құрылымдар жұмысынан жиған үлкен тәжірибесі бар. Бүгінде «Best Tour Travel» ЖШС-де басшының орынбасары.
Ағасы Умбетов Асылбек пен жеңгесі Ищанова Данагүлдің ерке, ақылды інісі Алтынбек үлкендердің әрбір өнегелі сөзін үлгі тұтады. Аға-жеңгесі – «BNG LTD» мұнай барлау және өндіру компаниясының инженерлері.
Қызметкерлер жанұясының мүшесі Алтынбек – сабақ процесінде деңгейі жоғары, мектебінің мақтанышына айналған үлгілі шәкірттердің бірі. Жарыс десе, делебесі қозатын жүйрік, асау аттай дарынды жасөспірім білім бәсекелеріне қатысып, биіктерден көрініп жүр. Ол 2013 жылы «Вот как я вижу счастье» балалар шығармашылығы көрмесінде белсенділік танытып, диплом иеленді.
2015 жылы олимпиадалық жарыс «Ментальды арифметикадан» ІІІ орын жеңімпазы.
2016 жылы «Кенгуру – математика для всех» халықаралық интеллектуалдық байқауына қатысқан. Есепке жүйрік ұлан әртүрлі логикалық ойындар мен қызықты жұмбақтарды шешкенді ұнатады. Қолы сабақтан босай қалса, шежіреге толы Қазақстан тарихын оқып, тағылымды дүниемен білімін толықтырады. Футбол ойнап, түрлі жанрдағы деректі, көркем фильмдерді қарап, танымын кеңейтеді.
Осындай ізденгіш өрен қазақ тілі пәнінен өткен жарыс барысында ІІІ дәрежелі диплом, «British Buldog» ағылшын тілінен өткен халықаралық байқауынан сертификат, 2013-2017 оқу жылдарында үздік және үлгілі тәртібі үшін мақтау қағазына ие болды.
Жоғарыда көрсетілген марапаттар – Алтынбек Ерікұлының бақытқа бастаған жолы ғана. Алда оны бұдан да мерейлі, абыройлы, қазыналы, тосын сыйға толы келешегі күтіп тұр!