«БІР ҮЙДІҢ ҚОС ШАМШЫРАҒЫ»
Ұлы істерді жасау үшін, «ұлы» болып туылу міндет емес. Бастысы – ұлылыққа ұмтылар жігер мен күш қажет. Жетістікке жетер жолда жақындарыңның қолдауы да маңызға ие. Ғаламдық өркениет дамудың озық үлгісіне көшті. Сондықтан рухы биік елдің ұландарын тәрбиелеп отырған ата-аналар да өз перзенттерін тың серпіліспен, оқуға деген зор құштарлықпен қалыптастарып жетілдіруде. Төрткүл әлемді жұмылдырып, бейбітшілік пен татулық бесігінде тербелтіп тұрған спорт пен өнер таланттылар мен дарындылардың бағындыратын теңдессіз биіктігі. Осындай өнерлі де, дарынды, ерекше қабілетті бір отбасының қос шынары Бақия Мәди Айдосұлы, 2007 жылы 28 маусымда, ал Бақия Әли Айдосұлы, 2012 жылы 15 қантарда, Жезқазған қаласында өнегелі отбасында дүниеге келді. Бірінен-бірін бөліп жара алмайтын сүйкімді балалар бақыттың бесігінде қатар тербеліп, жақын жандарының махаббатын күн санап сезінуде. Өмірге ынтық қос өрен биік болмысты, шарапаты мол атасы Кунедилов Бақия Асанғазыұлы мен ақ орамалы ақ ниеті мен көңіліндей аппақ, мейірбан әжесі Еркебұланова Бақытжан Кенжебайқызының тәрбиесінде болып, кеуделері жыр-жақұтқа толы қариялардың өнегесін көріп, ақыл-кеңестеріне құлақ түріп өсіп келе жатқан ең әдемі, ең тәртіпті, ең ақылды, ең көңілді де, тілалғыш немерелері.
«Жақсы әке балаға мін тақпайды, ақыл айтады» деген халықтың қанатты сөзі бар. Аласармайтын асқар тауына тең әкесі Кунедилов Айдос Бақияұлы мен мейірімі мен махаббаты жүзін нұрландырып тұратын асылзат анасы Халыкова Гулден Боранбайқызының жан жылуына бөленіп жүрген Мәди мен Әлидің Медина есімді сүйікті де сүйкімді қарындастары бар.
Кішкентай кездерінен бастап әжесі мен анасы әр-түрлі концерттерге, театр көрсетілімдеріне, оның ішінде қуыршақтар әлемінің ертегілеріне апарады. Қалаға келген цирктер мен хайуанаттар тұрағына, көрмелер мен мұражайларға ертіп апарып, демалыс күндері парктер мен алаңдарда серуендетеді. Батутқа, әткеншектерге, сырғанақтарға апарып ойнатады. Көпшілік ортаға бейімделіп, жан-жақты даму үстіндегі қос өрен әр-түрлі мәдени-көпшілік іс-шараларды ұнатады және ондай іс-шараларға қатысуда белсенділік танытып жүр. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, тәлімді тәрбиенің нәтижесінде Мәди мен Әли адамгершілігі мол, бауырмал, көпшіл болып қалыптасып, жаңа ортаны жатсынбай қабылдайтындардың қатарына енуде.
«Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт. Бес жастан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса. Он бес жастан асқан соң досыңдай сырлас» деген даналық ойды басшылыққа алған ата-анасы Мәди мен Әлиді ұлтын сүйетін азамат етіп тәрбиелеуде тер төгіп келеді. Отбасында тағылымды тәрбиені көріп өскен жеткіншек келешекте елдің елеулі азаматы, халқына пайдасы тиер маман болуды көздейді.
Жаңа дәуір – білім дәуірі. Білектінің емес, білімдінің және жүректінің заманы. Жылдам ойлап, тез шешім қабылдайтын, мақсатын жүзеге асыратын арманшыл жастардың заманы. Туған жердің қасиетті топырағынан нәр алып, биік мүдделі мұраттарды ойлаған Мәди мен Әли – осындай жастардың қатарында.
Мектеп бағдарламасын терең мегеру үшін сабақтан қалмай, үнемі үлкен дайындықпен келетін қос шәкірт сыныптағы алдыңғы қатарлы озат оқушылардың қатарында. «Тәртіпке бас иген құл болмас» деген батыр Баукеңнің сөзін жадында ұстаған ұлағатты ұландар кішкентайынан түзу жүріп, асулардан асатын, жамандықтан қашатын қағылез боп өсті. Тазалыққа құмар талапшыл ұлдар алғыр, сөзі өткір, қайсар шәкірт ретінде көпшіліктің көңілінен орын алады. Елгезектігімен де айналаға етене таныс.
«Білімдіні таны да, соңына ер, қарағым!» деген қанатты сөзді басшылыққа алған қос шәкірт – Жезқазған қаласындағы Қ.И. Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейінде, Мәди 7 «Ғ» сыныбында, ал Әли 2 «Ә» сыныбында оқиды.
Адамға мектеп ең алдымен болашағына қажет білімнің іргетасын қалауы үшін керек. Қазіргі заманауи мектептерде барлық білімді дайын күйінде бере салмайды, сонымен бірге өзіндік жұмыс жасау дағдысын қалыптастырады. Оқушылардың көп бөлігі зерттеу, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, ғылыми-практикалық конференцияларға, интеллектуальды конкурстармен олимпиадаларға қатысуда. Мұның барлығы баланың жаңа заман көшіне ілесе алатын, озық ойлы болуына көмектеседі. Осы жағынан алып қарағанда, мектептің берері мол. Осындай мүмкіндікті құр жібермейтіндердің қатарында талабы таудай шәкірт Бақия Мәди Айдосұлы мен Бақия Мәди Айдосұлы да бар.
Білім айдынында еркін қанат қаққан білімпаз шәкірттер дүбірлі додалар мен байрақты бәсекелерде топ жарып, ата-анасының, білім ордасының да абыройын асқақтатып келеді.
Жанамын деген жүрекке от беріп, білімге деген ынтасын оятқан ұлағатты ұстаздарының өлшеусіз еңбегінің арқасында бірінші сыныптан бастап, озат оқушылардың қатарынан көрініп, жақсы оқығаны және үлгілі тәртібі үшін Мақтау грамоталарымен марапатталып, білім көкжиегін біртіндеп бағындыра бастады. Сонымен қатар біліктілігі мен талапшылдығы, табандылығының арқасында бірнеше олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болады. Сабақтан қолы қалт етсе, қолөнермен айналысатын талапшыл ұлан Бақия Мәди мектепте өткізілетін барлық іс-шараларға үзбей қатысып, пән олимпиадасы мен шығармашылық кештерде белсенділік көрсетіп бел ортасында жүруге дағдыланған.
Ғылым таппай мақтанбайтын ізденімпаз, мақсатшыл ұлан Бақия Мәди Айдосұлының жетістігі:
- 1-5 сынып аралығында өте жақсы оқығаны үшін Мақтау қағаздары иегері.
- 2014-2015 оқу жылында ХI Халықаралық бастауыш мектеп олимпиадасына қатысып, 100 баллдық шкала бойынша 84 балл көрсеткішімен Сертификат иемденіп, І орын Дипломымен марапатталды.
- 2014-2015 оқу жылында
Облыстық «Парасат» зияткерлік марафонында бесінші орынға ие болды.
- 2 «Ғ» сынып кезінде «Білім – жанып тұрған шырақ» атты сайыста ІІІ орын иелегені үшін «Ойшылдар» тобының мүшесі ретінде марапатталды.
- 3 «Ғ» сыныбында 7 мамыр «Отан қорғаушылар күні» қарсаңында өткен «Жігіт сұлтаны – 2016» сайысында Бас жүлдені жеңіпалған Бақия Мәдиге жеңімпаз лентасы тапсырылды.
- 2016-2017 оқу жылында IІІ Халықаралық бастауыш мектеп олимпиадасына математика бағыты бойынша ІІ орын алып, Диплом иегері атанды.
- ХIІІ Халықаралық бастауыш мектеп олимпиадасына қатысып, 100 баллдық шкала бойынша 92 балл көрсеткішімен Сертификат иемденді.
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі ақпараттық технологиялар, мектепке дейінгі және орта білім департаменті қолдауымен ұйымдастырылған «Білім жолы» интелектуалдық марафонына қатысқанын растайтын Сертификат иегері.
- 2017 жылы «British Bulldog» атты Халықаралық конкурсіне 5 «Ғ» сыныбында ағылшын тілі бойынша қатысып, ІІ орын иеленгені туралы Диплом мен Сертификат иемденді.
- «Кенгуру – математика для всех» атты Халықаралық интелектуалдық конкурсқа қатысқаны үшін Дипломмен мадақталды.
- Қ.И.Сәтпаев атындағы 7 мектеп-лицейінде 5-6 сыныптар арасында «Күз ханзадасымен күз ханшайымы – 2017» тақырыбында өткен сайыста ерекше қабілетімен көзге түсіп, белсенділік танытқан үшін 5 «Ғ» сыныбы «Күз ханзадасымен күз ханшайымы – 2017» номинациясымен марапатталып, Мәдиге жеңімпаз лентасы тапсырылды.
- 2018 жылы «Лидер.KZ» Халықаралық интелектуалды білім орталығының ұйымдастыруымен орыс тілі пәні бойынша қашықтықтан өткен олимпиадаға қатысып, І орын жеңімпазы атанып, мерейі үстем болды.
- 2019 жылы Жалпы білім беретін пәндерден мектепішілік олимпиадада Физика пәні бойынша І орын жүлдегері атанып, Диплом иегері атанды.
- 2019 жылы
Мектепішілік олимпиадада физика пәні бойынша жүлделі І орынды иеленді.
- 2020 жылы «Жаңа жылдық оқиғалар» қалалық шығармашылық сахналық көріністер
сайысында №7 мектеп-лицейі тобының құрамында жүлделі І орынды алды.
- «ҚР Тәуелсіздік күніне» арналған футболдан 2006-2007 ж.т. балалар арасында «Қазақстан» спорттық-сауықтыру кешені» КМҚК-ның Ашық біріншілігінде І орын алды.
Бақия Мәди Айдосұлы – өте белсенді, жігерлі шәкірт. Ағылшын тілі мен математика үйірмесінің тұрақты қатысушысы. Мектепаралық, облыстық, халықаралық, мектептен тыс үйірмелердің қатысушысы әрі жеңімпазы, мадақтамалар иегері. 3 жасынан бастап үй іші Мәдиді биге берді. Биді өте жақсы көреді. 2009-2013 жылдары «Нұрсаулем-ай» би тобында, ал 2011-2015 жылдары «Мақпал» хореографиялық ансамблінде, 2015-2018 жылдары «Айла» спорттық-балдық клубында биге қатысты. Көптеген мадақтау грамоталары және медальдармен марапатталды. 2016 жылы Балалар мен ересектер арасында спорттық және бал билері бойынша турнирде ІІ орынға ие болды. 2018 жылы Спорттық және бал билері бойынша турнирдің І орын жеңімпазы.
Жезқазған қаласының «Usmas» арифметиқалық мектебіне қатысты, көптеген Сертификаттар иемденді: 2015 жылы Ucmas Халықаралық ойша есеп бағдарламасының «Basic» деңгейін сәтті оқып аяқтағаны үшін және 2016 жылы Ucmas Kazakhstan Халықаралық ментальды арифметика бағдарламасының студенттері арасындағы қалалық олимпиадаға қатысу үшін Сертификат иегері атанды. «Интелектуальный марафон – Дорога к знаниям» атты іс-шараға қатысып, «Семейное решение» атты тегін қызметке қосылуға Сертификат берілді.
Жезқазған қаласындағы ОРМБЖМ спорт клубтары (олимпиадалық резервтің спорт балалар-жасөспірімдер мектебі) футбол клубының мүшесі.
2017 жылы «Жезказганский городской традиционный осенний турнир» атты 2007-2008 ж. туылған жасөспірімдер арасындағы кіші футболдан І орын иеленгені туралы Мадақтама беріліп, Медаль иегері атанды. 2018 жылы Отан қорғаушылар күніне арналған 2007-2008 жж. туған жасөспірімдер арасындағы ашық қалалық футбол турнирінде ІІ орын иеленгені туралы Мадақтама, Медалмен бірге марапатталды. Абай Құнанбаевтың 173 жылдығына арналған 2007-2008 ж.т. жасөспірімдер арасындағы облыстық футбол турнирінде марапатталды. ОРМБЖМ №8 Закиров Болат Болатұлының сыйына 2007-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы футболда 5-6 орын иеленгені туралы Мадақтамасы, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған жаөспірімдер арасында футболдан Қазақстан ССК ашық бірлігінде І орын иемденіп, Медальмен марапатталып, жеңіс тұғырына көтерілді.
ҚР-ның Тәуелсіздігі күніне арналған футболдан 2006-2007 ж.т. балалар арасында «Қазақстан» спорттық-сауықтыру кешені КМҚК-ның Ашық біріншілігінде І орын алған Бақия Мәди Дипломмен марапатталды.
«Талаптан да білім мен өнер үйрен, Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл» деп ақын әрі ойшыл, тарихи тұлға Шәкәрім Құдайбердіұлы айтқандай, жастардың ізгі іске бала кезінен ниеттенуі – өсер елдің гүлденуіне кепілдік болмақ. Себебі, Елбасының сөзіне сүйенсек, «Ел болашағы – білімді жастардың қолында». Мұны жақсы түсінетін озық ойлы, дарынды жеткіншек
Бақия Мәди Айдосұлы – Қазақстанның болашағына, дамуына үлес қосар білімпаз шәкірт, ойлы ұлан, келешек ел тізгінін ұстар абыройлы азамат.
Өмірге құштар, өнерге іңкәр, жүрегі дархан, көңілі көркем жас кім-кімнің де сүйсінуі мен қызығушылығын тудыратыны ақиқат. Талабы таудай, арманы биік өрендердің қатарында
Бақия Әли Айдосұлы да бар.
Жақсы бала көп нәрсені естіп білуге, үйренуге және көкейге түюге талпынады. Жақсы бала бүгінгі ісін ертеңге қалдырмайды, сабырлы болады. Жақсы баланың жан дүниесі, рухани әлемі таза, адал болады. Осындай балалардың қатарындағы Әли ынтымағы мен бірлігі жарасқан отбасының аялаған перзенті, көзқуанышы.
Достарымен тіл табыса білетін, оқуға қабілеті ерекше, өмірге құштар, үй тапсырмасын тыңғылықты орындайтын, Әли мектепте өтетін барлық іс-шараларға белсене араласады, қоғамдық жұмыстарға асқан жауапкершілікпен қарайды.
Әлемінің жарығын сыйлаған анасына, ардақты әкесіне асқан ілтипатпен қарайтын ұғымтал ұл ұстаздарын да құрметтеп, сыныптастарына да көмек беруден жалықпайды. Қатарластарының алдында беделді, оқуға ынталы шәкірт салауатты өмір салтын ұстанып, спорттық бағыттағы жарыстарға да үзбей қатысып, жетістіктерге жетіп жүр.
Алтын ұя мектебінде енді жана бастаған жұлдыздай жарқырап, мектеп бағдарламасына негізделген барлық сабақты оңай иегеріп, жан-жақты қабілетті екендігін көрсете алуы – жас өреннің тума талант екендігін айқындаса керек-ті. Табанды еңбек пен ізденушілік қабілетін дамыта отырып, жүлделі орындардан көрініп келеді.
«Білсем, көрсем, өзімді жетілдірсем» деп ізденісте жүретін талапшыл шәкірт Бақия Әли Айдосұлының жетістігі:
- 1-сыныпты жақсы оқығаны үшін Мақтау қағазымен марапатталды.
- 2018 жылы «Арайлы алтын күз» аясында өткізілген «Күз сыйы» атты сыныптық сайысқа қатысып «Ең үздік сый» номинациясы бойынша жүлделі I орын иегері.
- www.ped.kz. Қазақстан ұстаздары редакциясы мен «Talent Academy» ұжымының қолдауымен 2018 жылдың 15 қыркүйек - 15 қазаны аралығында өткізілген Республикалық «Мәнерлеп оку» атты дарынды оқушылар байқауына қатысып, жүлделі II орынға ие болды.
- 2018 жылы www.IQcenter.kz интеллектуалды білім порталы мен Республикалық «Ұлан» басылымының ұйымдастыруымен өткен жалпы республикалық шығармашылық байқауға қатысып «Тамаша табиғат» атты сурет салу номинациясы бойынша үздік деп танылып, ІІ орынға ие болған Дипломы бар.
- Intolimp.kz оқу – әдістемелік орталығының қолдауымен ұйымдастырылған жалпы республикалық байқауға қатысып, «Жалқаулар елі» атты шығармашылық байқауда даралығын көрсетіп, ерекше өнерімен Үздік деп танылған І орын Дипломы иегері.
- www.IQcenter.kz интеллектуалды білім порталы мен Республикалық «Ұлан» басылымының ұйымдастыруымен өткен жалпы республикалық шығармашылық байқауға қатысып «Птицы нашего края» атты интерактивті кітап номинациясы бойынша үздік деп танылған І орын Дипломы атанды.
- 2018 жылы www.IQcenter.kz интеллектуалды білім порталы мен Республикалық «Ұлан» басылымының ұйымдастыруымен өткен жалпы республикалық шығармашылық байқауға қатысып «Президент күні» атты сурет салу номинациясы бойынша үздік деп танылып ІІ орынды ие болған Дипломы бар.
- www.IQcenter.kz интеллектуалды білім порталы мен Республикалық «Ұлан» басылымының ұйымдастыруымен өткен жалпы республикалық шығармашылық байқауға қатысып «Төрлет жаңа жыл» атты мәнерлеп өлең оқу номинациясы бойынша үздік деп танылып, ІІ орынмен Диплом алып, жетістіктерін еселеді.
- Республикалық «Жүзден жүйрік» интеллектуалды білім порталы ұйымдастырған байқаудың «Көркем жазу» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі Диплом иегері.
- «OIZEREK» қашықтықтан шығармашылық байқау өткізу порталы ұйымдастырған «Абайдың қарасөздері» атты байқаудан ІІ орынды иемденді.
- «OIZEREK» қашықтықтан шығармашылық байқау өткізу порталы ұйымдастырған «Әлем менің көзіммен» атты байқаудан ІІ орынды иемденді.
- Intolimp.kz оқу – әдістемелік орталығының қолдауымен ұйымдастырылған жалпы республикалық байқауға қатысып, «Менің сыйлығым» атты шығармашылық байқауда даралығын көрсетіп, ерекше өнерімен Үздік деп танылған І орын Дипломы иегері.
- «Baby talent – 2019» Республикалық конкурсқа қатысып, Гран-при жеңіп алды.
- «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінде өткізілген «Лагерь сұлтаны» сайысында Бас Жүлде иемденді.
- ILEADER.KZ Республикалық дарынды оқушылар порталы ұйымдастырған «Фотобайқау», «Өнерлі бала елдің көркі» шығармашылық байқауында І дәрежелі Диплом алды.
- «Менің әжем» тақырыбы бойынша Республикалық қашықтық байқауының ІІ дәрежелі Диплом иесі.
- 2020 жылы «Өнеге» интеллектуалды білім порталының Республикалық қашықтықтан өткізілген «Сегіз қырлы, бір сырлы» байқауына қатысып, жүлделі І орынға ие болды.
- «BILGEN BAIGE» Республикалық олимпиадасының іріктеу кезеңіне қатысып, келесі кезеңге өткендігін растайтын Дипломға ие болды.
- «Мәңгілік ел алыптары» Республикалық рухани-патриоттық байқауында І дәрежелі Лауреат атанды.
Бакия Әли Айдосұлы – өте дарынды оқушы, талапшыл бала, ұлағатты ұлан. Балабақшадан бастап көптеген марапаттарға ие. Білімге құштар, оқуға ынтық зерделі Әлидің мектептен тыс марапаттары мен диплом, грамоталары, медальдары ауыз толтырып айтарлықтай екені рас.
«Сатурн» робототехника академиясынан иемденген марапаттары:
- 2017 жылы «Иннополис Кидс – 2017» робототехникасындағы бірінші қалалық олимпиадада бойынша І орын үшін Дипломы және Медальмен марапатталды. «Robosport» робототехника бойынша ашық турнирден ІІІ орын үшін Мадақтама және Медаль иемденді.
- «RoboLand – 2018» IV робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар Халықаралық фестивалінің Сертификат иегері.
- Қатысу сертификаты «Team work Award» І ғылыми көрмесі су саяхаты І орын алып, Медаль иегері атанды.
- Диплом «Bising star» ғарышқа арналған ғылыми көрме (Жезқазған қ., 28.10.2018ж.).
- 23.12.2018 жылы Халықаралық бағдарлама аясында Үлкен өнертабысқа арналған ІІІ аймақтық көрмеге «Человек Паук» командасының ең жақсы постері үшін Диплом иемденіп, мәртебесі биік болды.
- Халықаралық бағдарлама аясында Үлкен өнертабысқа арналған ІІІ аймақтық көрмеге «Человек Паук» командасының ең жақсы идеясы үшін Диплом иемденді.
- Халықаралық бағдарлама аясында Үлкен өнертабысқа арналған 3-ші аймақтық көрмеде костюмдер сайысында өнерпаз Әли ІІ орынды иемденіп, Диплом иегері атанды.
- Халықаралық бағдарлама аясында Үлкен өнертабысқа арналған ІІІ аймақтық көрмеде «Сатурн» робототехника академиясы бойынша І орын алған женімпаз Бақия Әли Дипломмен, Медальмен марапатталып, мерейі үстем болды.
- «Сатурн» робототехника академиясы ұйымдастырған «Roboland – 2019» байқауында «Ең ізденуші команда» номинациясымен марапатталды.
- «Сатурн» робототехника академиясы ұйымдастырған «Roboland – 2019» байқауына қатысқаны жөніндегі Сертификат иемденді.
- «Динопарк», «CITYBOT» робототехника курстарынан өтіп, жақсы нәтиже көрсеткені үшін Дипломға ие болды.
- «ROBOPOLIS – 2019» аймақтық робототехника чемпионатына қатысқаны жөніндегі Сертификат иемденді.
- 2020 жылы Красноярск қаласында өткен робототехника Халықаралық байқауында ерекше ынтасы мен қабілеті үшін Дипломмен марапатталды.
«Жаста оқыған білімің тасқа жазғанмен бірдей» дегенді өмірлік ұстанымына айналдырған, өзін рухани-ғылыми-мәдени қырынан жетілдіріп отыруға тырысатын
Бақия Әли Айдосұлы робототехника, лего құрастырғанды жаны сүйіп, өзіне ұнаған сәттерді суретке түсіріп алып отырады.
Тәуелсіз еліміздің абыройын асқақтатар ұлан жігері мықты, рухы аласармас таудай болып, армандарының орындалуына тілектеспіз!