Каримжан Кыдырали

Рейтинг:

      Халқымыздың сан ғасырлық өмірден түйген, көкірек көзінің сүзгісінен өткен даналық нақыл сөздерінің әрі дүниетанымдық, әрі тәрбиелік мәні зор. «Ханның қасында болғанша, бұлақтың басында бол» деген өсиет нақылдың өзінде-ақ мағынасы мен мазмұнында терең ұғым жатыр емес пе?! Арда туған қазақ халқы бұғанасы қатып, буыны бекіген жас өренді ұлттық ұлылықта тәрбиелеуде: «Биік тауға қара, көңілің өседі, көңілің өссе кеңпейілді боласың. Жайқалған жасыл желекке, жайнаған гүлге қара, жүзің жарқын әрі шырайлы болады. Бұлақ көзін ашып жүр, қайырымды боласың» дейді емес пе?! Табиғат-ананың қадір-қасиетін тереңінен түсінген халқымыз табиғаттың өзін де ұлы ұстаз, тәлімі мол тәрбиеші санап, оны күнделікті ұрпақ тәрбиесіне орынды пайдалана білген. Осындай туған жерінің саялы табиғатын сүйіп, мақтаныш тұтатын Кыдырали де қазақ халқына құтты қоныс, киелі мекен болған қасиетті Қармақшы топырағында білім мен өнерді қатар меңгеріп, жора-жолдастарымен иық түйістіре ер жетіп келеді.
     Каримжан Кыдырали Бауыржанұлы 2010 жылы 4 қыркүйекте қасиетті Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келді. Балалық бал дәурені 2012 жылы «Тоғжан» балабақшасында басталып, 2013-2016 жылдар аралығында «Ертөстік» балабақшасында жалғасты. Тәрбие бесігінде өзінің өнерлі қырымен танылды. Мерекелік таңертеңгіліктер мен спорттық шараларға қатысып, белсенділігі мен өнерлі қабілетіне сай марапатталып, жүзі шатттыққа толды. 2016 жылы балабақшасыны зор абыроймен аяқтап, Қармақшы ауданындағы №250 Т.Көмекбаев атындағы лицейінің табалдырығын аттады.
      Ол – арманшыл, талапшыл, мақсатшыл өрен. Ол үнемі ойға алға ісін аяғына дейін жеткізетін ыждағаттылығымен, жауапкершілігімен ерекшеленеді. Ұстаздары мен сыныбының мақтанышы болып жүрген жас ұлан – қатарластарына адал дос. Сонымен қатар бауырмал өрен ата-анасына қолғабыс жасаудан еш жалықпайды. Жыл өткен сайын білім көкжиегін біртіндеп бағындырып, өзге тілдерді меңгеруге деген қызығушылығы да артып келеді. Бүгінгі таңда 3-сыныптың белсенді оқушысы. Достары ортасында сыйлы. Отбасында алған өнегелі тәрбиесімен жетіліп келеді.
      Алғашқы ұстазының біліміне қол созған бала-шәкірт бастауыш партасында халықаралық «ПОНИ» конкурсында жүлделі І-ІІ орындарға ие болды. Бүгінгі заманауи біліммен қаруланған дарабоз Каримжан Кыдырали мектепаралық ағылшын тілі пәні бойынша жарыстарда өзінің сауаттылығын көрсетіп, тілдік тағылымымен де ерекшеленуде. Облыстық, республикалық, халықаралық бастауыш сынып оқушыларына арналған ойын-конкурстар мен марафондарға қатысып, білімін шыңдап жүр. Талай мадақтама мен марапаттарға да ие болды.
       Математика ғылымы – өмір тіршілігіне қажетті ғылым. Қоғамда тіл қандай қажет болса, математика тілі де сондай қажет. Осы пән туралы: «Ол – табиғаттың тікелей тілі, оны сүйіп оқып үйреніңдер, сырын ашыңдар. Алар сыйлығың алдыңда күтіп тұр. Математика ғылымы – ойды да, сөзді де жүйеге келтіріп қоймайды, шешендікке де, тиянақтылыққа да, бірсөзділікке де үйретеді», – дейді атақты математик, ғалым Жұмаділдаев Асқар.  Міне,  біздің жас досымыз Кыдырали математика пәнінен алғыр. Шешімі қиын әрі қызығушылық тудыратын амалдар мен логикалық есептер шығарғанды ұнатады. Байқауларға да қатысып, білімін саралап жүр. Сол себепті де бастауыш сынып оқушылары арасында өткен республикалық жарыста математика пәні бойынша І дәрежелі дипломды еншілеп, есептің адам баласы үшін маңыздылығын арттыра түсті.
     Жас математик отбасында төрт ағайынды. Перзенттерін бақытына балайтын әкесі Ахметов Бауыржан Каримжанұлы «Мухамеджанова» ЖК-де жұмыс істесе, анасы Жанкулова Жанат Есбергенқызы – бала күтіміне байланысты үйде отырған аяулы ана, адал жар. Балалардың тұңғышы Кыдыралидің ай дидарлы екі қарындасы мен ізінен ерген ізбасар інісі бар. Бос уақытында шығармашылық қабілетін дамытып, ұлттық өнер домбыра үйірмесіне қатысады. Денесін шынықтыру және сымбатын сақтау үшін қазақша күреспен де айналысады. «Жігітке жеті өнер де аз» деген ұстанымды басшылыққа алатын зерделі жас буынның бірі. Кемел білімі мен даралық келбеті қалыптасқан ер тұлғалы азамат болуды көздейтін талапшыл ұлан Бауыржанұлы Кыдыралиге келешектің кемеліне қадам басар дара жолыңда жұлдызың биіктен жарқырап, өмірің өрісті болсын дейміз! Өзіңдей озық ойлы дарынды жастар барда Мәңгілік елдің іргетасы мықты бола бермек!

Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

toweb.kz- 21 февраля 2020 14:08
Проверка комментария

Сәрсенова- 21 февраля 2020 19:24
  • Балам Құттыболсын! Алар асуларың көп болсын.Бик белестерден көріне бер.Ұзтаздарың мен ата анаңның мақтанышы бол.Армандарың орындала берсін😘.Ел азаматы бол.

Айтбай- 21 февраля 2020 19:37
Жарайсын биктен Корин Азаматсын.

Последние новости