Асқар шың жерге қарамайды, керісінше, асқар шыңға ұмтылатындар шыңға көз тігеді. Кішкене бала да өрлеу үшін, тау басына қарап өседі. Қоршаған ортасы, алған білімі, көрген тәрбиесі, уақыт өте келе қалыптасқан көзқарасы, ұстанымы оны өрге жетеледі. Десе де, жеткен жерінде табандап қалмай, алдына мақсат қойып, оған ұмтылу рухы орға жықпас жастардың міндеті. Міне, абыройын асқақтатуды, мақсатына біліммен, еңбекпен жетуді мұрат еткен ел болашағының бірі де бірегейі – Сапарбек Демеу Саматұлы.
Тоғыз өзені түйісіп, ағыны тасты ағызып, кең-байтақ жердің бір бөлігін емін-еркін алып жатқан Сырдария өзенінің бойында орналасқан Қызылорда қаласының халқы – жомарт, жастары жалынды. Бұл өңір аңызға бергісіз тарихымен, қасиетті мекендерімен, тарихтың ақтаңдақ беттерінде хатталып жазылған небір кескілескен шайқастарымен бүгінге дейін өркендеп, өсіп келеді. Ойы суға толы, қыры малға толы несібе-ырысы тегіс, сай-саласы күрішке толы Қызылорда қаласында «Елімнің елдігін арттырып, тәуелсіздігін мәңгі етем» дейтін жеткіншектер қанаттарын қатайтып, ұшар шыңға табан тірер мұзбалақтай ертеңіне зор сенімділікпен өсіп келеді. Олардың қатарында Демеу есімді сабаздың орны, балалық келбеті де ерекше. Оқудың қазандығын ақтарып, ыстық табы кетпеген білімнің жаңа ашылған қайнар бұлағынан дәм татқан ұлан «Білгенім бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз» деген ұстанымда.
Тал бесіктен жер бесікке дейін сырына жетіп болмас ғылым мен білімнің тайқазанына ізденістің алтын қаламын тақаған Демеу оқуды даму, жетілу деп біледі. Сондықтан да болар, оның әр күні оқуға, өзін жан-жақты өрістетуге бағытталған.
2010 жылы күздің алтын реңкі басым болып, табиғат ананың берері көп тұсында, яғни 30 қазанда туылған Демеу – қатарынан алғыр, білуге, білмекке құмар өрен. Ол 2012 жылы «Нұр-Адина» балабақшасына тәрбиеленуші болып қабылданды.
Үйренбей білім жұқпайтынын білетін талапты бала 2017 жылы Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейдің 1 сыныбының табалдырығын аттады. Тал бесіктен жер бесікке дейін сырына жетіп болмас ғылым мен білімнің тайқазанына ізденістің алтын қаламын тақаған Демеу оқуды даму, жетілу деп біледі. Сондықтан да болар, оның әр күні оқуға, өзін жан-жақты өрістетуге бағытталған.
Алғашқы күндерден-ақ өзінің белсенділігімен көзге түскен зерек бала бірден алдыңғы қатарлы оқу үздіктерінің қатарына еніп, ұстаздарының мақтанышына айналды. «Білім – баға жетпес байлық» деген түсініктегі Демеу 2016 жылы Мектепалды даярлық топтары арасында өткізілген «Алтын күз» атты «Ханзадалар мен ханшайымдар» арасындағы сайыста І орын алып, жеңімпаз атанды.
2016 жылы «Сырдария» балалар сауықтыру лагерінде өткізілген мәдени-көпшілік шараларына белсене қатысқаны үшін дипломмен марапатталды.
Зерек, алғыр Демеу 2017 жылы «Ынтымағы жарасқан – Қазақстан!» атты мәнерлеп оқу сайысынан І орынды жеңіп алды. Осы жылы орыс тілі пәні бойынша Мәнерлеп оқу сайысынан Алғыс хат алып, жеңіс қоржынын молайтты.
Сапарбек Демеу 2018 жылы «Өнерімді Отаныма арнаймын!» атты ІІ республикалық өнер фестивалінде ІІ орын иегері атанып, «Өнер – адамдардың сырласу құралы» атты байқауда ІІ орын алып, жетістігін тағы бір мәрте қайталады.
Өнерпаз, шығармашыл ұлан 2018 жылы «Дала сазы» Республикалық байқауында жүлделі І орынды жеңіп алып, жеңістің дәмін татады. 2018 жылы «Үздік оқығаны үшін және үлгілі тәртібі үшін» Мақтау қағазымен марапатталды.
«Қазақстан ұстаздары» қоғамы ұйымдастырған Ағылшын тілі пәні бойынша Республикалық қашықтық олимпиадаға қатысып, жоғары көрсеткіштерді иеленгені үшін Демеу ІІ дәрежелі Диплом иегері атанды.
Демеу Сапарбек Республикалық Дәстүрлі Интернет олимпиада сайты Қазақ тілі пәнінен ұйымдастырылған онлайн олимпиаданың жеңімпазы атанып, жеңісімен тағы да жақындарын қуантты.