Даулбаев Санжар

Рейтинг:

«КЕМЕЛ КЕЛЕШЕГІНЕ СЕНІМДІ ЖАЛЫНДЫ ЖАС»
 
      Бойына жақсылықтың нәрін жинап, даналықтың ұлылығын сезіне жетіліп, жасампаз Қазақстанның ел ертеңін жалғайтын жас буын ұландар мен терең біліммен қаруланған жастар легі күн санап артып келеді. Ел ертеңі – білімді жастар қолында. Тәуелсіз елдің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің  еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас  Отанның патриоты келеді. Халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады» деген парасатты ойына лайық жастардың бірі – Даулбаев Санжар Алмасұлы.
      Даналық балалықтан бастау алады. 2005 жылы 27 қаңтарда Даулбаевтар әулетін қуанышқа бөлей БҚО, Тасқала ауданы, Қосшы ауылдық округіне қарасты Оян ауылында сәби-періште Санжар жарық әлем есігін айқара ашады. Ата-ана –  перзентіне тәлімді тәрбие беріп қана қоймай, өмірдің сан тарау жолдарында бағыт-бағдар беріп, жол нұсқаушы. Санжар да сөзіне ісі сай асқаралы әкесі Даулбаев Алмас Өтегенұлынан  қамқорлықты, мейірімі мен шарапаты мол анасы  Бузаева Гульжу Бауыржанқызынан сүйіспеншілікті ала отырып, үлкен өмір сахнасына қадам басып келеді. Бақытты балдырғанның ардақты әкесі Даулбаев Алмас Өтегенұлы мал шаруашылығы саласында жұмыс жасайды. Аяулы анасы Бузаева Гульжу Бауыржанқызы – әлеуметтік қызметкер.
      «Бауырмен өмір мәнді» дегендей, бауырмал Алмастың ізінен ерген сүйкімді інісі Даулбаев Қайсар Алмасұлы бар. Қайсар – Тасқала ауданы, Шежін ауылы жалпы білім беретін Шежін орта мектебінің 7-сынып оқушысы. Бауырлар өзара өте тату.
Бақытты балдәурен кезеңін артқа тастап, білімнің шамшырағын жағып, Қазақ Елінің көгінде жарық жұлдыздай жарқырауы үшін мектеп табалдырығын аттайды. Қазіргі күні  БҚО, Тасқала ауданы, Қосшы ауылдық округінің жалпы білім беретін Оян орта «мектеп бөбекжай-бақша» кешенінің 9-сынып оқушысы. Мінезі сабырлы, адал достыққа тұрақты Санжар сынып белсендісі, көшбасшылық қабілетке ие. 
      Адамның ой-зердесі қаншалықты биік болса, оның тұғыры да мықты болары анық. Ал келешек бедеріне бағыт алған тұғыр мықтылығы алған білімі мен тәрбиесі, оның жетістігімен өлшенбей ме?! 
      Сонау көз ұшында қалықтаған қыран құсты заңғар биіктікке жеткізген тегеурінді қос қанаты. Адам баласы үшін де  жеті қат көкке жетелейтін сенімі – білімі мен тәрбиесі екені даусыз. Санжар Алмасұлы да білім мен спортты құстың қос қанатындай қатар алып келеді. Әр жетістігінде ата-анасы мен ұстаздарының еңбегі көрінеді. Әрдайым бастаған істері мен алға қойған мақсаты жолында отбасында ата-анасы мен бауырлары, білім шаңырағында ұстаздары мен достары қолдау білдіріп отырады. Сенім – қымбат қазына. Сенім бар жерде үміт бар. Үкілі үмітін пырақ еткен білімдар шәкірт те сан алуан марапаттарға қол жеткізіп, сенім үрдісінен шығып келеді. Терең білімнің тұңғиығына сүңгіген үлгілі шәкірт бірнеше рет білім бәйгелері мен зияткерлік сайыстардың, пән олимпиадаларының жүлдегері атанды.
      Уақыт көші тоқтаусыз. Бір орнында тұрып қалмайды. Бүгінгі заманауи уақыттың жас ұрпағы да алысқа көз тастайды. Ұлы ақын Абай: «Жас жүрек жайып саусағын, Талпынған шығар Айға алыс» дегендей, Санжар да сапалы білімі мен дара қабілеті арқылы өзін жаңа қырынан танытып келеді.
      Бастаған ісін аяқсыз қалдырмайтын ұлағатты ұлан ер мінезді, бір сөзді болып ержетіп келеді. Жаны жайсаң, мінез көркем, адам баласын алалауды білмейтін өрелі жас көптеген марапаттарды иемденіп, жетістік баспалдағымен біртіндеп көтеріліп келеді. 


Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Фарида- 5 апреля 2020 17:19
Бір сөзбен айтқанда. СЕГІЗ ҚЫРЛЫ БІР СЫРЛЫ. ӨНЕРІҢ ӨРГЕ ЖУЗСІН. ТЕК АЛҒА👍😘

Фарида- 5 апреля 2020 17:24
🙏👍 Тек биек белестерден корінуіңе тілектеспін. 

Мади- 5 января 2023 10:11
Жалынды жастардың бірі.

Последние новости