Казакстан Карим

Рейтинг:

«МАҚСАТЫМ – «ҚАЗАҚСТАН КӘРІМ ҚАЙРАТҰЛЫ ЕКЕН ҒОЙ» ДЕЙТІНДЕЙ БІЛІКТІ МАМАН БОЛУ»

      Оқуда өзінің алғырлығымен, сыныпта үлгілі тәртібімен көптің көңілінен шығып, жанындағыларды үйіріп алып кететін, ерекше қабілетімен мұғалімдерін тәнті етіп жүрген Кәрім Қайратұлы 2012 жылдың 14 мамырында еліміздің басты ордасы Нұр-Сұлтан қаласында дүниеге келді. Жанындағы жолдастары мен жасы кішілерге қарайласып, қамқоршылық білдіріп жүретін жаны жомарт оқушы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ақниет Шаркүл» балабақшасында тәрбиеленіп, бүгінгі таңда білуге, білмекке құштар Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында білім алып келеді. «Бойы ұзын, ойы биік, жүрегі жұмсақ» деп, үнемі еркелетіп жүретін нағашы атасы Рашид Нұрмағамбетұлына деген көрсетер құрметі айрықша, айтар алғысы шексіз. Кәрімнің асқар тау әкесі Қайрат Қазақстанұлы мен жүрегі жалын, алақаны от, мейірімді анасы Махабат Рашидқызынан адалдық пен адамдықты бойына сіңіріп, еңбекқорлықты үйреніп келеді. Достарына адалдығы сезіліп тұрған бала – мектепте үздік оқушылардың бірі. 1-сыныпқа барғаннан бері оқу үздігі болып келе жатқан сыныпішілік, мектепішілік жарыстарда жеңімпаз тұғырынан көрінуі сынып жетекшісі Сегізбаева Жазира Ергенбекқызының зор еңбегі деп санайды. «Қазақстан» деп аталатын тегінің өзі ерекше бала компьютерлік техника бойынша жылдам дамып,  ғылым тілінің кілті саналатын математиканы тереңінен оқып келеді. Жауапкершілігі мол Кәрім гуманитарлық және математика бағытындағы сабақтарда өзін жоғары деңгейде көрсетіп, алдына мақсат қойып, көздегеніне қол жеткізгенше тынбайтын ізденімпаз жас үйренуге әрдайым дайын тұрады. Сабақтан тыс уақытында үй шаруасына да көмектесіп, өзі ұнататын кітаптарды да оқып үлгеруде. Мектепте өткізілген барлық мәдени, спорттық іс-шараның да бел ортасында жүретін Кәрім салауатты өмір салтын да ұстанып, спортпен шұғылданып келеді. Заман талабына сай орыс тілімен қатар, ағылшын тілін де тереңінен меңгеруге ден қойған. Үлкенге құрметі бөлек, кішіге ізеті ерекше, жүрегіне адалдықтың нұры ұялаған Кәрім Қайратұлы  ата-анасының, мұғалімдері мен жолдастарының үмітін жерде қалдырмай, сол кісілердің сенімінен шыға білу үшін қолынан  келгеннің бәрін  жасайтын дарынды жас. 
      Жетістігі: «ULAR – 2019» Республикалық пән олимпиадасынан математика пәні бойынша І дәрежелі Дипломмен марапатталған.
      Сүйікті ісі: Сурет салу, кітап оқу, музыка тыңдау, спортпен шұғылдану.
      Арманы: Қазақ Еліне пайдасы тиер мамандықты игеріп, елге адал қызмет ету.

Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Зарифа- 26 марта 2020 18:08
Красавчик 👍👍👍

Последние новости