Адамбек Назым мен Әсел

Рейтинг:

«БІР ҮЙДІҢ ҚОС ҚЫЗҒАЛДАҒЫ»
 
      Қатар жанған қос шырақтай жарқырап, бір отбасын нұрландырып жүрген Адамбек Назым мен Әсел – жанұяның үкілеген үміті, ертеңге деген сенімі. Қос қызғалдақтың үлкені Назым Серікқызы 2010 жылы 5 наурызда, ал сіңілісі Әсел Серікқызы 2013 жылдың 22 наурызында өмірге келген. Ажарына ақылы сай қыздар шырайлы Шымкент қаласында туылып, жылуы мол жанұяда тәрбиеленуде. Қыздардың ардақты әкесі Берданов Серік Адамбекұлы – жеке кәсіп иесі, мейірімі мен шуағы мол анасы Мырзабаева Гулбану Бекжанқызы – №13 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі қызметінде. Қос шынардың ізінен ерген інісі Адамбек Нұртілеу – 2 жасар  балдырған, балабақша тәрбиеленушісі. Бауырлар өзара өте тату, ұйымшыл. Назым мен Әсел – «Білгенімнен білмегенім көп» деген қағиданы басшылыққа алып, көп білуге, үйренуге ынталы өрендер. Шымкент қаласындағы «Арман» балабақшасында таным көкжиегін кеңейтіп, әдеп әліппесін меңгерген Назым мен Әсел – бүгінде  мектеп оқушылары. Қазіргі таңда білімге құштар Адамбек Назым №23 мектеп-лицейінің 4 «В» сыныбының үздік оқушысы қатарында болса, Адамбек Әсел 1 «Ж» сыныбында білім алуда. Назым мен Әсел  балабақша қабырғасынан бастап белсенділік танытып келеді. Математикаға қабілетті қыздар есеп шығаруға жүйрік. Руханият әлеміне, өнерге жақын қос шынар балет өнерін меңгеруде. Өнерлі өрендердің кемел келешегінде өмірге кірпіш болып қаланатыны сөзсіз.      Назымның жетістігі: 1-3 сыныптарды өте жақсы оқығаны үшін Мақтау қағаздарымен марапатталған үздік оқушы, сыныбының мақтанышы. «Кенгуру-математика для всех» Республикалық интеллектуалдық конкурсының, Халықаралық «Пони» турнирінің, «Ақ бота» интеллектуалдық марафонының Сертификаттары иегері. «Ақ бота» интеллектуалдық марафонынан ІІ орын алып, Диплом иемденген. Білімқұмар балаларға арналған Республикалық «Үркер» зияткерлік марафонының қатысушысы Сертификаты иегері. 2019 жылы «Снежная Зарница» Мәскеу математикалық олимпиадасына қатысып, білімпаз шәкірт ІІІ дәрежелі Диплом иегері атанды. «Көктем аруы – 2019» байқауының «Өнерлі ару» номинациясын иемденіп, Мадақтамамен марапатталған өнерпаз шәкірт.      Сүйікті ісі: Сурет салу, ән айту, би билеу, анасына көмектесу.
      Арманы: Грант негізінде жоғары білім алып, білікті дәрігер, жақсы маман атану. 
      Сүйікті ісі: Кітап оқу, есеп шығару, сурет салу, музыка тыңдау.
      Арманы: Фотомодель, ұшқыш мамандықтарын игеру, танымалдыққа жету.

Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Нұрасыл- 10 декабря 2022 17:09
ммм такой красивый,недеген әдемі бұлар қай жақтың қыздары

Последние новости