Багдад Райымбек

Рейтинг:

ЕЛ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСАМЫН

      «Меніңше, ауыл шаруашылығы – ел экономикасын дамытатын басты күш. Сондықтан елімнің өркендеуіне үлес қосу үшін өскенде ауыл шаруашылығы министрі болуды армандаймын. Елдің ауыл шаруашылығы саласын дамытып, атамның жолын қуып, жоғары деңгейдегі өнімдерді шет елдерге шығаруға күш салсам деген ниетім де бар. Жыл сайын біздің елге шет мемлекеттерден қаншама тонна ауыл шаруашылық өнімдері келеді. Оны біздің халық сатып алады. Ал мен болашақта олай болғанын қаламаймын. Керісінше, тек өзімізде өскен шаруашылық дәнді-дақылдарын, көкөніс, жеміс-жидектерді ғана тұтынушылардың пайдаланғанын қалаймын. Бұл бір жағынан ауыл шаруашылығын дамыту және елдің жағдайын жақсарту деп есептеймін», – дейді әлі буыны қатая қоймаған мектеп жасындағы бала болса да, ақылы кең дариядай өте зерек – Багдад Райымбек Русланұлынан арманы жайлы сұрағанымызда. 
      Асқақ арманның иесі Райымбек – 2007 жылы 21 наурызда киелі Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында туған. 
      2009-2013 жылдары аралығында «Happy Way» балабақшасында тәрбиеленіп, 2013 жылдан бастап Ақтаудағы №1 орта мектепке қабылданды. Алғашқы ұстазы Джумагулова Сагира Иденгенқызының үйретуімен  үздік оқып, білім жарыстарында жеңіске жеткендігі үшін Райымбек ұстазына алғыс айтады. 
      Әрбір оқу жылын өте жақсы бағамен аяқтап жүрген дара шәкірт бүгінгі таңда Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 «Г»  сыныбында оқиды. Оқу озаты сабақтан тыс уақытында футбол, шахмат, дойбы ойнағанды ұнататын ұлдың оқушылық беделі түрлі дәрежедегі марапаттарды еншілеуімен артуда. 
 
Тіл білуге қызығушылығы зор Райымбектің жетістіктері:
– Ағылшын тілінен халықаралық интеллектуалдық-лингвистикалық жарыстардың қатысушысы һәм жеңімпазы;
– 2017 оқу жылының желтоқсан айында «English Time» конкурсында ІІ дәрежелі орын;
– 2018 жылы сәуір айында «General English Course in the English language at Pre-Intermediate level» ағылшын тілінен оқу курстарын бітірді. Курстарды бітіргендігі туралы бірнеше сертификаттары бар;
– 2018 жылы «Уроки английского» жобасының аясында көктемгі маусымда ұйымдастырылған «BRITISH BULLDOG» атауындағы білім бәсекесінде ІІ орын;
– Футболдан мектепішілік турнирлердің қатысушысы, үздік өнер көрсеткені үшін алған І орын дәрежесімен және грамотамен марапатталған. Астана қаласының 20 жылдығы және Ақтау қаласының 55 жылдық мерейтойларына арналған футбол жарыстарының жүлдегері. 
 
Болашақ министрдің отбасы:
      «Елім» деп еңсе тіктейтін Райымбектің отбасында 9 адам тұрады. Есті ұлдың айтуынша осы уақытқа дейін қол жеткізген жетістіктері – Нурмагамбетов Багдад атасының тағылымды тәрбиесінің жемісі. Ата сақалы аузына жетіп, бір әулеттің темірқазығы болып отырған атасы – «Хайролла» – шаруа қожалығының төрағасы. 
      Ал, әжесі Меруерт Артагалиена – зейнет жасындағы  ардақты жан. Барша игілік атаулыны бойына жиған ата-әжесінің еркесі, үміт артары ол кісілердің ақ батасын алып, сенімінен шығуды бәрінен де жоғары санайды. 
      Көпті көрген атасы мен әжесінен бөлек, әкесі Руслан мен анасы Асельдің текті перзенті өр намысты асқар тауын, мейірімі шексіз анасын құрмет тұтады. Райымбектің әкесі «Прикаспийская Снабженческая Компания» ЖШС-де директор лауазымында қызмет етсе,   күн көзінен көрікті анасы – жеке кәсіпкерліктің тізгінін ұстаған іскер әйел. 
      «Ағайын – ағайынның айнасы» дейтін ұлттың ұланы Райымбек, бауырларына да ерекше сүйіспеншіліктен қарайды. Мәселен, Расул, Рашид, Ринат, Рахымжан бауырларының жанына жалау болып, әрдайым қолдау білдіруге, бірге қызықты уақыт өткізуге тырысады. 
      Ақ арманы айдан биік, аты ел қорғаған батырмен аттас Райымбектің даңқы алты қырдан әрі асып, Отан-Ана тарихында  есімі алтын әріптермен сақталып, ұлтын сүйетін ұлы тұлға  болсын деген тілек білдіреміз!

 
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Farida- 30 марта 2020 01:59
Тіл көзден аман бол жарайсың арман тілектерің орындалсын😘😘

Нургуль- 30 марта 2020 02:27
Тамаша! Талабыңа нұр жаусын.

Айпатша- 31 июля 2020 21:38
Балаң жүректің еліне деген сүйіспеншілігі жан сүйсінтеді екен. Осындай патриоттық сезімді бойына дарыта білген ата-әжесі, әке-анасының Райымбектің болашағынан күткен үміттерінің ақталары сөзсіз. Өйткені, елінің жанды ауыртар бүгінгі ахуалын жас жүрек сезініп, болашақ арман-мақсатын елінің жағдайын жақсартсам деген қиялымен сабақтастырып отыр. Еліміздің болашақта мақтанышты тұлғасына айналар Райымбектей білімді, саналы балалар көп болсын. Тіл-көзден аман болып, өмірде ойға алған мақсаттарыңа жет,- деген ақ тілегімді арнаймын. Өзіңе Жаратқан Алла жар болсын! Өміріңе ақ жол!

Последние новости