Озар елдің оғланы озат келер. Иә, байрақты бәсекелерде тор жарып жастайынан сайыпқырандай дүлдүл атанып жүрген жеткіншектерді көргенде «Әп, бәрекелді!» болар елдің ұландары осындай болсын деп тамсанасың. Дәл осы мақтау мен марапат, Орал қаласының озық ойлы өрені Тавбулатов Шыңғыс Ермекұлына лайық.Жауға аттан салып аттанған батырлардың ізін жалғап, ертеңін елеулі, бүгінін баянды етіп, бақытты Қазақстанның болашағына үлес қосатын Шыңғыс –текті жердің тәрбиелі перзенті. 2003 жылы 12 шілдеде берекесі жарасқан, танымы кең ата-ананың шаңырағында өмір есіген ашқан дана жігіт кішкентайынан жарыста қарсыласын жеңбей қоймас сабаз.
Шырайлы Шымкенттегі №8 М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мектеп-гимназиясына 2009 жылы оқуға барған ұлы дала баласы білім алуда қадамын анық басуда. Онда мектепішілік олимпиадада математика пәнінен ІІ дәрежелі дипломды еншілеген болатын. Кейінірек, №42 «Ақ ниет» мектеп-гимназиясына ауысқан білімпаздың жаңа ортаға бейімделуі жеңіл өтті.
Талаптың түндігін түріп, 2012 жылы дзюдо секциясына жазылғалы дарабоз Шыңғыстың жетістіктері күннен-күнге молаюда.
2003-2004 ж.т. жасөспірімдер арасында жекпе-жек спорт түрлеріне қатысып, ІІІ орынға ие болса, 2013 жылы республикалық қолөнер байқауынан, 2014 жылы «NIS» мектебінде «Каникулярная школа» және «Виртуальная школа» жобасынан алғыс хат, сертификат, ОРМБЖМ біршілігінде III орынды қанжығасына басты.
«ҚР Тұңғыш Президент» күніне арналған дзюдо күресінен 2015 жылы «№4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде» өткен ашық біріншілікте 55 келі салмақ дәрежесінде I орынға көтерілді.
Ғылымның сырына мектеп табалдырығынан енудегі ұмтылысы жоғары Шыңғыс 2016 жылы 3 тілді полиглот жарысының қалалықдеңгейінде I орын, Ұлыбританияның Лондон қаласында өткен ағылшын тілінен «ETC Higher Intermediate» білу дәрежесі сертификатымен мадақталып, ағылшын тілі пәнінен олимпиадалық сында ІІ орын, қалалық «Polyglot» білім бәсекесінде тағы да І дәрежелі дипломға қол жеткізді. 2016-2017 жылдары гимназияішілік «Рубик текшесін жинау» сайысының «Speedcubing» турнирінде II орын, облыстық «My robot» байқауында «Кирпичек» командасымен бірге І орын және «Бөбек» ҰҒПББСО-ғы Обсерваториясының базасында «Астрономия барлығы үшін» атты лекция мен тәжірибелік бағдарламасынан өткендігін растайтын сертификат иегерінің жолдан таяр жайы жоқ.
2017 жылы Чехияның Прага қаласында ұйымдастырылған шарада ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгергені үшін сертификат, гимназияішілік олимпиадада информатикадан III орын және химиядан II орын, Астанадағы республикалық дистанциондық додада математикадан сертификат, физика пәнінен қалалық «Квант» байқауында жеңімпаз, «Біз – болашақ қуатымыз» инновациялық және серпінді жобалардың облыстық ғылыми практикалық конференциясында I орын, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы республикалық ғылыми жобалар байқауынан марапат алған, 2018 жылы қалалық сында сызу пәні регатасында ІІ орын еншілеген білімпаздың бағы жана бермек.
Еңбексіз ештеңе бермейтін өмірдің рухы мықты бел баласы Шыңғыс Ермекұлы тау тұлғалы, елге ерен еңбегі сіңер азамат болары анық.