Абобакир Айша

Рейтинг:

«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ  ҚЫРМЫЗЫ ГҮЛІ»
 
      Қазақ ұғымында «Қызы бар үйдің босағасына бақыт құсы ұя салады» деген киелі ұғым бар. Онымен қоса, ақылына көркі сай  моншақты арулардың бойындағы ибалы да инабатты қасиеттері ата-анасының тәлімді тәрбиесімен ұштасып жатса, нұр үстіне нұр емес пе?..  Осындай отбасында алған тағылымды тәрбиенің ұлылығын  дәріптеп жүрген әулеттің бірі – Абобакир Айшаның   отбасы. Жанұясының жылылығына бөленіп жүрген Айша – ата-анасының қырмызы гүлі, үкілі үміті. Ол 2004 жылы 15 тамызда Алматы қаласында дүниеге келді. 2006 жылы 2 жасында Алматы қаласындағы №50 орыстілді балабақшасында болып, кейін әкесінің, әжесінің қалауымен №59 қазақ балабақшасына ауысты. Үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) еркін  меңгерді. Жас кезінен биге қатысып, қалалық жарыстардан орын алып жүр. 2010 жылы алты жасынан мектеп табалдырығын аттаған озат шәкірт – бұл күнде  №126 мамандандырылған лицейдің  10-сынып оқушысы. «Ұрпақ тәрбиесінде  ата-әженің даналық тәлімінің орны ерекше болады. Менің де көркем мінезді, ибалы қыз болып бой түзеуімде 40 жылдан астам ұстаздық қызмет атқарған, ұлағатты ұстаз, бұл күнде «асыл әже» атанып  отырған  қадірлі әжемнің (АТЫ-ЖӨНІ) еңбегі ұшан-теңіз деп ойлаймын. Осы тұрғыда, маған дұрыс тәрбие берген әжеме, ата-анама алғысымды жеткіземін. Отбасының басшысы, қорғаны,  әкем Корганов Абобакир мен  ардақты анашым Абишева Зауре. Екеуі де жоғары білімді азаматтар. Мен өз отбасымды мақтан тұтамын», – деп ой бөліседі зерек ойлы Айша.
     Жетістігі: «Әлемнің жаңа кереметі» атты Халықаралық жас таланттылар байқауында I орын иегері. А.С.Жұмаділдаев атындағы аудандық математика пәні олимпиадасының III орын иегері. «Ақпараттық математика» мектепішілік олимпиадасының II орын жүлдегері.  Физика пәні бойынша  мектепішілік жарыста I орын жеңімпазы, ҚР-ның тұңғыш Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында, «Туған жер» бағдарламасын іске асыруға бағытталған «Қабылданған дұрыс шешімдер – менің өмірлік ұстанымым» тақырыбындағы І Республикалық эссе байқауының жүлдегері, Республикалық «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы»  атты қазақ тілі пәні бойынша онлайн олимпиада жеңімпазы, «Qstudy»  Халықаралық Ақпарат агенттігінің ұйымдастыруымен өткен «Ұлы дала өнері» атты шығармашылық жұмыс үшін І дәрежелі Диплом жеңімпазы. «Jarqyn Joly» Республикалық ғылыми-ақпараттық порталының ұйымдастыруымен, «100 жаңа оқулық» жобасы аясында өткен «Мен оқыған бір кітап»  атты байқауында І дәрежелі Дипломмен марапатталған.
      Сүйікті ісі: Табиғатта демалу, кітап оқу, ағылшын тілін жетілдіру, отбасымен көңілді демалыс өткізу, үнемі ізденіске талпыну. Жүзуге, коньки тебуге құштар. Сурет салуға икемі өте жақсы.
      Арманы: Жоғары және халықаралық деңгейде білім алып, Қазақстан Республикасын дамыған елдер қатарына қосуға атсалысу.



 
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости