Дүйсенбеков Данат

Рейтинг:
«МАТЕМАТИКА – ТАБИҒАТ ҚОЗҒАЛЫСЫ»

      «Математика  – менің ең сүйікті пәнім. Математика ойды да, сөзді де жүйеге келтіріп қоймайды, шешендікке, тиянақтылыққа, бірсөзділікке де үйретеді. Математика – өмір тіршілігіне қажет ғылым. Қоғамда тіл қандай қажет болса, математика тілі де сондай қажет. Ол – табиғаттың тікелей тілі, оны сүйіп  оқып үйреніңдер, сырын ашыңдар», – дейді болашақ дарынды математик Дүйсенбеков Данат. Дарынды ұлан 2003 жылы 28 маусымда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Бала тәрбиесінде ұлттық дәстүрді, ізгілік жолын таңдайтын Данаттың отбасы – өз аумағына сыйлы, берекесі тасыған үлкен әулеттің бірі. Даналық пен парасаттылықтың бұлағы болған атасы Алиев Самбай мен ұстаздық қызмет атқарған асыл жан, әжесі Қадырмағамбетова Шекер Бахрадинқызының тағылымды тәрбиесінің зәмзәм суын құныға ішкен бала Данат – бұл күнде Нұр-Сұлтан қаласындағы «Білім-Инновация» лицейінің үздік шәкірті. Ардақты анасы Алиева Күнсәуле мен ізіне ерген қос інісі Назархан мен Амансұлтанның арқа сүйер азаматы. Зерек жастың болашақта ел тізгінін ұстар айтулы азамат болары сөзсіз. Атақты математик А.Жұмаділдаевтың «Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!» деген сөзі бар. Ұлы математиктің осы даналық ойын өмірлік ұстанымына айналдырған талантты шәкірт Дүйсенбеков Данат бақытын математика пәнінен тапқан десек, артық айтқандығымыз емес?! Пәнге деген қызығушылығы ерекше. Қол жеткізген табыстары да сан алуан. 
      Жетістігі: Халықаралық  деңгейде: Батыс-Қытай математика олимпиадасында Алтын медаль иегері.  Халықаралық   Балқан математика олимпиадасында 1 алтын, 1 күміс медаль иегері. Халықаралық дүниежүзілік математика олимпиадасында Күміс медаль, Халықаралық математика пәні олимпиадасында Алтын медаль иегері (Баку қаласы),  Халықаралық «Туймаада» математика пәні олимпиадасында Күміс медаль иесі. Халықаралық математика пәні олимпиадасы, Мегаполистер олимпиадасында 2 күміс медаль  (Мәскеу қаласы). APMO, SRCM  Халықаралық олимпиадасынан Алтын медаль жеңіп алды (Нұр-Сұлтан қаласы). Республикалық  деңгейде: Жәутіков атындағы математика  олимпиадасында Күміс медаль, Республикалық математика олимпиадасында Алтын медаль (Павлодар қаласы), Республикалық математика олимпиадасында Күміс медаль(Атырау қаласы), Республикалық математика олимпиадасында Алтын медаль (Ақтөбе қаласы) иеленген дарынды шәкірт. Математика пәні олимпиадасынан Абсолют Чемпион атанды (Алматы қаласы).
      Сүйікті ісі: Суда жүзу, пианинода ойнау, есептер шығару.
      Арманы: Үздік он елдің бірінің жоғары оқу орнына түсу. Математика саласына байланысты білікті маман атану.

Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Райхан- 29 марта 2020 23:52
Отлично, супер ш

Дуйсенбек Кожахмет- 22 февраля 2021 16:34
Ұлысқа жете бер мен саган сенем. Інің Қожахмет

Последние новости