Асанали Алимжанович 2009 жылы 18 мамырда өмір есігін ашты. Алматы қаласындағы №48 балабақшаға, «Всезнайка», «Пчелка», «Умка» атты оқу-дамыту ор-талықтарына барып, танымдық қабілетін кеңейтті. Ең ал-ғашқы мектеп табалдырығын Нұр-Сұлтан қаласындағы №77 мектептен бастады. 2-4 сынып аралығында №72 мектепте оқыды. 2019 жылдың 1 маусымында UCMAS Халықаралық ментальді арифметика академиясын бітірді. Жанұясының қамқоры әкесі Колдасов Алимжан мен ардақты анасы Джанкуразова Баян балалары үшін бар асылды аямайтын абзал жандар. Жол сілтер ақылшылары 92 жастағы қарт әжесі Қуанаева Ғайнеш пен Шарденова Шахизада, әжелері Сисенова Тыныш пен Есжанова Гульмира – отбасының қазыналы қариялары. Соңынан ерген інісі Колдасов Айдар ағасын үлгі тұтады.
Жетістіктері: UCMAS KAZAKHSTAN Халықаралық ақыл-ой арифметикасы академиясының жас ерекшелік категориясының студенттері арасындағы IV Республикалық байқауда III орын; «Білім планетасы» республикалық қашықтық байқауында «Мен күзді саламын» конкурстық жұмысы III дәрежелі диплом; UCMAS Халықаралық ментальды арифметика бағдарламасының V Республикалық жарысының HIGHER A деңгейі III Орын; Индонезияның Бали қаласында өткен 18th UCMAS ABACUS & MENTAL ARITHMETIC NATIONAL COMPETITION 2017 сайысында II орын; Иордания мемлекетінің Амман қаласында өткен UCMAS JORDON ABACUS & MENTAL ARITHMETIC 9th NATIONAL COMPETITION сайысында III орын; Интеллектуалды жетілу Халықаралық Академиясының HIGHER B деңгейінің студенттері аралығында қалалық қысқы турнирінде Visual Competition сайысында III Орын; UCMAS Халықаралық менталды арифметика бағдарла-масы бойынша VI Республикалық жарысында Visual Competition сайысының ADVANCE деңгейі бойын-ша II Орын; Болгарияда өткен in the Spring Round of the Fifth International Tournament MATHEMATICS WITHOUT BORDERS сайысында II орын; Осы мемлекетте өткен in the Autumn Round of the Sixth International Tournament MATHEMATICS WITHOUT BORDERS III орын; UCMAS International Competition in Visual Category H, MALAYSIA, Kuala Lumpur жарысқа қатысушы ретінде марапат иесі; «Математикалық логика Және ой дамыту» олимпиадасында I Орын; Қазақстан Республикасы Кіші ғылым академиясының «ТІЛІМ МЕНІҢ – ТІРЛІГІМНІҢ АЙҒАҒЫ» атты XIX республикалық ауызша командалық олимпиадасында Гран-При иегері атанған дарынды да талантты жас.
Сүйікті ісі: сурет салу және жүзу.
Арманы: Болашақта білікті, жан-жақты, заманауи, техниканы терең меңгере алатын инженер болу.