Калижан Жібек

Рейтинг:

«АРМАНЫМНЫҢ АЛАСАРМАЙТЫНЫНА ЖӘНЕ АДАСТЫРМАЙТЫНЫНА СЕНІМДІМІН!»
 
      Жалын мен жігерді, ізденіс пен талпынысты талап ететін жастық шақта ел болашағы үшін еңбек ету – жастардың басты міндеті. Ал ол үшін әрине, мектеп жасынан түп негізі мықты қаланған білімнің маңызы айрықша. Базалық білім қорын алдағы өмірінің тірегі, тұлға болуға үлесін қосатын факторлардың біріне балайтын Калижан Жибек Сакенқызы – болашағынан көп үміт күттіретін оқушы. 
 
      Қай істе де белсенділік танытып, басталған жарыстың бел ортасында жүретін алғыр да зерек ару Калижан Жібек 2008 жылы наурыз айының 16 жұлдызында Оңтүстік Қазақстанда орналасқан Жетісай қаласында ынтымағы мен бірлігі жарасқан отбасында дүниеге келді. Болар баланың бойынан ерекше сәуле көрінетіні анық, әкесі Калдарұлы Сакен мен анасы Ештаева Динаның қамқорлығында бақыт бесігінде тербелген балдырған Жібек өзгелерден ерекшелігін жастайынан байқатты. 
      Тәрбие басы – тал бесіктен басталады.Үлгілі өнеге, тәлімді тәрбие беріп, қолдау көрсетіп жүрген ата-анасына, жанұясына құрметі ерекше. Өзара түсіністік пен сыйластық орын алған отбасының қамқоршысы, асқар тау әкесі Калдарұлы Сакен – жеке кәсібін дөңгелетіп отырған іскер азаматтар қатарында. Ал жанарынан мейірім төгіліп тұратын асыл анасы Ештаева Дина – үй шаруасымен, бала тәрбиесімен айналысумен қатар «Кулжанов» клиникасында  қызмет жасап жүрген білікті маман.
      Әулеттің қариялары нағыз парасаттылықтың үлгісі. Себебі осы кісілердің салған сара жолымен балалары өсіп келеді. Жақсылық жасауға жаны құмар жайсаң жан, тегі тектіліктен бастау алып, өнегелі отбасынан шыққан ақ жаулығы ақ ниетіндей аппақ мейірбан әжесі  – Жібектің үлгі тұтар шамшырағы десек те болады.
      Ұлы данышпан Абай өзінің қара сөзінде: «Жас бала – анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады; біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары… Біреуі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген… Көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жанқұмары», – дейді. Жас болса да зерек ойлы Жібек осы даналық ойдың екінші түрін басшылыққа алады.
      Отбасының тұңғышы, үлгі тұтар үлкен ағасы Дарын Сакенұлы – С.Ж.Асфандияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің студенті. Екінші ағасы Айбек Сакенұлы – 9-сыныптың оқушысы.       «Алдыңғы арба қайда жүрсе, соңғы арба солай қай жүреді» деген тәмсіл бар. Жібек қай кезде де сөзі мен ісі бір-біріне сай болуын қадағалап отырады.
      Зерек балдырған, әдепті қыз Жібек өзі қатарластармен араласып, жақсы мен жаманды ажыратып, әдеп әліппесін де меңгерді. 
      Көңілі көркем, қиялы ұшқыр, білуге, білімге құмар Жібек Сакенқызы ақ көңіліндей ақ бантик тағып, сөмке асынып, мектеп формасын киіп, Жетісай қаласындағы беделді білім ордаларының бірі – Б.Момышұлы атындағы мектептің табалдырығын аттап, шәкірт атанды. Білім алуға бар ынтасымен кірісіп, ұстаздарының айтқанын бар зейінімен тыңдап, өрелі өрен, үлгілі шәкірт екенін байқатты.
      Мектепішілік қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, пән олимпиадаларынан жүлдемен оралып жүрген Жібектің  үлкенге құрметі, кішіге ізеті ерекше. Кең алқапты алып, таудан құлай ағып жататын өзен де бастауын ақ шыңды асқар таудың мұздықтары мен тұма бұлақтан алатыны секілді, оқуда озат шәкірт ұлы арманға жету жолында білім баспалдақтарымен жоғары көтерілді.
      Білімқұмар шәкірт «Көкірегі сезімді, көңілі ойлыға бәрі анық» деген қазақтың бас ақыны, хакім Абайдың сөзімен қаруланып, білім көкжиегін бағындыруға бар күшін жұмсады. Расында да, ХХІ ғасырда көзі ашық, көкірегі ояу жасқа бәрі ұғынықты, бәрі түсінікті, тіпті, мақсаттары да айқын. Мақсаты айқын ұғымтал ұлан  Калижан Жібек қазіргі таңда 6-сыныпта білім баспалдақтарымен біртіндеп жоғарылауда.
      Білім бәйгесіне қатысып, бағын сынап жүрген білімпаз шәкірт Жібек Сакенқызы - 1-сыныптан бастап үлгілі тәртібімен үздік оқуымен дараланып жүрген озат оқушы. Ол жыл сайын «өте жақсы» оқығаны үшін Мақтау қағаздарын иемденіп жүрген оқу үздігі, сынып белсендісі, мектебінің мақтанышы. Бастауыш сынып оқушылары арасында өткен  Математика пәнінен қашықтық Республикалық олимпиадада ІІІ дәрежелі Дипломымен марапатталды.
       Еңбек жоқ жерде, жеңіс жуымайтынын білетін білімпаз шәкірт Республикалық Ұлттық  интернет олимпиада сайты Бастауыш сынып Математика пәнінен ұйымдастырған қашықтық олимпиадасына қатысқаны үшін Сертификатын және Ұлы Жеңіске арналған Мәнерлеп оқу сайысының Мадақтамасын иемденген.
«Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ» дегенді қуаттайтын ізденімпаз Жібек Республикалық Ұлттық   интернет олимпиада сайты Бастауыш сынып Орыс тілі пәнінен ұйымдастырған қашықтық олимпиадасының І дәрежелі Дипломымен марапатталады.
Руханиятқа, өнерге жақын өнерлі өрен Білім негізі – бастауышта» атты апталық бойынша «Шеберлік – еңбектің қайнар көзі» көрмесінен І орын алып, Мадақтама иемденеді.
      «Адамның ең үлкен игілігі – жастан үйренген білім және нәтиже. Білім қонған адамға өнер де дариды. Білім мен өнер бір арнаға тоғысса, бақыттың есігі кеңінен ашыла түседі. Республикалық ғылым мен өнерді қолдау «Тіл, өнер-білім орталығы ұйымдастырған Республикалық «ӘДЕБИЕТ ӘУЕСҚОЙЛАРЫ» атты Мәнерлеп оқу байқауының І дәрежелі Диплом иегері.
      Республикалық «Ғұмырдария» балалар мен жасөспірімдер арасындағы ән-би және өнер байқауының «Аспапта ойнау» номинациясы бойынша Лауреат атанып, ІІ дәрежелі Дипломды марапат қоржынына салды.
      «Талаптыға нұр жауар» дегендей, Сакенқызы Жібек – «Өзін-өзі тану, махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндікте «Асыл ана, туған күніңізбен!» тақырыбы бойынша құттықтаулар жолдаудан І орын алған жеңімпаз.
      Тегінде адам баласы бір-бірінен білім-ғылым арқылы озатынын жақсы ұғынатын зерделі шәкірт «Инфоурок» жобасы аясында өткен (қыс маусымы 2015-2016) Орыс тілі пәні бойынша берілетін 15 ұпайдан 15 ұпай жинап, І орын мен Диплом иегері атанды. Сондай-ақ «Русский медвежонок – языкознание для всех» конкурсына қатысып, Сертификат иемденді.
       «Талаптан да білім үйрен» дейтін ұлы халықтың  ізбасары, талапшыл, ұғымтал шәкірт Жібек www.nio.kz Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиада сайты Қазақ тілі  пәнінен ұйымдастырған қашықтық олимпиадасының жүлдегері атанып, І дәрежелі  Дипломмен марапатталды. 
      «Бір адамға байланысты, бір адамның бақыты мен болашағы» дегендей осыншама жетістікке жетуіме ұстаздарымның қосқан үлестері зор. Ұстаздарымның қолдауымен, дұрыс бағыт-бағдар бергендіктен білім бәсекелерінде жеңіске жетіп келемін», - деп ағынан жарылған Сакенқызы Жібек барша ұстаздарына шексіз алғыс айтады.
      Бос уақытында сурет салып, өзге тілді жете түсініп, ағылшын тілін үйренуге жұмыс істейді. Түрлі деңгейдегі энциклопедияларды оқиды. Болашақта білім ошағын алтын белгімен тәмамдап, жоғары оқу орнына түсіп, өз ісінің білікті маманы болуды мақсат еткен жастың келешегінен дүйім ел зор үміт күтеді. 
 
      Кез келген адамның өз арманы болады және сол армандарға жету үшін алдына үлкен мақсаттар қояды.   арманына жету үшін талпынып, қолынан келгеннің бәрін жасауға қалыптасқан. Арайлы ару Калижан Жібектің арманы – ақ халатты абзал жан, адам жанының арашасы дәрігер болу. Сонымен қатар бизнес әлемін бағындырып, танымал кәсіпкер болу. 

      Арман алдамайды. Ол алысқа жетелейді. Арман асуына бет алған бағдаршамың жарық, межелі жеріңе адастырмай жетелесін, ойлы жас Калижан Жібек! 
 
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости