ЖАН-ЖАҚТЫ ЖЕТІЛГЕН ТҰЛҒА, БІЛІКТІ БОРТСЕРІК,
АТА-АНАМНЫҢ МАҚТАНЫШЫ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ
«Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» деп баласына жетістікке жетудің жолы білімде екендігін үйретіп отырған ата-ананың тәрбиелі перзенті Пирнияз Нұрмұхаммет Мұратбайұлы – зерек бала.
Ол – айтулы тұлғалар мен ержүрек батырлар, аузы дуалы шешендер шыққан, асқақ Алатауы аспанмен таласқан, жасыл желекке бөленген әсем шаһар Алматының тумасы. 2010 жылы қазан айының 11 жұлдызында өнегелі отбасында өмір есігін айқара ашқан.
Отбасы – мемлекет дамуының алғышарты. Нұрмұхамметтің ардақты ата-анасы бала тәрбиесінде Мағжан Жұмабаевтың «Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек, олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені олардың заманы ата-аналарының өмір сүріп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделі талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн» деген қанатты сөзін басшылыққа алған. «Ер жігіт намысты, жүректі, білекті болуы керек», – деп жиі ақылын айтып отыратын биік болмысты әкесі Палуанов Муратбай Пирниязұлы – отбасының тірегі мен қамқоры. Жүзінен мейірімділіктің нұры тамып тұрған шуағы мен шапағаты мол анасы Жаметова Камила Шайкысламқызы – отбасының ұйтқысы болып жүрген аяулы жан. «Әрбір отбасы іргетасының берік болуы – сол отбасы мүшелерінің бір-біріне деген сүйіспеншілігі, ыстық ықыласына байланысты. Осындай мейірімді қасиеттерді сезініп өскен сәби-бүлдіршін болашақта тұғырлы азамат болып қалыптасады деп ойлаймын. Менің отбасымда да осындай жарасымды жылылық қалыптасқан. Осындай берекелі отбасында ырзығы мен несібесі тасыған, берекелі отбасында дүниеге келген, ұлы елдің байтақ даласында сапалы білім алып жүрген Мен – бақытты ұланмын», – дейді өрелі ой иесі Нұрмұхаммет Мұратбайұлы.
Болашақта Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп, әуе лайнерінің бортсерігі болуды армандайтын Нұрмұхаммет бүгіннен бастап, физикалық мүмкіншілігін арттыруда. Демалыс күндері міндетті түрде жаттығу залына барып, білек күшін арттырып, дене жаттығуларымен шұғылданады.
Пирнияз Нұрмұхаммет: «Жоспар – білімді адамдардың арманы» деген ұстанымда.
Ол шаршау мен қажуды білмейді. Мектеп қабырғасында білім алса, үйінде ата-анасына қолғанат. Елгезек бала білім алумен қатар, бәйгелерде топ жарып, қосымша сабақтарға да қатысуға уақыт табады. Тіпті ағылшын тілін тереңдете білім алып, өзге тілдерді меңгеруге қызығушылық танытуда.
Оның қысыр қылықтар мен жат әдеттерге бой алдыруға мүлдем уақыты жоқ. Өйткені ұқыпты өрен – әрбір секунд, әрбір минутты тиімді пайдаланып, өзін жан-жақты дамытуға жұмыс істейтін жан. Оның бұл қыры талайды тәнті еткен. Енді талапшыл жас алдына биік мақсаттар қойып, соған жету жолында аянбай тырбануда. Бұл үшін оның бойында қажыр-қайрат жеткілікті.
Маңдайын күн сүйіп, кекілін жел тараған ынталы балақай Пирнияз Нұрмұхаммет алдымен Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы Жамбыл Жабаев атындағы орта мектептің дайындық тобында тәрбиеленіп, таным көкжиегін кеңейтті. Қазіргі таңда «Білген адам білімді өмір бойы іздейді» деген қанатты сөзді басшылыққа алған білімпаз шәкірт Жамбыл Жабаев атындағы орта мектептің 3 «В» сыныбында білім көкжиегін біртіндеп бағындыруда.
Күндіз-түні қолынан кітабы түспей, білім жастығын ерте жастанған алғыр, зерек, қабілетті Нұрмұхаммет «BRITISH BULLDOG» Халықаралық зияткерлік конкурсының Сертификаты иегері. Білуге құмар шәкірт www. nio.kz Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиада сайты Бастауыш сынып Қазақ тілі пәнінен ұйымдастырған қашықтық олимпиадасының жүлдегері атанып, Дипломмен марапатталды.
Пирнияз Нұрмұхамметке «Ұлттық сана-сезімі жоғары, рухани ойлауы терең, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор ұрпақты кітап оқу арқылы тәрбиелеу мақсатында өткен «ЖАС ОҚЫРМАН – 2019» байқауына қатысқаны үшін» деген мәтіндегі Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының атынан Алғыс хат табыс етілді.
Ізденістің ізгі жолына түсіп, көп білуге талпынатын өрелі өрен мектепте өтетін барлық іс-шараларға белсене қатысады. Бос уақытында Нұрмұхаммет кітап оқып, сурет салып, музыка тыңдап, отбасымен уақытты көңілді өткізеді.
Нұрмұхаммет Мұратбайұлы мектепті ойдағыдай бітіріп, жоғары білім алып, аспан көгінде қалықтаған әуе лайнерінің бортсерігі, білікті маман болуды армандайды.
Ұлы даланың сырбаз ұланы Пирнияз Нұрмұхаммет Мұратбайұлының болашағы жарқын, мақсаты айқын боларына сенеміз!
Өйткені, болашақ иесі – жастарға сенім арту – олардың нық сеніммен алға қарай қарыштауының алғышарты, ертеңіне бағыттар дара жолының бастау бұлағы болмақ!