Кобеген Акмейр

Рейтинг:


     Жүргенде қадамы нық, күлгенде күлкісі риясыз, қоғамдық жұмыста белсенді, сабақта озат, ұстаздың айтқанын қағып алатын қағілез, жүрегі жалын, жанары от Көбеген Ақмейір Қуанышқызы «Әттең, қызым болса осындай болсын!» деп қай ата-ана да тамсанатын ерекше қыз. Көңілі түскен адамына бар жақсылық қасиетті үйіп-төгіп бере салатан табиғаттың жомарттығы бар емес пе, әкесі Сисенбаев Қуаныш пен анасы Мұханбетова Замираның ерекше махаббатына бөленіп өскен ай дидарлы ару да өзгеге ұқсамайтын, болмысы бөлек оқушы.
     Өлең дейтін қылдай нәзік әлемде қанатын сермеген, жаны өлеңмен қоса өрілген Көбеген Ақмейір 2008 жылдың 17 шілдесінде Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданына қарасты Ақжігіт ауылында дүниеге келді. Қарты бар үйдің қазынаға толы болатыны бесенеден белгілі, құндақта жатқанда да әжесінің әлдиін тыңдап, кішкентайынан бастап шежіре кеуде, ақ жаулықты әжесінің ертегілерін тыңдап, етегінде өсті.
     Әже тәрбиесі зердесін ашқан балауса 2013 жылы Бейнеудегі Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің табалдырығын аттап, алғашқы ұстазы Гүлжамила апайының жетегінде, білім әлеміне бет алды. Әжесі айтқан ертегі мен жұмбақтар зейінін зерделеп, сауатын ашқан Ақмейірге мектеп бағдарламасы тіпті қызықтырақ болып, өлең жолдарын, тақпақ, жаңылтпаштарды, ертегілерді жаттап алып мұғалімдеріне айтып бергенде, ұстаздарының «Бәрекелді!» дегізбесіне амал қалдырмады.
      Шабамын деген тағалы тұлпарға ой-қыр кедергі болып па, әкесінің жұмыс бабыман 2015 жылы Ақтау қаласындағы №12 мектепке ауысқан дарынды алғыр қыз қабілетін арттырып, білімін толықтыра түсті. Ол оқу орнында да сыныптың бетке ұстар оқушыларының бірі болып қоғамдық жұмыстарға белсене араласты.
      Бүгінде Ақтау қаласында №21 орта мектепте оқуын жалғастырып келе жатырған Ақмейірдің талабы таудай, арманы асқақ. Таңдап қонатын талант әже ертегісімен есейген шәкірттің қолына жиі қалам алдырады. Алғашқы мектеп табалдырығын аттағанда қағаз бетіне түскен шимай, уақыт өте келе буыны біріккен, астарлы ой, әсем сөзбен тысталған жинақы да, тиянақты өлең шумақтары болып шыға келді. Ескертусіз келетін шабыт сан мәрте Ақмейірдің қолына қалам алып, түйдек-түйдек ойларды әсем сөзбен қағаз бетіне төгілтіп жатты.
     Алтын кездік қын түбінде жата ма, оқушылық өмірде жазылған өлеңдері сиясы кеппей жатып, мектепішілік қабырға газетіне ілініп, ұстаздардың қошеметіне бөленіп жатты. Тылсымы терең, мұңы тәтті қара өлеңнің, үлкен әдебиеттің алғашқы баспалдағына аяқ салған дарынды аруға бұл үлкен жестістік еді. Жас та болса сыныптың, мектептің өміріне белсене араласып, озық көрсеткіштерге жеткеннің арқасында өзі білім алып келе жатқан №21 орта мектептің үздік және дарынды балалар арналған құрмет тақтасынан түспей келеді.
     Өзіне артылған сенімді ақтау үшін барын салатын өнерлі жас сан мәрте шығармашылық мүшәйра, байқаулар мен пән олимпиадаларына қатысып, жеңімпаздар қатарынан көрініп келеді. 2014 оқу жылы «Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу» жыр мүшайрасында кіл жүйріктермен додаға түсіп ІІ дәрежелі дипломды жеңіп алды. Бұл қауырсын қаламды жастың тұсаукесер жеңісі еді.
      Тек биікке өрлеуді мақсат еткен ол бұдан кейін де талай жарыстарды бақ сынады. 2015 жылы «Балалар интелектуалды клубы» жобасында үздік білімімен танылып ІІІ орыннан көрінсе, осы жобада ана тілі пәнінен қашықтық жекепәндік блиц-турниріне қатысып, II-ші орынға ие болды.
     2017 жылы Республикалық Ұлттық Интернет олимпиадасында топ жарып І дәрежелі дипломмен марапатталды. Осы жылы бастауыш сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған «Күз ханшайымы – 2017» сайысының ІІІ орын игері атанып, марапат биігінен көрінді.
       Сонымен қатар, 2019 жылы 7 мамырда Ақтау қаласында облыстың үздіктері ғана қабылданатын «Жас ұланның» қатарына қабылданды.
      Әрбір оқу жылының қорытындысы бойынша мектеп басшылығынан «Өте жақсы оқығаны және үлгілі тәртібі үшін» деген мақтау қағазымен марапатталатын Ақмейір Қуанышқызы болашағынан үміт күттіретін талантты жас.
       Келешегің кемел болсын!

Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости