Батыров Айболат

Рейтинг:

      2003 жылдың 12 қаңтарында дүниеге келген Айболат Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жаңақұрылыс ауылындағы №74 орта мектебінің 11-сынып оқушысы. Талай білім қарлығаштарын қанаттандырған білім ұясы табалдырығын 2009 жылы бүлдіршін болып аттаған өрен әжесі Набаттың сүйкімді немересі болып өсіп, әкесі Махаталиев Абай мен анасы Садықова Сәуленің қамқорлық шапанын жамылып, тағдыр суығына тоңбай өсті. Алғашқы сыныптардан озат оқушылардың қатарында болып, мақтау қағазымен аяқтап келеді. Бастауыш сыныптарда жүріп-ақ мектептің қоғамдық өміріне белсене араласты. Мектепішілік болатын іс-шаралардан қалып көрген емес. «Кенгуру» халықаралық оқушылардың зияткерлік жарыс-ойынындарына қатысып жүлделі орындар алып жүр. Дарынды оқушылардың жеке қабілеттерін дамыту, білімдерін тереңдету мақсатында «Дарын»  Республикалық ғылыми-практикалық  орталығы ұйымдастырған «Ақбота» интеллектуалдық сайыстарына бірнеше мәрте қатысушысы. 9-сыныпты Қызыл Аттестатпен бітірген Айболат – бүгінгі таңда «Алтын белгі» үміткері
      Бүгінгі таңның талабы болған ғаламторды жақсы меңгерген. Компьютерде еркін жұмыс жасайды. Жоғарғы сыныптарда оқып жүріп-ақ, информатика, физика пәндерінен «КИО» интернет-олимпиадасына қатысып, еліміздің өзге де аймақтарындағы жас дарындармен білім сайысына түсіп тәжірибе алмасты. Сабақты жақсы үлгідегі озат оқушылардың қатарында оқып жүріп, білім көкжиегін кеңейту үшін бірнеше сайыстарға қатысты. 2016-2017 оқу жылында студенттермен  оқушылар арасында өткен Халықаралық шығармашылық байқауында «Ұлы ұстаз – 2016» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Осы оқу жылы «Солнечный свет» сайтында өткен Халықаралық шығармашылық байқауының «Компьютерлік графика» номинациясы бойынша 1 орын жүлдегері атанды. Бар ынта ықыласы мен зейінін оқуға қойған Айболат Абайұлының арманы физика-математика саласының маманы болып, еліне еңбек ету арманы....
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости