Сапарова Сымбат Саламатқызы 2009 жылдың 9 қазанында, асты да үсті де бай өлке Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылында дүниеге келді. «Жауқазын» балабақшасының түлегі. Махамбет ауылындағы Д.Төленов атындағы мектеп-гимназияның 4 «А» сынып оқушысы. Әжесі Досымбаева Жеміс Денсаулық сақтау ісінің үздігі, Махамбет ауданының «Құрметті Азаматы». Әкесі Мұстағалиев Саламат «ҚазМұнайГаз-бұрғылау» ЖШС бас инженер-механик. Анасы Кенжегалиева Шынар – Махамбет аудандық ауруханасында акушер-гинеколог дәрігер. Дильназ, Жанияз есімді бауырлары бар. Мектепішілік сайыстар мен пән олимпиадалары, спорттық іс-шаралардың бел ортасында жүретін Сымбат болашағынан үлкен үміт күттіретін талантты жас. Жетістіктері: «Русский медвежонок – языкознание для всех» байқауынан Сертификат; «British bulldog» халықаралық байқауынан Сертификат; 2018 жылы Астана қаласында өткен Бастауыш сынып оқушыларына арналған олимпиададан II дәрежелі диплом; «Золотое руно» Халықаралық ойын-байқауынан II орын; 2019 жылы I Халықаралық «Алаштың алтын дауысы» (М.Мақатаев) авторлық өлеңдер оқу байқауынан I орын; Қазақстандық-Ресейлік «Филолог» қауымдастығы және «Алые Паруса» Халықаралық балалар орталығы бірлескен жобасының II Халықаралық қашықтық олимпиадасында қазақ тілі пәнінен I орын; «Білімді ел-өнерлі ұрпақ» тақырыбында өткізілген балалар шығармашылығының республикалық байқауынан II дәрежелі диплом; I Халықаралық « Менің бақытты отбасым» эссе жазу байқауынан I орын; I Халықаралық «Көгімнен түсті көктемім» (Ә. Тәжібаев «Көктем») авторлық өлеңдер байқауынан I орын; Жалпы орта білім беретін мектептердің,мектепке дейінгі мекемелердің және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында « Балалық шағымның аспаны» тақырыбында өткізілген балалар шығармашылығының республикалық сырттай байқауынан III дәрежелі диплом; «Болашақ – ұлт мақтанышы» тақырыбында өткізілген балалар шығармашылығының республикалық сырттай байқауынан I орын; «Мен жастарға сенемін» тақырыбында өткізілген балалар шығармашылығының республикалық байқауынан I орын; Жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасының I кезеңінде Қазақ тілі пәнінен I орын;
Сүйікті ісі: тоқыма тоқу, би билеу .
Арманы: Отбасымен дүние жүзін аралау.