БҮГІНГІ АРМАНЫМ – ЕРТЕҢГІ БОЛАШАҒЫМ
«Халық пен билік арасында алтын көпірге айналатын тілшілік жол – менің ақ тілеулі армандарымның бір бөлігі. Ақ қанат құстың қауырсынына жазылған ақ арманым – журналист болу. Тілшілік тіршілікке қадам басып, ақ қағаз бен қара қаламды серік ету – басты межелі мақсатым. Әр адамның жан дүниесінде тамырын тереңге тартқан арманы болады. Ол арман – сол адаммен бірге өседі, өркендейді. Дәл солай, менің де балалық шағымнан өзіммен бірге жетіліп келе жатқан асқақ арманым – журналистика саласының майталманы болу. «Үлкен болып қалу үшін ғаламда, Үлкен арман керек екен адамға» деп арқалы ақын Мұхтар Шаханов жырына арқау етпей ме?!.. Сөз майданының мылтықсыз жауынгері атану үшін, осы кезден ойымдағы ұшқыр ойларды ақ парақ бетіне түсіріп, ой елегінен өткіземін. Тілдік сауаттылығым мен шешендік қабілетімді дамыту үшін, көркем шығарма, танымдық кітаптарды көп оқимын. Орақ тілді, от ауызды алдыңғы буын тұлғалардың даналық ойын сараптаймын. Сол себепті сапалы білім алып, халқыма қызмет етіп, еліміздің дамуына өз үлесімді қосқым келеді. «Өтіріктің балын жалағанша, шындықтың уын іш» деген ұлы тұлға Бауыржан Момышұлы атамыздың сөзін ұстанымыма балаймын. Қазақстанның алтын ғасырдағы бақытты ұрпағы Мен 2008 жылы 16 шілдеде Сыр өңірінің Қызылорда қаласында дүниеге келдім. Әкем мен анамның қолдауымен 2011 жылы туған жерімдегі «Нұр-Шұғыла» балабақшасына бардым. Оны 2014 жылы бітіріп, С.Толыбеков атындағы №3 мектеп-лицейіне оқуға қабылдандым. Оқуда озатпын. Арманым – ұшан-теңіз. Кім біледі, бүгінгі арманым – ертеңгі болашағымның бастамасы болатын шығар!?» – дейді Саматқызы Жасия арман-мақсаты жайлы ой-толғамында. Жүйрік ойлы журналист болуды армандайтын Жасияның жетістіктері:
1.
«Дүниетану» пәндік олимпиадасынан І орын;
2. «Туған тілім – тірлігімнің айғағы» «мәнерлеп оқу» сайысынан І орын;
3.Республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Медицина, психология» секциясында алғыс хат;
4.«Ақбота» интеллектуалдық марафонында ІІІ орын;
5. «Азбука жизни» қашықтық негіздегі блиц-турнирде ІІІ орын;
6.
«Инфоурок» математикалық олимпиадасында І орын;
7. «Крестики-нолики» турнирінде ІІІ орын;
8.
«Веселая математика» бүкілресейлік марафонында ІІІ орын;
9. XIII халықаралық «Эрудит. Осень-зима – 2015» олимпиадасында математика пәнінен ІІ орын;
10. «Смекалочка» бүкілресейлік байқауында ІІ орын;
11. «Ғылым және өмір» атты ғылыми жобада І дәрежелі диплом;
12. «Мәңгі ел – Қазақстаным!» тақырыбындағы ғылыми жобаның Бас жүлдегері және осы жарыстың зияткерлік турнирінде қазақ тілі пәнінен І орын, дүниетану пәнінен І орын;
13. «Нұрлы Әз-Наурыз» сайысының «Көркемсөз» жанрындағы байқауда ІІ орын;
14. «Бейбітшілік әлемі» халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігі ұйымдастырған «Мәңгі ел – Қазақстаным!» байқауының «Көркемсөз» жанрында Бас жүлдегер атанды.
Орамды ойдың иесі – Жасияның отбасы:
Қазыналы ой иесі, әжесі – Ажыгүл, тұнық ақыл иесі әкесі – Самат, мейірімі шексіз анасы – Нұрайна, сіңілісі – Кәусар, інілері – Алинұр, Абдулла берекелі отбасының мүшелері.
Тыңнан түрен салып, ұшқыр ой мен рухани бұла күшті серік еткен Жасия бос уақытында әдеби кітаптарды оқып, логикалық интеллектісін дамытатын түрлі ойындарды ойнаумен айналысады.
«Ойын – өміріңнің айнасы» дейтін білімпаздың болашағы нұрлы болсын!